Сабақтың ортасы
3- 10 мин
11 -15 мин
16- 27 мин
28-31 мин
32- 38 мин
|
«Ой қозғау»
Тәжірибе: Оқушылардың алдарыңа түрлі заттардан жасалған кішігірім денелер таратамыз: шеге, ағаш білеуше, скрепкалар, кномпкалар, бор, өшіргіш т.с.с.
Берілген денелерді жұпта ақылдасып жіктеңіздер, оқушылар ойлана отыра жіктейді.
Сұрақ: денелерде неше топқа жіктедіңіздер, жіктеу барысында қандай принциптерді басшылыққа алдыңыздар, неліктен дәл осылай жіктедіңдер.
Тапсырма: Төмендегі берілгендерді екі кестеге дұрыс бөліп қарастыр: кітап, пышақ, болат, алюминий, ұшақ, қайшы, қасық, қалам, шыны, қорғасын, алтын, фарфор, сақина, темір.
Тақтаға екі бағанды кестені сызып қоямыз: оқушылар әр қайсысы осы кестені толтырады.
Еске түсіру: Денелер әртүрлі заттардан құралады, мысалы пышақ, ол темір және ағаш заттардан жасалады, т.с.с. Заттың үш күйі.
Күтілетін нәтиже:
Зат
|
Дене
|
Болат, алюминий, шыны, қорғасын, алтын, фарфор, темір
|
Кітап, пышақ, ұшақ, қайшы, қасық, қалам, сақина
|
Жетістік критерийі:
Дағды
|
Критерий
|
Білу және түсіну
|
Зат және дене түсініктерін ажырата алады.
|
Оқушылар бүгін біз сабақта түрлі тәжірибелерді қарастырудамыз, физикалық тәжірибелерде бақылаулар мен өлшеулер жиі пайдаланылады. Берілген денелерді пайдаланып, қандай физикалық шамаларды өлшей аламыз?
Күтілетін нәтиже: оқушылар ұзындық, көлем, аудан, (денелердің жеңіл, ауыр, үлкен, кіші деген де жауаптар болуы мүмкн), масса т.с.с.
Онда бүгінгі сабақтың тақырыбы «Масса және дененің массасын өлшеу».
Осыған орай оқу мақсаты: таразылардың (электронды, серіппелі, рычагты) көмегімен дененің массасын өлшеу.
«Мағынаны тану»
Оқушыларға масса ұғымын енгізу, белгіленуін, өлшем бірлігін қарастыру.
«Мағынаны ашу»
Оқушыларды түрлі таразылармен таныстырамыз: электронды, серіппелі және рычагты таразыларды ұсынамыз.
Тәжірибе: сыныпты топқа бөлеміз, әр топқа тапсырма және құралдар мен түрлі денелер ұсынамыз.
Берілген денелердің массасын анықтаңыздар.
1) Электронды таразымен қандай денлердің массасын анықтау жеңіл болады _____________________________________________________
2) Иіндік (рычагты) таразыны қолдана отырып ____________________
3) Серіппелі таразыны қолданып ________________________________
Қандай таразымен өлшеу дәлірек болады? Неліктен?________________
____________________________________________________________
Еске түсіру: құрал қателіктері. Сұрақтардың жауаптарын топтардан жеке-жеке ауызша сұрау арқылы тексеруге болады.
Өлшеген денелердің ішінде бес денені жазыңыздар.
Кітап: m=____кг_______________
Өшіргіш: m=___г______________
Бір скрепка: m=_____мг_________
Шеге: m=_____г_______________
Темір білеуше: m=____кг________
Осы денелердің массасын өсу реті бойынша жаз.
Әр топ өз жұмыстарын келесі топқа ұсынылады, топтар бір-бірін тексеріп, бағалайды.
Жетістік критерийі:
Дағды
|
Критерий
|
Білу және түсіну
|
Қандай таразымен қандай денелерді өлшеу қажеттігін дұрыс анықтайды;
|
Қолдану, талдау
|
Қандай таразымен өлшеу дәлірек болатындығын дұрыс анықтау, дәлел келтіре алады;
|
Қолдану, талдау
|
Дене массасын 1 кг массаның бірлігі ретінде шартты түрде қабылданған эталон массасымен салыстыру арқылы анықтайды;
|
Білу және түсіну, талдау
|
Дене массаларын өсу ретімен дұрыс орналастыра алады.
|
Тапсырма:
Жеке жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар:
А:
1) Суретте берілген денелер әр түрлі заттан жасалған, бірақ көлемдері тең. Денелердің массаларын салыстырыңыз:
2) Суретте бірдей заттан (ағаштан) жасалған, көлемдері әртүрлі екі дене берілген. Олардың массалары туралы қандай тұжырым жасауға болады.
В:
1) Массалардың төменде берілген мәндерін мг, г, кг, ц, т арқылы өрнектеңдер:
шыбын қанатының массасы 0,00005 г, хоккей шайбасы 0,16 кг, африкалық пілдің массасы 6 т.
С:
Мына берілгендерді ықшамдап, стандарт түрінде жазыңдар:
Айдың массасы
|
7350000*1019 г
|
Жердің массасы
|
597600*1016 т
|
Марс планетасының массасы
|
63345*1017 ц
|
Күтілетін нәтиже:
А:
1) Берілген көлемдері бірдей денелер түрлі заттардан жасалған және бірінші дененің массасы екіншісіне қарағанда көп.
2) Берілген бірдей заттан (ағаштан) жасалған, көлемдері әртүрлі екі дененің өайсысының көлемі үлкен соның массасы үлкен болады.
В:
1) Шыбын қанаты: m=0,05 мг=0,00005 г=0,5*10-7 кг=0,5*10-9 ц=0,5*10-10 т.
Хоккей шайбасы: m=1,6*105 мг=1,6*102 г=0,16 кг=1,6*10-3 ц=1,6*10-4 т.
Африкалық пілдің массасы: m=6 т=60 ц=6 000 кг=6*106 г= 6*109 мг.
С:
Айдың массасы: m=7350000*1019 г =7350000*1016 кг=7,3*1022 кг.
Жердің массасы: m=597600*1016 т =597600*1019 кг=6,0*1024 кг.
Марс планетасының массасы: m=63345*1017 ц =63345*1019 кг =6,3*1023 кг.
Жетістік критерийі:
Дағды
|
Критерий
|
Талдау
|
Көлемдері бірдей денелердің массасын салыстыра алады;
|
Талдау
|
Көлемдері әр түрлі, бірақ заттық тегі бірдей денелердің массасын салыстыра алады;
|
Қолдану
|
Массаның ХБЖ-дегі негізгі өлшем бірліктерін біледі және массаның үлестік және еселік бірліктерін қолдана алады;
|
Қолдану
|
Үлкен сандарды ықшамдап, стандарт түрде жазады.
|
Тапсырма соңдарында жетістік критерйі мен әр тапсырманың дұрыс жауаптары ұсынылады. Оқушылар өз жауаптарын дұрыс жауаптармен салыстырып, тексерулері тиіс.
|
Кішігірім денелер жиынтығы
Таратпа материалы №1
Презентация
Таратпа материалы №2
Таратпа материалы №3
|