Сабақ тақырыбы Механикалық жұмыс. Механикалық жұмысты есептеу



Дата05.05.2023
өлшемі1.41 Mb.
#473247
түріСабақ
7 сынып ҚМЖ. Механикалық жұмыс және қуат


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Жұмыс және қуат

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Механикалық жұмыс. Механикалық жұмысты есептеу.







Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.3.1 механикалық жұмыстың физикалық мағынасын түсіну.
7.2.3.3 A=Fs, формуласы бойынша механикалық жұмысты есептеу.



Сабақ мақсаттары

Механикалық жұмысты толық сипаттай алады. Мәліметтерді пайдалана отырып жұмысты анықтай алады

Бағалау критерийлері

Оқушы:
Механикалық жұмыстың физикалық мағынасын түсінеді.
- механикалық жұмысты анықтайтын формуланы біледі;
- механикалық жұмыстыӊ өлшеу бірлігін біледі;
- оӊ және теріс механикалық жұмысты ажырата алады
Практика жүзінде жұмысты анықтап, оның күшке тәуелділік графигін тұрғызады

Тілдік мақсаттар



Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсінулері және қолдана алулары керек: масса, векторлық жылдамдық, күш, энергия, кинетикалық энергия
Арнайы пәндік лексика және терминология:

Механическая работа

Механикалық жұмыс

mechanical work

Характеристика скорости

Жылдамдық сипаттамасы

characterization of speed

В единицу времени

Уақыт бірлігінде

In the unit time

Полезная работа

Пайдалы жұмыс

Useful work

Сила тяги

Тарту күші

traction force

Положительная работа

Оң жұмыс

positive work

Отрицательная работа

Теріс жұмыс

negative work

Работа не совершается

Жұмыс атқарылмайды

Work not performed

Работа равна нулю

Жұмыс нөлге тең

Work is equal to zero

По направлению движения

Қозғалыс бағыты бойынша

The direction of travel

Работа силы тяжести

Ауырлық күштін жұмысы

Work gravity

Работа силы трениия

Үйкеліс күштін жұмысы

Work friction

Диалогқа/жазуғақажеттісөзтіркестері:
Қандай доп үлкен ……. ие?
………. қалай өзгерді?
Егер ….. орын алса іс-әрекетпен не болатындығын болжамдаңыз…..

Құндылықтарды дарыту



Оқушылар оқу үдерісінде бақылау жүргізуге, топтастыруға, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру мен оларға түсінік беруге үйрету. Ойлау арқылы жасалатын іс-әрекеттегі қиындықты жеңуге деген талпынысын ояту, физика қызығушылығын арттыру.
Танымдық дамуын жетілдіру үшін қызығушылығы мен білуге деген талпынысын арттыру.

  • Оқушылардың белсенділігін арттыру;

  • Коммуникативтік дағдысын жетілдіру

  • Мақсатқа жету, табандылық, төзімділік қасиеттерін қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Математика, тарих пәндерімен байланыс

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаның мүмкіншіліктерін тиімді қолдану.

Бастапқы білім


Күштер, жол, уақыт күштерді графикте кескіндеу


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру



ТМ1

Сабақтың ортасы

Білу

Түсіну

Қолдану














Проблемалық сұрақ:
Барлық жағдайларға ортақ нәрсе не?
Күтілетін жауап: жұмыс денеге түсірілген күш әсерінен атқарылады, және осы кезде дене орын ауыстырады.

Сабақтың тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру


Мысалдары негізге ала отырып, жұмыстың анықтамасын беру және тұжырымдау
Топтық жұмыс.
Оқушылар күшті өзгерте отырып, атқарылған жұмыстың қалай өзгеретінін зерттейді. білеушені динамометр көмегімен белгілі бір қашықтыққа қозғайды. Қашықтық пен қажетті күш өлшенеді. Массаны өлшеу үшін білеушеге гірлер салынады. Оқушылар әр жағдай үшін атқарылған жұмысты есептейді.
1 – топ. Күш пен жұмыстың арасындағы тәуелділік графигін тұрғызады.
2- топ. Жұмыстың жүрілген жолға тәуелділігін зерттейді.
1 топ тапырмасы. Бұл жұмыста сендер күш пен жұмыстың арасындағы тәуелділікті зерттеп, графигін тұрғызасыңдар
Мақсаты:_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Зерттеу жұмысының барысы:


Кесте



S/

F/

A/

















































Механикалық жұмыстың күшке тәуелділік графигі

Қорытынды


2 топтың тапсырмасы.
Бұл жұмыста сендер орын ауыстыру мен жұмыстың арасындағы тәуелділікті зерттеп, графигін тұрғызасыңдар
Мақсаты:_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Зерттеу жұмысының барысы:
Кесте



S/

F/

A/



















































Механикалық жұмыстың орын ауыстыруға тәуелділік графигі



Қорытынды
Топтық жұмысқа арналған критерийлер бойынша топтар бірін бірі бағалайды


Презентация



динамометр, білеуше, жүктер, рулетка

Сабақтың соңы



Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- не артық болды?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?
Үйге тапсырма:
1. Егер әр қадам аттаған кезде орта есеппен 20 Дж жұмыс атқарылса, мектептен автобус аялдамасына дейін жүріп барғанда қандай жұмыс атқарылатынын есептеңдер.
2. Көрші қабаттар арасындағы баспалдақпен көтерілген кездегі атқаратын жұмыстарыңды анықтаңдар. Қабаттар арасындағы қашықтықты метрлік белгісі бар тіктеуіштің (рулетка) көмегімен анықтаңдар, ал массаларыңды таразы көмегімен анықтаңдар.



Сабақ бойынша рефлексия

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқу мақсаттары сабақ үдерісінде басты назарда болды. Сабақ басында оқушылар суреттегі мысалдар арқылы сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттарын ашты. Сабақ соңында оқушылардың оқу мақсаттарына қандай дәрежеде жеткендігін білу мақсатында топта практикалық жұмысты орындау тапсырмасы берілді. Оқушылар өз ойларын тиянақты, физикалық тұрғыда түсіндіруге тырысты. Жоспарға ешқандай өзгерістер енгізгенім жоқ.

Жалпы баға
Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)
1:ұйымдастырушылық – іс-әрекеттік мақсаттар: өзіндік оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыра білу дағдыларының болуы; мақсат қоя білу; іс-әрекетті жоспарлау; топта жұмыс жасау дағдысын дамыту. Мысалы,
тақырыптың негізгі түсінігі мен заңдарын;
тақырып бойынша өз бетімен зерттеу жасау, яғни механикалық жұмыстың күш пен орын ауыстыруға тәуелділігін тексеруі;
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізеді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

  1. оқушылардың график тұрғызу дағдысын дамыту;

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
Мұғалім сабақта жоспарлау барысында ең алдымен оқушының іс-әрекетін жоспарлайды; бұл іс-әрекет оқушылардың мүмкіндіктерінің деңгейі ескере отырып әртүрлі болуы керек және жалпы білім алу білігінің қарапайым компетенциясын қалыптастыруға бағытталады.Сабақтың 80%-ында мұғалім емес оқушы сөйлеу және іс-әрекеттерді орындауы керек. Мұғалім – ұйымдастырушы, сабақтың дирижёрі, оның іс-әрекеті неғұрлым аз болса, соғұрлым оқушылардың жетістігі жоғары болады.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет