Сабақ тақырыбы: Мектебім-мейірім мекені Сабақтың мақсаты



Дата05.09.2023
өлшемі20.73 Kb.
#476621
түріСабақ
тәрбие сағаты Мектебім мейірім мекені




Мектеп:

Ш.Бекмұхамбетова атындағы МГ

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Аманжолова А

Күні:01.09.23

4 қыркүйек 2023 жыл

Сынып:11 «А»

Қатысушылар:34

Қатыспағандар саны:-

Сабақ тақырыбы:

Мектебім-мейірім мекені

Сабақтың мақсаты:

Мектептің білім ордасы ретіндегі маңызын түсіндіру;
Мейірімділік, оқу-білім туралы өз ойларын ортаға салғыза отырып, білімқұмарлыққа шақыру.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт



Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


5 минут

Психологиялық ахуал туғызу
Сәлемдесу. “Амандасу” тренингі
Оқушылар дөңгелене отырады. Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі бейнеленсе, онда бір - бірімізге күлімсірей қараймыз, қол бейнеленсе - қолымызды қысып амандасамыз, күн бейнеленсе - жақсы ықыласпен сәлемдесеміз, жүрек бейнеленсе – құшақтасамыз.



Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беріп, диалогқа қатысады. Сыныпта жағымды ахуал қалыптасады.



ҚБ
Мадақтау, қолдау



Слайд

Сабақтың ортасы
20 минут

Тақырыпқа назар аударылады.
«Мектебім-мейірім мекені»
-Осы тақырып туралы не айтуға болады? Қандай сөздер түсінікті? Қай сөздермен жұмыс жасауымыз керек деп ойлайсыңдар?
Ақын-жазушыларымыз оқу-білім туралы не айтқанын есімізге түсірейік.
Тақтадағы көрнекіліктермен жұмыс жасау:
-Мектепте кімдер жұмыс жасайды?
-Оқушылар өздерін қалай ұстау керек?
-Бүгін қандай күн? Несімен ерекше?
-Мектептен не үйреніп жатырсыңдар?
-Білімқұмарлықты қалай түсінесің?
2.Тыныштық сәті
Балалар көзімізді жұмып, біраз демалып жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, қайырымдылық пен ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз және біз жазғы демалысымызда не жасадық, қандай істер атқардық сол туралы айтатын боламыз.
(Кубик сұрақтар)
Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісі аңқыған көгінде күн күлімдеп, әлемге жылы шуағымен, мейірімділік шашуда. Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда достарымыз, олар ерекше адамдар, олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз. Себебі , бұл жердегі тіршілік атаулының барлығы бір-біріне мейірімділікпен назар аударады. Сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге қонып, жан-дүниемізді осы жақсы сезімге толтыруда. Ал енді балалар осындай жылы сезімді жүрегімізге орнатып, мәңгі есімізге сақтаған қалпымызбен, терең дем аламыз, көзімізді ашамыз. Адамдар осы әлемдегідей бір-біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап, қайырымдылық жасап жатса, қандай жақсы болар еді.
3.Қандай өзгерістерді сезіндік?
Мейірімділік деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
«Қайырымдылық», «жанашырлық» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
Сынып оқушыларының қорытынды сөзі

Тақырыпқа назар аударады.Мағынасы бойынша өз ойларын айтады.


Қойылған сұрақтарға жауап берді. Өткен сыныптағы материалдар бойынша білім, оқу, мектеп туралы шығармаларды еске түсіреді.


Мәтінді тыңдайды. Талдайды.Өз ойын қосады.Ақсақалдың сұрағына жауап іздейді.


Мұғалімнің қойған сұрақтарына да жауап іздейді.

Сұрақтарға жауап береді.

Топтастыру құрастырады.


ҚБ: «Комплименттер бұрқасыны»


ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.


Смайликтер тарату
ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.
Смайликтер тарату

ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.


Смайликтер тарату

ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.


Смайликтер тарату

Слайд

Суреттер

Мәтін

Мәтін



Стикер
маркер



Сабақтың соңы
5 минут

«Жест» әдісі арқылы кері байланыс алу.
Рефлексия:
«БББ» әдісі
Қорытындылау

Өзара келіскен жест бойынша кері байланыс береді.
Кестені толтырады

ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.
Смайликтер тарату

Стикерлер қалам


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет