Сабақ басы
Сабақ ортасы
|
Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпта жағымды психологиялық ақуал туғызу .
Топқа бөлу.
Логикалық ойлауға негізделген ойсергектер арқылы жағымды көңіл-күй орнату: Сыныпқа қоңыраудан ерте келіп, шырпылардан құрастырылған есептерді тақтаға іліп қоямын. Және де сыныптан осы есепті шешуге көмек сұраймын.
1 шырпының орнын ауыстырып, теңдеудің екі жағын теңестіріңіз:
Логикалық тапсырманы орындаған оқушыларды «жарайсың», «өте керемет», «ойың не деген жүйрік» деген секілді мадақтаулар айтып, ішкі уәждерін көтеремін.
Үй тапсырмасын сұрау: оқушылар дәптерлерін алмастырып интерактивті тақтада көрсетілген дұрыс жауаптар арқылы бір-бірін бағалайды.
Өткенге шолу, сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа тақырыпты ашу:
1. Құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдік. (теңдеу)
2. Ең кіші натурал сан. (бір)
3. Қандай сөзді латыншадан аударғанда «тұрған орны» деген мағынаны білдіреді? (позиция)
4.Барлық өлшемдері тең тік бұрышты параллелепипед. (куб)
5. Жазықтықтағы геометриялық фигуралардың барлық қабырғалары ұзындықтарының қосындысы. (периметр)
6. V=abc (көлем)
|
Т
|
е
|
ң
|
д
|
е
|
у
|
|
|
б
|
І
|
р
|
|
п
|
о
|
З
|
и
|
ц
|
и
|
я
|
|
к
|
у
|
Б
|
|
|
п
|
Е
|
р
|
и
|
м
|
е
|
т
|
р
|
|
К
|
ө
|
л
|
е
|
м
|
|
Жауап берген оқушыларды түрлі мадақтаулар айтып бағалаймын.
Оқу мақсатын ашу үшін оқушылармен бірге күнделікті өмірден сандар заңдылықтарына байланысты мысал келтіреміз.
Мысалы: көшедегі үйлердің нөмірлеріне (көшенің бір жағындағы үйлердің нөмірлері тақ, келесі жағындағы нөмірлері - жұп)
Оқушылар үйлердің реті, тізбектің мүшелер екенін, тізбектің қандай да бір заңдылықпен тұрғанын байқайды. Оның формуласын тауып, тізбек ұғымы туралы түсініктері қалыптасады.
Топқа бөлу. Сандар арқылы топқа бөлінеді: оқушылар санына қарай алдын ала дайындалған тізбектің мүшелерінің сандары жазылған кілттерді таратамын, сол бойынша топтасады.
Топпен жұмыс. «Өкіл» әдісі бойынша. Берілген тапсырмаларды орындап болған соң, әр топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы басқа топтың қандай шешімге келгенін білу мақсатында келесі топтарға барып, өз тобына оралғанда алған мәліметтерімен бөліседі. Белсенді топ мүшелерімен, алғыр «елшілерді» мадақтап, стикерлер беріп отырамын. Сонымен қатар көмек керек оқушылардың жанына барып, бағыт-бағдар бере отырып, оларды да ынталандырамын.
«2n» тобына
7; 14; 21; 28; 35; ... осы натурал сандар тізбегінің формуласын жазыңдар.
«14n» тобына
4-ке бөлгендe қaлдығы 1-гe тeң бoлaтын нaтуpaл сaндap тiзбeгiнiң фopмулacын жaзып, тізбек құрыңдар.
«2n+1» тобына
Сaндap miзбeгiнe aнықmaмa бepiңiз.
Сергіту сәті. «Айна» әдісі
Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.
Оқулықпен жұмыс.
№143. Сандар тізбегінің заңдылығын анықтап, оның n-ші мүшесінің формуласын жазыңдар:
1) 1; 4; 9; 16; 25; ...; an ;...; an =? an =n2
2) 0; 3; 8; 15; 24; ...; хn ;...; хn =? xn = хn-1 +2n+1
Дескриптор
|
Ұпай
|
Сандар тізбегінің заңдылықтарын анықтай алады.
|
1
|
Санның дәрежесін, арифметикалық амалдарды қолдана біледі.
|
1
|
Формула құрып біледі.
|
2
|
№144. 1; 3; 9; 27; 81; ... сандар тізбегінің құрастыру ережесін ойлап тауып, оның келесі үш мүшесін жазыңдар.
an =3n; 1; 3; 9; 27; 81; 243; 729; 2187
Дескриптор
|
Ұпай
|
Сандар тізбегінің заңдылықтарын анықтай алады.
|
1
|
Санның дәрежесін анықтай біледі.
|
1
|
Формула құрып біледі.
|
2
|
Формуланы пайдаланып, сандар тізбегінің келесі мүшелерін жаза алады.
|
1
|
Саралау тапсырмалары:
1) Тізбектердің заңдылықтарын анықтаныз
1; 5; 9; 13; 17; …
|
Әрбір алдыңғы мүшесіне 4 санын қосу.
|
10; 19; 37; 73; 145;…
|
Әрбір алдыңғы мүшесіне сол саннан 1-ді азайтып, содан шыққан санды қосу.
|
6; 8; 16; 18; 36; …
|
Әрбір алдыңғы мүшесіне 2-ні қосу және 2 еселеу кезекпен орындалады.
|
2) 7-ге еселік 100-ге дейінгі сандардың қосындысын тап
Жауабы: 735
Кері байланыс: «Сұрақтар әлемі» әдісімен.
1. Сандар тізбегі дегеніміз не?
2. Сандар тізбегін құрайтын сандар қалай аталады?
3. Тұрақты сандар тізбегіне мысал келтір.
Үйге тапсырма: №141, №142 есептер. Фибоначчи сандары туралы дереккөздерден қарап келу.
|
парақшалар, үй тапсырмасының жауабы жазылған таблица, интерактивті тақта, смайликтер
Сандар жазылған кілттер
Флипчарттар, маркерлер
Карточкаға жазылған дескрипторлар
Есептер жазылған карточкалар
|