Қосымша мәлімет . Секен Тұрысбеков: «Күй қасіреттен, үлкен ойдан туады.»
«Көңіл толқыны» күйінің дүниеге келу тарихы: «Күй 1985 жылы ойыма оралып, 1987 жылы жарыққа шықты. Ол Мәскеуде өткен дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінде ойыма келген - тін. Ол кез қасіретке шомып жүрген уақытым еді, Анар, Жанар есімді қос құлыншағымнан айрылғанда жазылған дүние болатын. Табиғаттың нөсер жауынынан кейін көлшікке тамған тамшыны ырғақ еттім. Ішкі - сыртқы құбылыстардың, сезімдердің бәрі қабысып келіп, өзінің шешімін тапқандай болды. Алғашында ол өзіме «күй - этюд» сияқты болып көрінді. Іштегі шер жатпайды екен. Ылғи «Қасіреттіден ғана қасиетті өнер туады» деп айтып жүретінмін. Менің аңғарғаным, сенің ішіңнен, жүрегіңнен, жаныңнан шыққан дүние жұрттың да жүрегіне жетеді екен.»
Кері байланыс: «Бүгінгі сабақтан алған әсерім…”
Үйге тапсырма. “Білу ”, «Түсіну» тапсырмаларын орындау
Бағалау.
.
|
АКТ, Интернет сайттары, википедия беттері, Қазақ энциклопе-диясы,
жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық.
|
Достарыңызбен бөлісу: |