Сабақ тақырыбы: Тізбектер. Құрамында бүтін көрсеткішті дәрежелер бар тізбектер



бет1/4
Дата04.03.2024
өлшемі106.56 Kb.
#494176
түріСабақ
  1   2   3   4
7 сынып Тізбектер. Құрамында бүтін көрсеткішті дәрежелер бар тізбектер

Қысқа мерзімді жоспар





Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
7.1В Бүтін көрсеткішті дәреже

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:



Тізбектер. Құрамында бүтін көрсеткішті дәрежелер бар тізбектер



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.3.1 санды тізбектер туралы түсінігі бар;
7.2.3.3 құрамында бүтін көрсеткішті дәрежелер бар тізбектердің заңдылықтарын анықтайды және жетіспейтін мүшелерін табады;
7.2.3.2 заңдылықтарды жасайды және санды тізбектерді құрайды;

Сабақ
мақсаттары

Оқушылар санды тізбектер туралы түсінік ала отырып, заңдылықтарды жасайды және санды тізбектерді құрайды.
Оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдіру, өз жетістігін бағалай білуге, ойлау қабілетінің дамуына ықпал жасау.

Бағалау
критерийлері

Тізбек заңдылығын сипаттаса және белгісіз мүшелерін дұрыс анықтаса;
Заңдылық/ жалпы мүшенің формуласы бойынша тізбектің мүшелерін дұрыс тапса.

Тілдік
мақсаттар

Оқушылар:

  • бүтін көрсеткішті дәреженің мәнін есептейді;

  • дәреженің қасиеттерін пайдаланып, дәрежелермен амалдар орындайды;

  • санның стандарт түрі ұғымын, оның мәнді бөлігі мен ретін біледі;

құрамында дәрежелері бар сан тізбегінің жетіспейтін мүшелерін табады және заңдылығын анықтайды.
Оқытудың тілдік мақсаты
Оқушылар:
- дәреженің қасиеттерін ауызша және жазбаша түсіндіреді;
- санның стандарт түрінің мағынасын түсінеді;
- тізбектің көрсетілмеген мүшесін ауызша болжап, өз таңдауларын негіздейді;
- пәндік лексиканы, терминологияны, символиканы сауатты қолданады.
Бөлім бойынша лексика және терминология
- дәреженің негізі;
- дәреже көрсеткіші;
- натурал көрсеткішті дәреже;
- бүтін көрсеткішті дәреже;
- дәрежеге шығару;
- көбейтіндінің дәрежесі;
- бөліндінің дәрежесі;
- дәрежелердің көбейтіндісі;
- дәрежелердің бөліндісі;
- дәрежені дәрежеге шығару;
- санның стандарт түрі;
- стандарт түрде жазылған санның мәнді бөлігі мен реті;
- заңдылық, тізбек, тізбектің элементі



Құндылықтарды дарыту



белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы; 
- индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы; 
- өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту; 
- шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет