Сабақ тақырыбы Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш



бет1/5
Дата27.04.2024
өлшемі1.7 Mb.
#500020
түріСабақ
  1   2   3   4   5
yTQ9i0YTrRJbsgRUGqXo9JiKLax9sPR3xBGaM6b0


САБАҚ ЖОСПАРЫ



Пән

Геометрия



Мұғалім

Буркенов Наркен Советканович

Мектеп, сынып

ФМБ НЗМ, 10-сынып

Сабақ тақырыбы

Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.5.3.1 кеңістікте арақашықтық пен бұрыштарды табуға арналған практикалық есептерді шешеді

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Практикалық мазмұнды есептерді шешуде кеңістіктегі арақашықтықтар мен бұрыштарды табады.

Бағалау критерийлері

Оқушы

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:
- түзу мен жазықтық арасындағы бұрышты табу үшін ...
- көлбеу, перпендикуляр, көлбеудің проекциясы
- үш перпендикуляр туралы теорема бойынша ...
- түзу мен жазықтыққа перпендикуляр болса, онда ...

Құндылықтарды дарыту



Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жұмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.

Пәнаралық байланыстар

Физикамен байланыс. Күш моменті.

Бастапқы білім



Көлбеу, проекция, перпендикуляр ұғымдарын біледі, Үш перпендикуляр туралы теорема. Түзу мен жазықтық, жазықтықтар арасындағы бұрыш. Айқас түзулер арасындағы қашықтық.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған
іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
0-5 мин



  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.



  1. Қайталау

Өткен тақырыптар бойынша оқушылар қайталау тапсырмаларын орындайды. Ол тапсырмалар тест, сәйкестендіруге арналған. Оқушылар сол арқылы сабаққа қажетті негізгі теориялық материалды қайталайды және сабақтың негізгі бөліміне даярланады.






https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/10-synyp/tuzu-men-zhazyqtyq-arasyndahy-burysh-ekizhaqty-burysh-eki-zhazyqtyq-arasyndahy-burysh



Сабақтың ортасы
5-20 мин

20-38 мин



3. Тапсырманы орындау.
Оқушылар жұпта берілген практикалық мазмұнды тапсырманы орындайды, мұғалім оқушыларға сол уақытта кейбір оқушыларға бағыт-бағдар көмек көрсете алады. Тапсырма аяқталғанда мұғалім оқушыларға тапсырманың дескрипторын ұсынады. Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын өзара бағалайды. Екі жұп кіші топқа бірігіп, өздерінің жауаптарын GeoGebra бағдарламасындағы сызылған сызба бойынша тексере алады.
№1. Алаңдағы баскетбол себеті бір тік орналасқан баған мен екі тіреуіш көмегімен тұр. Екі тіреуіштің әрқайсысының ұзындығы 90 см. Баған еденге перпендикуляр орналасқан.
а) Төмендегі сурет жанынан қарағандағы бейнені көрсетеді.
 ,  .

  1. Тіреуіш проекциясының ұзындығын табыңыз;

  2. Тіреуіштің еденмен жасайтын бұрышын табыңыз.

  3. Егер тіреуіштер арасындағы бұрыш 600-қа тең болса, онда тіреуіш табандарының арасындағы қашықтықты табыңыз;

  4. Т іреуіш табандарын қосатын түзу мен баған арасындағы қашықтықты табыңыз;

  5. Екі тіреуіш арқылы өтетін жазықтықтың еденмен жасайтын бұрышын табыңыз.

Дескриптор:

i

Пифагор теоремасын қолданып, проекция ұзындығын табады




ii

Түзу мен жазықтық арасындағы бұрышты анықтайды




Тригонометриялық қатыстардың бірін қолданып, бұрыштың мәнін анықтайды




Тіреуіштермен жасалған үшбұрышты қарастырады




iii

Табандар арасындағы қашықтықты анықтайды




iv

Айқас түзулердің ортақ перпендикулярын анықтайды




Ортақ перпендикуляр ұзындығын табады




v

Екі жазықтықтың ортақ қабырғасын анықтайды




Ортақ қабырғаға екі перпендикуляр жүргізеді




Екі жазықтық арасындағы бұрышты табады








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет