Сабақ тақырыбы: «Word» іскерлік ойыны. (журнал редакциясын құру)



Дата06.03.2016
өлшемі76.47 Kb.
#44261
түріСабақ
Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы

« Жас ұлан» республикалық мектебі

Сыныптан тыс сабақ

тақырыбы:

«Word» іскерлік ойыны.

(журнал редакциясын құру)

Информатика пән мұғалімі: Ермағамбет Г.Ө.

8 сынып, 1 взвод 2 оқу ротасы

Астана -2015
Сабақтың тақырыбы: «Word» іскерлік ойыны.

Талап, еңбек, терең ой

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс көнсеңіз.

Абай
Сабақтың мақсаты: 1. Ұландарға тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, ой - өрісін жетілдіру, пәнге қызығушылығын арттыру; 

Топпен бірлесіп шешім қабылдап, іскерлік дағдыларын қалыптастыруға жағдай тудыру.  WORD бағдарламаларында сарамандық тапсырмалар орындау.

2. Ұландардың ой - өрісін дамыта отырып, шығармашылыққа, компьютелік сауаттылыққатәрбиелеу.

3. Ұландарды жеке тұлға ретінде еңбекқорлыққа, төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер,презентация, бейне ролик.

Сабақтың әдіс – тәсілі: Баяндау,компьютермен жұмыс.

Сабақ түрі: іскерлік ойын, жоба

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Құрметті оқушылар! «Іскерлік ойын Word» атты іскерлік ойын жобасына қош келдіңіздер! Жобада ұландар топқа бөлініп өз редакция құрады. Әр редактордың өз аттары мен қызметкерлері: бас редактор, бас дизайнері, кореспондент екі бағдарламашысы болады. 

Журнал редакциясына қойылатын талаптар:

Материалдар қазақ тілінде жарияланады. Журнал редакциясы мақалаларды жазу, рәсімдеу және басылымға дайындау барысында авторлардың төмендегідей ережелерді қадағалауын сұрайды:

Мақаланын құрылымында қамтылуы тиіс: мақаланың атауы; автор(лар)дың аты-жөні; атқаратын кызметі; жұмыс істейтін мекеме атауы; қала/аудан; мақаланың мәтіні.

2. Мақаланың атауы ақпаратты және ықшам болуы тиіс.

3.  Мақаланын көлемі А4 форматындағы 5 беттен аспауы тиіс. Шрифт-16 Times New Roman, интервалы -1,0. Жиектері: сол жағы, оң жағы, жоғарғы, төменгі - 2см, кестелер, сызбалар, суреттер мен әдебиеттер тізімі қамтылуы тиіс.

4. Барлық формулалар MS Word мәтіндік редакторындағы «Формулалар редакторы» бойынша терілуі  тиіс.

5. Редакциялық коллегия мақаланын рәсімделуіне қойылатын талаптар орындалмаған жағдайда, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателер болған жағдайда авторға материалдарды қайта өңдеу үшін қайтаруға құқығы бар.
2. «Word» іскерлік ойыны.

І-бөлім: Таныстыру.Әр топ өздерін таныстырып өтеді. (презентация)

Әр топ 5 мин

ІІ-бөлім: Біздің журнал. Топтар өз журнал редакциясының шығу тарихымен таныстырып өтеді.(20 мин)

ІІІ-бөлім: Білім сайсы. Әр топқа тапсырма беріледі.

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу Рейхан Мухаммед ибн Ахмед әл-Бируни . Ендеше, білім байлығын келесі тапсырмаларды орындау арқылы көрсетейік.

Журналисттерге тапсырма (Қате табу)

тапсырма.

Қателерді анықтау

Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықта және қателерді қызыл түспен боя.
Мен компьютермен жұмыс істегенде міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін терезелерге қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, колонкаға құжаттарымды сақтаймын.

Жауабы: 7 қате
Сөзжұмбақ «Пернелер»

1 Әр жерде орналасқан объектілерді ерекшелеу үшін қолданылатын перне? CTRL

2 Бір объектіден келесіге көшу пернесі.TAB

3 Алдыңғы символды өшіру үшін қолданылатын перне?BACKSPACE

4 Кіші әріптерді бас әріптерге және керісінше өзгертуге арналған перне?SHIFT

5 Меңзердің оң жағында тұрған символды өшіруге арналған перне?DELETE








1

















2









3






























4

















5



















IV бөлім. Болашақтың энергиясы

Интерактивті тақтадан «Болашақтың технологиясы» тақырыбында бейне ролик көрсетіледі. Көрсетілгеннен кейін ұландар «болашақтың энергиясы» тақырыбында қысқаша ойларын айтады.

V. Қорытынды: «Жас сарбаз» және «Намыс» журналдарының салтанатты тұсау кесері.

Қосымша


Сұрақтар:
1-ші 10 сұрақ
1. «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті» деп қандай құжатта атап көрсетілген.(Еліміздің ата заңы – Конституцияда)
2. Қазақтарда офицерді қалай атаған? (Сардар)
3. Армия мен флотта жауынгерлердің ұрыстағы және әскери қызмет атқару кезіндегі тарихи тұрғыда қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын қағидалары, салттары мен құқық нормалары.(Жауынгерлік дәстүрлер)
4. Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақ Кеңес Одағы Батыры атағын алды? (100)
5. Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 25-тамыздағы Жарлығымен бекітілген маңызы зор әскери құжат. (Әскери ант)
6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқаратын орталық мемлекеттік орган. (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі)
7. Рейхстагқа Жеңіс туын алғашқы болып қадаған қазақ халқының даңқты ұлы (Рақымжан Қошқарбаев)
8. Бөлімшелер мен бөлімдердің жеке құрамын ұрысты дайындау мен жүргізуге үйрету қалай аталады? (Тактикалық дайындық)
9. Ұлы Отан соғысының басталған күні (22 маусым 1941жыл)
10. Ұрыс барысында әскерлердің жаңа бағытқа ұйымдасқан түрде қозғалып жетуі. (Маневр)

2-ші 10 сұрақ
1. Капитаннан кіші, лейтенанттан үлкен әскери атақ. (аға лейтенант)
2. ЖҰМ деп қандай әскери техника аталады? (Жаяу әскер ұрыс машинасы БТР)
3. Атақты Панфилов гвардиялық дивизиясында рота, батальон, полк, кейін дивизия командирі кызметін атқарған ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес одағының батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы (Бауыржан Момышұлы)
4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы кім? (Президент Н.Ә.Назарбаев)
5. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне қандай әскерлер кіреді (жалпы мақсаттағы күштер, әуе-қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер)
6. Оңтүстік әскери өңірлігі қолбасшылығының штабы қай қалада орналасқан? (Тараз)
7. Жауынгерлік туларды, әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ гауптвахтада және тәртіптік әскери бөлімде ұсталатын адамдарды күзету үшін тағайындалған қаруланған бөлімше қалай аталады? (қарауыл)
8. Адыммен қозғалыс қандай болады. (саптық және жорықтық болады)
9. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс бойынша бас штабының бастығы (Кәрім Мәсімов)
10. Кәсіпқой сержанттарды дайындайтын оқу орны (кадет корпусы)

3-ші 10 сұрақ
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қандай жарғылары бар? (Ішкі қызмет, тәртіптік, гарнизондық және қарауылдық қызметтері, саптық жарғылар)
2. Майор, подполковник және полковник әскери қызметшілердің қандай құрамына кіреді? (Аға офицерлер)
3. Суық қару түрлерін атаңыз.(Қылыш, семсер, найза, пышақ, айбалта, қанжар).
4. Тәуліктік кезекші кімдерден тағайындалады?(Қатардағы сарбаздардан)
5.“ТМ 62М” деген код қандай әскери қаруды білдіреді?(Танкке қарсы мина)
6. Калашников автоматы қай жылы шықты? (1974)
7. 1942 жылы Ленинград блокадасында қалған отандастарына жігер, қайрат беруге арнап жазылған «Ленинградтық өренім» өлеңінің авторы кім?(Жамбыл)
8. Ұлы Отан соғысы неше күнге созылды? (1418күн)
9. Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі (Әділбек Жақсыбеков)
10. Қазақстан Республикасы қарулы күштері қашан құрылды? (7 мамыр 1992 жыл)

Қосымша сұрақтар:
1. Қазіргі армиядағы әскери атақтар? 
(Қатардағы сарбаз, ефрейтор, кіші сержант, сержант, аға сержант, 3 класты сержант, 2 класты сержант, 1 класты сержант, штаб-сержант, шебер-сержант, лейтенант, аға лейтенант, капитан, майор, подполковник, полковник, генерал-майор, генерал-лейтенант, генерал-полковник, армия генералы). 
2. Соғыстың ауыр жылдарында қазақ өнер қайраткерлері госпитальдар мен әскери бөлімшелерде концерттер қойған, майданның алдыңғы шебіне барып, жерасты үйлерінде, палаткаларда, орыс ормандарында «Ах, Самара, городок» әнін бірнеше мәрте шырқап, көпшілік көңілінен шыққан әнші? (Роза Бағланова)
3. Бұл әскери нысандар мина жарылғыш, жарылмайтын, аралас болып сараланады, танкке қарсы жаяу әскерге қарсы, кемелерге қарсы болуы мүмкін. (Инженерлік бөгеттер)
4. Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған, даңқты қазақ ұшқышымыз (Талғат Бигелдинов)
5. Өзіне тапсырылған постыны күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндетті орындайтын қаруланған қарауылды кім деп атаймыз? (Сақшы)
Ұйымдастырушы: Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы, запастағы сержант Түменбаев Д.Қ.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет