№1 Зертханалық сабақ
Тақырып: «Әртүрлі таралу заңдары бойынша кіріс-шығыс сигналдарының генерация » блогын жобалау.
Жұмыстың мақсаты: Сигналды модельдеудегі нақты таралу заңдары: нормалық, біркелкілік, экспоненциалдық және гамма-таралуы бойынша тәжірибелік дағдылану және олардың информативтілігін тексеру.
Күрделі жүйелерді имитациондық модельдеу әдісімен зерттеуде әртүрлі ықтималдылық таралу заңдарымен берілген кездейсоқ өлшемдер және басқада кездейсоқ процестер кеңінен қолданылады. Кез-келген табиғатты кездейсоқ заңдылықтардың негізгі машиналық имитация тәсілі - біркелкілік таралу заңдылығымен алынған кездейсоқ сан тізбегін және оны ары қарай функционалды түрлендіруіне алып келеді.
Осы зертханалық жұмыста үзіліссіз таралудың көп кездесетін келесі модельдеу әдістері қолданылады: нормалық – norm, біркелкілік – rav, экспоненциалдық – exp, гамма заңы- γ.
Генерацияланған сигналдың информативтілігін тексеру келесі түрмен іске асады:келесі түрге ие болатын информативтілік W(2n*2n) матрицасы құрылады:
Uk+2n-1 Uk+2n-2 … Uk
W= Uk+2n Uk+2n-1 … Uk+1
… … … …
Uk+4n-2 Uk+4n-3 … Uk+2n-1
мұнда Uk - уақыт моментіне сәйкес келетін кіріс сигнал, n – жүйе реті. Егер матрица ерекше болмаса, яғни detW≠0, онда кіріс сигнал толығымен информативті болып саналады. Егер жоқ болса, онда басына қайта оралып кіріс сигналды берілген таралу заңдылығымен басқа параметрлер арқылы генерациялау керек.
Зерттеу программасы
Берілген таралу заңымен сигналды генерациялау заңын қайталау, оқытушыдан тапсырма алу.
Диалогтік режимде алынған мәліметтерді жүргізу, ОИ кіріс- шығыс сигналдарын генерациялау және информативтілігін тексеру, зерттеу нәтижелеріне интерпретация жүргізу.
Нәтижелерді графикалық және кестелік түрде көрсету, есепті дайындау.
Программалық қамтамасыз ету жөнінде мағлұматтар.
Программаның берілуі. Программа информациялық-басқарма жүйесінің эскиздік жобалауына арналған.
Есте сақтау көлемі. Физикалық есте сақтау көлемі – 1,2 Мб.
Программаны есептеу уақыты. Intel Pentuim 166 MMX процессорымен компьютерде мәліметтерді қайта өңдеу уақыты – 13,5 секунд.
Модуль саны.ИУС эскиздік жобасының блок саны-6 модуль. Borland Delphi 5.0 тілінде программалау кезінде шыққан процедуралар модулінің саны – 20 модуль.
Программаны жіберу. Программаны жіберу Prosys папкасындағы Project1.exe файлынан іске асырылады. Шығатын мәліметтерді еңгізу. Бөлшек сан үтірмен “,” ажыратылады.
Шек қою. Жүйе реті n<=5. Көпөлшемді объект үшін кіріс саны n<=5.
Басты меню. Керек бөлімді таңдау үшін тиісті белгіні шертіңіз “Подробно” батырмасы туралы. “Подробно” батырмасы сәйкес бөлімнің графикалық және текстік түрдегі алынған нәтижелерән шығарады. Нәтижелердәі нақтылығы. Программа нәтижелері 4 белгіге дейін нақтылығын шығарады. Есеп нәтижелерін шығаруға болады.
Назар аударыңыз! Егер жүйе тұрақсыз, бақылаусыз немесе басқарылмайтын болса, жаңа мәліметтер еңгізіңіз. Егер процесс тарап кетсе, онда бастапқы мәнді өзгертіңіз.
Ескерту: Программалық өнім кешенінің (КПП) өңделген және суреттелген мәліметі барлық зертханалық жұмыстар үшін қолданылады.
Қолданылатын әдебиеттер: 11 доп. [3 – 10, 30 - 35], 13 доп.[3 – 11, 30 - 31].
Бақылау сұрақтары:
Нормалық таралудың тығыздық функциясын жазу. Мысал келтіру.
Бірөлшемді таралудың тығыздық функциясын жазу. Мысал келтіру.
Экспоненциалдық таралудың тығыздық функциясын жазу. Мысал келтіру.
Гамма таралудың тығыздық функциясын жазу. Мысал келтіру.
Сигналдың информативтілік қасиетін ашып беру.
Достарыңызбен бөлісу: |