Сабақ типі: Кіріктірілген сабақ Мақсаты



бет1/5
Дата13.03.2024
өлшемі0.91 Mb.
#495343
түріСабақ
  1   2   3   4   5
«Туындының физикалық және геометриялық мағынасы»


Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының
«Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік
жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК

Кіріктірілген сабақтың әдістемелік әзірлемесі


Тақырып: «Туындының физикалық және геометриялық мағынасы»

 Модуль /пән атауы «Математика», «Физика»
Дайындаған: Турарова М.М Математика пәнінің оқытушысы

Хамзина А.A Физика пәнінің оқытушысы


1.Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ: І «Емдеу ісі» «А»
Сабақ типі: Кіріктірілген сабақ
2. Мақсаты: Беріліп отырған тақырыпты мемлекеттік сандартқа сайкес оқу бағдарлама негізінде білім алушылардың білімін дамытуда және дағдыны оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып қалыптастыру математика және физика пәні бойынша алған білімдерін жетілдіру. Функцияның физикалық және геометриялық мағынасын, жанаманың теңдеуін шығаруды үйрету


Міндеттері:


Білімділік: Туындының физикалық және геометриялық мағынасын ұғындыру, есеп шығаруда туындыны табу ережелері мен формулаларын пайдалана білу, білімді жүйелеу, қорытындылау.
Дамытушылық: Білім алушылардың танымдылық қабілетін жаңа технологияларды пайдалана отырып дамыту, білім алушылардың танымдылығын, белсенділігін арттыру және өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Білім алушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Білім алуға ынтасын арттыру


2.1 Сабақтың өзектілігі және себептілігі: Білім алушыларға туындының физикалық және геометриялық мағынасын, ажырата білуге, жанаманың теңдеуін жаза білуді үйренеді. Туындының формулаларын пайдаланып, жылдамдық пен үдеуді математикалық есептерде шығарады. Есептер шығару барысында ережелермен қасиеттерін , яғни теориялық білімдері арқылы тұжырымдайды.


3. Сабақ оқу барысында білім алушылар меңгеретін кәсіби шеберлік және күтілетін нәтижелер тізімі:


Білу керек:

  • Туындының физикалық және геометриялық мағынасын ашады

  • Алгоритм бойынша функция графигіне жүргізілген жанама теңдеуін құрады

  • Қозғалыстың жылдамдығын және үдеуін табады





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет