Сабақтың басы
2 мин
5 мин
Сабақтың ортасы
5 мин
10 мин
15 мин
1 мин
5 мин
|
1.Сәлемдесу және оқушылардың сабаққа дайындығын анықтау. Шаттық шеңберін құру арқылы жағымды ахуал қалыптастыру (Оқушылар «Допты беру» ойыны арқылы бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін білдіреді.).
«Мозайка» әдісі арқылы оқушыларды 2 топқа бөлу. (Сурет қималары үстел үстіне орналастырылады, оқушылар бір-бірден қималарды алады. «Монитор» және «пернетақта» суреттерін құрастыру арқылы екі топқа бірігеді.)
2. «Миға шабуыл» сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты еске түсіру, «Бес жұлдыз» әдісі (слайда берілген жұлдызшаларды ашу арқылы сұрақтарға жауап беру);
Оқушылар слайда көрсетілген ұяшықтарды таңдау арқылы өткен сабақтың сұрақтарына жауап береді.
1) Компьютерде жұмыс істеу барысында нысандарға көбіне қандай амалдар қолданылады?
(көшіру, орын алмастыру, жою, атын ауыстыру)
2) Windows-тің нысандарды жою үшін жасалған арнайы «қауіпсіз» құрал не?
(қоржын)
3) Қоржындағы жойылған нысанды қайта қалпына келтіруге бола ма?
(иә, болады)
4) Windows-тің алмасу буфері дегеніміз не?
(Компьютер жедел жадының Windows нысандарын уақытша сақтауға болатын арнайы аймағы)
5) Қатар орналасқан нысандар бұл?
(Шектес нысандар деп аталады)
|