Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)


Жаңа сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру. Ой қозғау



бет3/6
Дата15.02.2024
өлшемі41.64 Kb.
#492065
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Ақпаратты іздеу, жазу және оқу ҚМЖ

3. Жаңа сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру. Ой қозғау.
Бүгінгі сабағымыздың басты мақсаты: ақпаратты іздеу, жазу және оқу туралы, оның ішінде нысанды іздеуді, кеңейтілген іздеуді және ақпаратты сақтауды, ақпаратты оқуды түсіну арқылы ақпаратты іздеу, жазу және оқу әрекеттерін компьютерде орындай білу.


Нысанды іздеу
Нысанды бумадан жылдам іздеу
Ізделетін нысан орналасқан буманы ашып, нысанның атауындағы бірінші әріп бар пернені басу керек. Атауы осы символмен басталатын ең жақын нысан ерекшеленеді. Сол пернені қайта басқанда келесі ұқсас нысан ерекшеленеді. Сонымен, буманың атаулары осы символдан басталатын барлық нысандар тексеріледі.
Сендер жылдам іздеуді тек ізделетін нысанның қандай бумада орналасқанын білетін жағдайда ғана пайдалана аласыңдар. Ал егер олай болмаса, онда кеңейтілген іздеуді колдану керек.
Кеңейтілген іздеу
Файлдың немесе буманың атауын Бас мәзірдің іздеу терезесіне енгізу керек.
Программа сендер көрсеткен атауы бар барлық нысан­дарды табады.
Сендердің сұраныстарың бойынша табылған файлдар терезенің жоғарғы бөлігінде көрсетіледі (68-сурет). Таңдалған файлды тышқанмен шертсеңдер іске қосылады.
Ақпаратты жазу
Windows-тің барлық қосымшаларында ақпаратты сақтау мен оқудың қабылданған жалпы ережелері бар.
Құрылған суретті немесе құжатты файлға бірінші рет сақтау үшін мына әрекеттерді орындауларың керек:

  • Сақтау немесе Қалай сақтау бұйрығын таңдау (69-сурет);

  • Терезеде сендердің файлдарың сақталатын бума көрсетіледі. Қажет болған жағдайда басқа сақтайтын орынды таңдауға болады ( 70-сурет );

  • Файлдың атын теру;

  • Сақтау батырмасын басу.

Программамен жұмыс істегенде файлдарды жиі-жиі сақтап отыруларың керек. Егер файл бұған дейін сақталған болса және атау берілген болса, онда сақтау жұмысы жеңілдейді. Бұл жағдайда программа сақтау терезесін шығармайды және сендерден файлдың атын сұрамайды. Сендер Сақтау бұйрығын (немесе CTRL+S пернелерін) таңдайсыңдар, экранда ештеңе болмайды, бірақ файлдағы өзгертулер сақталады.
Кейде бұрын сақталған файлды басқа жаңа атаумен сақтау қажеттілігі туындайды. Мәселен, сендер Ағаш файлынан ағаштың бейнесі салынған суретті аштыңдар делік. Оған жануарлар мен басқа ағаштардың бейнесін қосып, жаңа суретті Орман деген атаумен сақтағыларың келді делік. Онда сендерге Қалай сақтау бұйрығы керек болады. Бұл бұйрық файлдың бұрын сақталғанына немесе сақталмағанына қарамастан сақтау терезесін шығарады. Мұндай сақтаудан кейін сендердің дискілеріңде 2 файл: Ағаш және Орман деп сақталады.
Ақпаратты оқу
Дискіде жазылған ақпаратты қажетті файлды іске қосу (ашу) арқылы оқиды. Файл атауының кеңейтілуі нәтижесінде Windows операциялық жүйесі файлды қандай программаның көмегімен ашу керек екенін өзі анықтайды. Файлды қосымшаның өз терезесінде де ашуға болады. Ол үшін Ашу (Открыть) бұйрығын (немесе CTRL+O пернелері) орындау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет