104
2 - бөлім. Орта білім беру ұйымдарында сабақтарды қысқа
мерзімді жоспарлау бойынша әдістемелік ұсынымдар
Сабақтарды жоспарлаудың
халықаралық және отандық
тәжірибесін зерделеу нәтижелері бойынша қазақстандық сабақ
жоспарының қолданыстағы үлгісі салыстырмалы түрде аз көлемді екені
анықталды, алайда қазақстандық
мұғалімдер ЭЫДҰ елдерімен
салыстырғанда сабақты жоспарлауға және дайындауға айтарлықтай көп
уақыт жұмсайды.
Мұғалімдердің сауалнамасының нәтижелерін талдау көрсеткендей,
сабақтарды жоспарлау кезінде мұғалімдер оқу бағдарламасының
мақсаттарын сабақтың мақсаттарына түрлендіру,
оқу тапсырмаларын
жоспарлау (атап айтқанда, жоғары дәрежелі дағдыларды өлшеу) және т.
б. бойынша үлкен қиындықтарды кездестіреді.
Мұғалімдерге тиісті әдістемелік көмек көрсету үшін осы тарауда
мұғалімдер арасында үлкен қиындықтар тудыратын тармақтар бойынша
сабақтарды жоспарлауға арналған практикалық ұсынымтар берілген.
Оқу бағдарламасының мақсаттарын сабақ мақсаттарына
түрлендіру
Сабақтың ҚМЖ-сын құрастыру кезінде мұғалімдер үшін
бірінші
кезектегі міндет оқу бағдарламасының мақсаттарын сабақ мақсаттарына
түррлендіру болып табылады. Мұғалімдердің алдында сабақ
жоспарында оқу мақсаттарын дұрыс әрі нақты ашу міндеті тұр. Мысалы:
Сабақ соңында білім алушылар:
- Нені біледі... (білім: нақты ақпарат, мысалы, есімдер, орындар,
таңбалар, формулалар, оқиғалар).
- Жетілдіру/дамыту... (дағдылар: білімді пайдалану, техниканы
қолдану, ақпаратты талдау және т.б.).
- Қалай / неге екенін түсіну ... (ұғымдарды, себептерді, әсерлерді,
қағидаларды, үдерістерді және т. б. түсіну).
- Ақыл-ойды дамыту / түсіну... (көзқарастар мен құндылықтар:
эмпатия, қамқорлық, әлеуметтік мәселелерге, сезімдерге, моральдық
мәселелерге сезімталдық және т.б.).
105
Оқу бағдарламасының мақсатын сабақтың мақсатына сапалы
түрлендіру үшін
Мурзина (2017) сабақ жоспарларындағы мақсаттардың
дұрыс және бұрыс тұжырымдарын талдайтын кестені ұсынады. Кестеде
жоспарлаудағы мақсаттардың тиімділігін қалай анықтауға болатындығы
көрсетілген жіне мұғалімдер оны
талдаудан кейін мақсаттарды
тұжырымдаудың дұрыс нұсқасын таңдай алады (23-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: