168
•
«оқушының әрекеті» және «педагогтің әрекеті» тармақтары бір
тармаққа біріктірілсін. Бұл мұғалімдердің жауаптарымен негізделеді,
себебі тәжірибеде бұл тармақтарды толтыру кезінде ақпарат бір-бірімен
үндеседі және іс жүзінде қайталанады. Осыған байланысты мұғалімдер
бұл тармақты «Сабақ кезеңдеріндегі қызмет», «Сабақ
кезеңдерінің
мазмұны», «Сабақты дамыту» деп ауыстыруды ұсынады. Сондықтан
халықаралық тәжірибені зерттеу және талдау нәтижелерін ескере
отырып, мұғалімдерге түзетулер мен қосымша
тармақтары бар сабақ
жоспары ұсынылады (41-кесте).
•
ҚМЖ-ға сабақтардың әртүрлі кезеңдерін саралау және ЕББҚ
бар оқушыларды бағалау туралы ақпаратты енгізу қажеттілігін
қарастыру.
•
мектептерге (білім беру ұйымдарының педагогикалық
кеңесінің шешімі бойынша) сабақты жоспарлау туралы өзіндік
нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мүмкіндігін беру, оның
шеңберінде мектептің ерекшеліктері мен білім беру нәтижелерін ескере
отырып (қажет болған жағдайда) ҚМЖ үлгісіне
қосымша тармақтар
енгізу туралы шешімдер қабылданатын болады. Бұл мұғалімдер мен
мектеп басшыларына оқушылардың оқу сапасын арттыруға ықпал ететін
оқыту әдістерін енгізуге мүмкіндік береді.
41-кестеде ұсынылған ҚМЖ үлгісі көрсетілген. Бұл үлгіні
педагогикалық жұртшылық пен орта білім беру саласындағы
сарапшылар арасында одан әрі кеңінен талқылау қажет.