Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Сұрақ-тапсырма:
. Өткен тақырыпты қайталау: Сұрақ – жауап ойыны.
1. Иудаизмнің пайда болуының теориялық негізі не?
2. Иудаизм ілімінің ерекшеліктері қандай?
3. Иудаизмнің қандай қасиетті кітаптарын білесіңдер?
4. Иудаизмнің тарихи кезеңдерін атаңдар?
5. Иудаизмнің қандай дәстүрлері мен мерекелері бар?
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс
Будда (санскрит сөзі – көзі ашылған деген мағынада) діні - Орталық, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде, сондай-ақ Қиыр Шығыста таралған ең ерте шыққан әлемдік діндердін бірі. Ол біздің дәурімізге дейінгі V1 ғасырда Үнді жерінде пайда болған. Будда туралы аңыз. Будда теологтарының уағыздауынша, діннің негізін салушы Сиддхартха Гаутама Солтүстік Үнді еліндегі шакья тайпасы патшасының ұлы болып табылады. Алайда бұл туралы әдебиетте нақтылы деректер жоқ. Буддашылардың ұғымында әрбір ең жоғарғы қасиеттілікке жеткен жан будда бола алады, яғни көзі ашылады. Жер бетіндегі өмірінде Шакьямуни (шакья руынан шыққан тақуа) деп аталған буддалардың бірі адамдарға құтқару туралы ілімді жеткізген, оны ізбасарлары санскрит сөзімен дхарма (ілім, заң) деп атаған. Сол себепті будда термині Шакьямуни деп те ұғынылады. Аталмыш дінді зерттеушілердің пікірінше, Будданың тарихта орын алғанына шек келтіріледі. Мысалы, Рис-Рәвиус, А. Мензис Будданы мифтік бейне деп есептейді. Қазіргі ғалымдардың көпшілігі осы пікірді қолдайды. Будда дінінің пайда болуы Үнді елінің б.д.дейінгі V1 ғ.саяси-әкономикалық жағдайымен байланысты. Бұл кезде Үнді елінде таптық қоғам қалыптасып, оның қайшылықтары көріне бастаған. Оған қосымша болған елдегі касталық (қоғамдық топ) жүйе болды. Ең жоғары ката брахмандар (абыздар) қоғамдық өмірде басты орын алды. Ал олардың діні қоғамның кастағ бөлінуін жақтады. Будда дінінің шығуы, касталық жүйенің төменгі әлеуметтік сатысында тұрғандардың, брахмандардың үстемдік етуіне наразылық білдіруінің көрінісі. Будда діні брахманизм дінінің көптеген әдет-ғұрыптарынан қол үзіп адамдар будда іліміне бой ұсынып құтқарыла алады деп жариялады. Сөйте тұрып брахманизм дінінің бірқатар идеяларын да ұстап қалды.
Будда дінінің уағыздары. Будда дінінің негізгі уағыздары «Трипитака» (Үш себет даналық) деп аталған кітапта баяндалған. Будда діні уағыздарының өзіндік ерекшілігі белгілі бір бейнедегі құдай жоқ. Будда барлық құдайлардан жоғары тұрады. Ол құтқару мүмкіндігі бар жеке тылсым күш емес, тек қана діндарлардың көзін ашып,оларға ақиқатты танудың,сондай-ақ дұрыс жүрудің жолын көрсетеді. Будда діні де құдай идеясын жаратушы деп танымайды. Дегенмен, Веда (ежелгі үнділердің басты қасиетті кітаптары) уағыздайтын құдайларды, періштелерді, перілерді мойындап, басты құдай Брахманы да қолдайды. Будда діні өзге әлемдік діндер сияқты біртұтас емес. Оның негізгі бағыттары хинаяна және махаяна болып бөлінеді.Хинаяна – «құтылудың тар жолы». Монахтар қауымына (санагха) кетіп өмірден баз сы хинаяна жолы неғұрлым көбірек таралған махаяна – «құтылудың тар жолды». Махаяна Будда дінінің бұрынғы тұйықтығынан қол үзіп, барлық діндарларға құтылудың болатындығын айтты, бұл Будда дінінің әлемдік болуына мумкіндік туғызды.
Буддизмнің пайда болуы. Зерттеушілердің пікірінше, бұл дін осыдан 2500 жылдай әріде пайда болған. Оны құрған Индияның солтүстігінде орналасқан шакья тайпасынан шыққан Шакьямуни деген тұлға. Ол жер – жерді аралап жүріп, өзінің ойында пайда болған ұғымдарды адамдарға уағыздаған. Өзін Будда (атақты білгіш) деп таныстырған. Ол өзін жердегі адамзатты, жан – жануарларды азаптан құтқарушы есебінде жіберілген адам екендігін түсіндірген. Өзі сол шакья тайпасының Готама руынан шыққан Сиддхартха патшасының кейпін алған.Буддизмнің пайда болғанынан алдыңғы кездерде Индияның мәдениеті өте жоғары деңгейде болды. Оның жазбасы, өзіндік әдет-ғұрпы, діндері болған. Индия мәдениеті әлемдік Месопотамия, Египеттердің мәдениетінің қатарында болды. Үндістанда біздің дәуірімізге дейінгі 6 ғасырда құл иеленушілік қоғам құрылды. Қоғамды билеп-төстеушілер брахмандар мен әскери қауым болды. Брахмандар мен әскери қоғам бір – бірімен бақталастықта болды. «Монахтардың өлеңі» деген буддистердің бір діни әдебиетінде үй – жайын тастап, қайыршылық жолда жүрген, тақуа деп аталатындардың «бостандығын» жырлапты. Бұл кезде Индияда буддизмнен басқа да көптеген діндер болды. Әр жердің өз құдайы бар, әрбір істің немесе құбылыстың өз құдайы бар дегенді уағыздайды. Бұл діндердің, оның ішінде буддизмнің белгілі бір негізін қалаушы құбылыс жоқ және көпшілік кітаптарда олар жайлы түсіндіріп жазушылар болды. Будданың өсиеттері жазылған Махавагга, заңдары жазылған Ману, Джатак деген кітаптары пайда болды. Индияның көпшілік таптары бір – бірімен соғысып отырғанының арқасында жоғары тап қорғану жағдайын жасап, өз күшін нығайта түсіп, әрі бір – бірімен бірлестікке келіп, топтаса түсті. Нәтижеде Маурья империясы орнады. Осы кезде түрлі касталарға бөліну, дүние зерттейтін институттар, діни-философиялық ағымдар пайда бола бастады. Осындай жағдайда буддизм де күш алып, әлем дінінің бірі дәрежесіне жетті. Сонымен Индияда адамдар қоғамдық касталарға бөлінді. Брахмандар: оларды құдай аузынан жаратқан деген ұғымда болды. Сол себептен олардың ішінен қазылар, оқытушылар, баяндамашылар шығады. Ол ең жоғарғы каста, билік те солардың қолында.Кшатрийлер:оларды құдай екі білегінен жаратқан деген ұғымда болды.Олар білім алады, тәрбиеленеді, соғыстың кезінде, қорғану кезінде қару – жарақтар алып жүреді. Бұл бүкіл елді осы екі каста билеп алды деген ұғымның дәлелдемесі. Ваишьялар: оларды құдай санынан жаратты деген ұғымда болды, олар сондықтан да ең қиын жұмыстарды орындайды, егін егеді, саудамен айналысады, мал бағады. Сонымен қатар олар діни оқу орындарына қаражат бөледі. Шудралар: оларды құдай аяғынан жаратқан, олар түпкілікті зәнгілер (дуана пақырлар) . Олар жоғарғы үш кастаға қызмет етеді. Бұлардың кәсіптері ең лас, қара жұмыстар. Міне, осы касталардың бөлінуі де, олардың тұрмыстық орындары да діни тұжырыммен белгіленген. Тәртіптері қатаң: төменгі кастадағы адам жоғары кастадағыға үйленуіне тыйым салынады; ер адам өз кастасынан төменгі кастадан үйленуіне болады, бірақ төртінші каста – шудрадан емес; брахмандарды Құдайдың таңдаулы адамы дейді; патша қандай жағдай болмасын брахмандардан салық алмайды (ыдыс, киім, т.б.); брахманға өлім жазасын берсе де, оның тек шашын сыпырып алып тастайды, ал басқа кастадан болса, ол үкім орындалады:10 жастағы брахман 100 шудрадан артық бағаланады. Шудралар – бұралқылар, хайуанаттан да төмен, иттен де күні қараң, қорлықтағы адам; шудралардың бірі брахманға қолын созып, таяқ көтеріп қалса немесе жай брахманды ұстамақ болса, онда оның қолы кесіледі, ал тепсе аяғы сындырылады. Шудралардың бірі брахманды үйретемін деп әрекет жасаса, оған қайнап тұрған зәйтүн майын ішкізу жазасы беріледі. Буддизм басқа діндермен байланысты болып, брахманизмді жоққа шығарғанымен, оның әсерінен арыла алған жоқ. Жанның ауысуы, Карма, Сансара, Нирвана жайлы идеялар буддизмнің қайнар көздері – веданта, ньяя философиялық мектептері, вайшешика діни мектебі болып табылады.
Сергіту сәті
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой сергітеді,шашағандары
Басылады
Ой толғаныс
Ой –қозғау. 1 топқа берілетін мәтін «Буддизмнің пайда болу алғышарттарын сипаттау.
ІІ топқа «Буддизмнің тарихы, таралуы».
ІІІ топқа «Негізгі тармақтары».
ІҮ топқа «Қазақстандағы Будда діні».
Оқушылардың топта істеген жұмыстарын тыңдау.
. Оқушылардың алған білімін тексеру.
Қосымша
Сұрақтар беру арқылы сабақты қорытыңыз.
Блиц – турнир ойыны.
1-сұрақ. Буддизм дінінің негізін салушы кім? (Сиддхартха Гаутама).
2- сұрақ Үнді мемлекетінің негізін қалаған Маурия әулетінен шыққан патша кім? (Ашок)