№4 Тәжірибелік сабақ
Логистикалық орталықтың орналасу орнын анықтау
Сабақтың мақсаты: – қызмет көрсету аймағындағы тарату қоймасының орналасқан жерін әр-түрлі амалдармен анықтау.
Тарату орталығының орнын табу лайықты шешімді іздеумен түсіндіруге болады. Ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан осы екі шешімді де табудың әр-түрлі амалдары бар. Ыңғайлы орынды табу әр-түрлі мүмкін нұсқаларды тауып, ол нұсқаның бәрін бағалаумен ЭЕМ (электронды есептеуіш машина) және де математикалық программалау әдісімен шығарылады. Бірақта тәжірибе жүзінде бұл амал қолданылмай қалуы мүмкін, себебі мүмкін нұсқалардың саны желі масштабтарының үлкею мөлшері бойынша болады, ал шешімнің күрделілігі экспонент бойынша өседі.
Тарату орталықтарының орналасқан жерін табудың оңай амалы – ыңғайлырақ амал болып табылады. Бұл амалдар тәжірибелік тапсырмаларды шешкенге қолайлырақ. Олар ыңғайлы шешімді табуды қамтамасыз етпейді, бірақ ыңғайлы шешімге жақын мәнді табуға болады.
4.1-тапсырма.
Аудан аумағында (4.1 сурет) 8 тұтынушы бар.
Жүк легінің тығыздығы амалмен логистикалық орталықтың орналасатын жерін табыңыз.
мұндағы, - материалды ағым, тұтынатын тұтынушылар арасындағы арақашықтық, км;
620 - тұтынушы №, оның жүк айналымы (мысалы тұтынушы № 6, жүк айналым – 20 тонна/айына;
- автокөлік жолдары.
4.1 сурет - Қызмет көрсету ауданының картасы
4.1 кестесінде қызмет көрсетілетін тұтынушылар координаттары (тік бұрышты координаттар жүйесінде) мен олардың айлық жүк айналымы көрсетілген.
(4.1 және 4.2) формулаларын пайдалана отырып (х қойма, у қойма) нүктелерінің координаттарын табу керек. Бұл нүктелер айналасында тармақтау орталығының жұмысын ұйымдастырған дұрыс және бұл нүктені сызбада көрсету керек.
Хқойма , км (4.1)
Уқойма , км (4.2)
мұндағы, – і-ші тұтынушының жүк айналымы; – і-ші тұтынушының координаттары; – тұтынушылар саны.
Есептемес бұрын тапсырмаға арналған сызбаны сызу керек. Ол үшін милиметрлік қағазға координаттар осін, тұтынушылар орналасқан нүктелерді түсіру керек. Масштаб бір милиметрлік бөлім 1 шақырым.
Логистикалық орталықты табу тапсырмасын бір орталықтан тұратын тарату жүйесі үшін шешейік. Орналасқан жерге әсер ететін негізгі шама (бірақ жалғыз емес) болып жеткізуге кететін шығын болып табылады. Логистикалық орталықты жүк ағымының орталық тығыздығының айналасына орналастыру арқылы бұл шығындарды азайтуға болады.
Мысалы ретінде 4 тұтынушыға қызмет көрсететін тарату жүйесін қарастырайық. Біздің картаға координаттар осін солай орналастыру керек (4.2 сурет). Материалды ағымды тұтынушылар орналасқан нүктелер координатасын табамыз.
4.2 сурет - Жүк ағымының орталығын тығыздықты табу арқылы қойманың орналасқан жерін табу
Жүк легінің тығыздық орталығының координатын немесе айналасында орналаса алатын тармақтау орталығының нүктелерінің координаты (4.1 және 4.2) формулалары арқылы анықтаймыз.
км
Уқойма км
Көліктің жұмысқа байланысты аз шығынды қамтамасыз ететін нүкте, табылған тығыздық ортасымен сәйкес келмейді, ол әдет бойынша алыста орналасады. Табылған тығыздық орталығының келесі анализдері орталыққа арналған орынды табуға көмектеседі. Ол үшін жергілікті жерге көлік қатынаста, ықтимал жердің көлемі мен конфигурациясы, және де жергілікті басқару мекемесі белгіленген ауданға қатынасын бағалау керек.
Айтылған амалды қолдану шектеулі. Нобайда материалды ағымды тұтыну пунктінен тарату орталығына дейінгі қашықтық түзу деп есептеледі. Осыған байланысты нобайланатын ауданда жетілген жолдар желісі болуы керек, олай болмаса нобайлаудың негізгі принципі бұзылады.
Достарыңызбен бөлісу: |