Сабақтың мақсаты : қызмет көрсету аймағындағы тарату қоймасының орналасқан жерін әр-түрлі амалдармен анықтау



бет2/3
Дата01.12.2023
өлшемі163.87 Kb.
#485034
түріСабақ
1   2   3
ПЗ 4 (4-5 апта) 2

4.2 тапсырма.
Аудан территориясында материалды ағымды пайдаланатын 8 тұтынушы бар. Тік бұрышты конфигурациялы көліктік желінің ішінде орналастырылған тарату орталығының көліктік жүк айналымы ең аз болатын түйнекті табу керек.
Бұл тапсырма бірінші тапсырманы орындаған сызбада орындалады. Сызбадан орталықтың орналасқан нүктесін (М) тауып, көрсетеміз.
2-ші тапсырманы орындаудың негізі болып, автожолдар желісі тік бұрышты конфигурациясы болған жағдайдағы тарату орталығының қолайлы орналасу жерін табу амалын зерттеу болып табылады.
Алдымен мысал ретінде бір бөліктегі көліктік желіні қарастыру арқылы амалдың негізін талдаймыз. 30 шақырым жол бөлігінде (4.3 суретінде AD бөлігі) материалды ағымды пайдаланатын төрт тұтынушы болсын: А,B,С және D. Жақша ішінде олардың айлық жүкайналымы көрсетілген. Тарату қоймасының орнын «тексеру нүктесі амалы» атты амалмен оңай табуға болады.



4.3 сурет - Қызмет көрсету бөлігінде орналасқан тарату орталығының қолайлы орналасу орнын табу


Амалдың негізі-қызмет көрсетілетін әр-бөлікті кезек-кезек тексеру болып табылады.


Бөліктің тексеру нүктесі, жүкайналымының оң және сол тексеру нүктелері деген түсінік енгізейік.
Кез келген нүктені бөліктің тексеру нүктесі деп айтамыз, тек ол нүкте осы бөлікте орналасу керек (тексеру нүктесі А, В, С, D нүктелерімен сәйкес келмеу керек).
Тексеру нүктесінің сол жақ жүк айналымы дегеніміз – тексеру нүктесінен солға қарай орналасқан тұтынушылардың жүк айналымы.
Тексеру нүктесінің оң жақ жүк айналымы – тексеру нүктесінен оңға қарай орналасқан тұтынушылар жүк айналымы.
Қызмет көрсету бөлігін сол жақ шетінің соңынан тексереді. Біріншіден бірінші бөлік кесіндісін талдайды (біздің жағдайда АВ кесіндісі). Бұл кесінді тексеру нүктесі қойылып, қойылған нүктенің оң және сол жағында орналасқан тұтынушылар жүкайналымының қосындысын есептейміз. Егер оң жақта орналасқан тұтынушылар жүкайналымы көп болса, онда келесі кесінді тексеріледі. Ал егер аз болса, онда қойманы осы зерттеліп жатқан бөлікке қою керек деген шешім қабылдаймыз.
Сол жақтағы тұтынушылардың жүк айналымының қосындысы оң жақтағылардан аз болмайынша тексеру нүктелерін тексере береміз.
Қойманың орналасатын жері осы кесіндінің тексеру нүктесінен солға қарай орналасады деген шешім қабылданады. Біздің мысалымызда ол С нүктесі. Тексеру нүктесінен оң жақта және сол жақта жатқан жүк айналымдар қосындысы келесі кесіндіге тең болсын дейік. Бұл кесіндінің басы бірінші (М нүктесі 4.4 сурет), ал аяғы соңғы (N нүктесі) қызмет көрсету бөлігіндегі тарату орталығының орналаса алатын жері болсын. Тарату орталығы MN кесіндісінің кез-келген нүктесінде орналасуы мүмкін.



4.4 сурет - Тексеру нүктесінде жүк айналымының оң және сол жақтары тең болған кезде


тарату орталығының қолайлы орналасуын анықтау

Тексеру нүктелері арқылы тік бұрышты көлік жүйесінің қолайлы түйінін табу үшін (тарату орталығын орналастыру үшін) аудан картасына жолдарға параллель координат осін орналастыру қажет. Тұтынушылардың координатын тапқаннан кейін, тексеру нүктелері арқылы Х координаты және Y координаты арқылы бастапқы түйіннің қолайлы орналасқан жерін табу керек.



Тарату қоймасының тиімді орналасқан жерінің ординатасы

Мысал ретінде 4 тұтынушыдан тұратын қызмет көрсетілген жүйені қарастырайық (4.5 сурет). Жолдар тізбегі тік бұрышты. Абцисса мен ординатаға тұтынушылардың сәйкес жүк айналымын бере отыра, тексеру нүктесі арқылы көлік тізбегінің қолайлы түйінінің «абцисса мен ординатасын» табамыз. Тарату орталығының табылған түйіндеорналасуы қоймалардан тауарды минималды жүк айналыммен жеткізуге көмектеседі.








Тарату қоймасының тиімді орналасқан жерінің абциссасы.


4.5 сурет -Тік бұрышты авто жолдар тізбегінде тарату орталығының қолайлы орналасқан жерін анықтау (Сұлбада нүктемен материалды ағымды пайдаланатындар саны мен тұтынушылардың жүк айналымы көрсетілген)






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет