ІІ. «Ойланып көр!!!»
1. Ежелгі адамдардың өмір сүрген дәуірі қалай аталады?
Археологтар адамзат дәуірін еңбек құралдарының ерекшеліктеріне қарай бөледі.
Ежелгі адамдар жыртқыш аңдардан қорғану үшін топтанып жүріп күнелткен. Бұл топтарды ғалымдар қалай атайды?
2. Ежелгі адамдар тобыры тамырлармен, жеміс- жидекпен, құстардың жұмыртқаларымен т.б табиғаттың дайын өнімдерімен қоректенді.
Ол үшін немен айналысу керек? Алғашқы адамдар не істей алды?
IІІ. Сөзжұмбақ «Палеолит»
1. Ежелгі адамның қару-құрлы (Шапқы)
2. Ертіс өңіріндегі ежелгі адамдардың мекені табылған ауыл (Қанай)
3. Домалақ тастан жасалған аңшы құралы (Болас)
4. Жабайы аң (Бөкен)
5. Үлкен аң (Мамонт)
6. Су жәндігі (Балық)
7. Жеміс (Жиде)
8. «Қоныс» сөзінің синонимі (Тұрақ)
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Адамзат баласының шығуы
Алғашқы адамдардың кәсібі
Алғашқы адамның қазақстандағы іздері.
Еңбек құралдары.
Отты пайдалану және жердің сууы.
Интерактивті тақтадан «Алғашқы адамдардың пайда болуы» тақырыбындағы презентацияны көрсету.
Адамзат баласының шығуы.
Ғалымдар алғашқы адамды «епті адам» деп атайды. «Епті адам» Африкада Кения жеріндегі Олдувай шатқалында табылған. Ол осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Алғашқы адамның бірі питекантроп деп аталады. Питекантроптың қаңқасы алғаш рет Ява аралынан 1891 жылы табылды. Ол мөлшермен бұдан 1 млн жыл бұрын өмір сүрген. Адамзат дамуында бұдан кейінгі сатыда синантроп тұрады. Солтүстік Қытайда табылуына байланысты оған «қытай адамы» деген ат берілген. Синантроптар бұдан 500-200 мың жыл бұрын өмір сүрген. Питекантроп пен Синантропты «тік жүретін адам» деп атайды. Көне адамның тағы бір түрі неандерталь деп аталады. Ол Германиядан табылып 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрген. Неандертальдақтардан кейін, мөлшермен бұдан 40-35 мың жыл бұрын «саналы адам», яғни қазіргі адамдар қалыптасты.
Алғашқы адамдардың кәсібі.
Адамдар қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды үйренген соң, табиғатқа тәуелділігі азая бастады. Әуелде олар баспана жасауды, тамақ пісіруді білмеді. Жеуге жарамды тамырларды қазып алды. Құстардың жұмыртқаларын жинап қорек етті. Мұндай кәсіп терімшілік деп аталды. Бірлесіп тамақ табу мен жабайы жануарлардан қорғану үшін топтанып жүрді. Ертедегі адамдардың мұндай ұжымы адамдар тобыры деп аталды.
Алғашқы адамның қазақстандағы іздері.
Қазақстандық ғалымдардың пікірі бойынша, Сібірге алғашқы адам Еуропадан және Азиядан қоныстанған. Қазақстан аумағына алғашқы адамдар шамамен бұдан бір миллиондай жыл бұрын пайда болды. Мұны Жамбыл облысының Арыстанды өзенінің бойынан және Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратаудан табылған тастан жасалған сол заманның еңбек құралдары дәлеледейді. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар питекантроптың замандастары еді.
Еңбек құралдары.
Алғашқы жасалған құралдардың ұзындығы 20 сантиметрге, салмағы 1 киллограмға дейін жетті. Жануарлардың терісін тазалайтын, етін боршалайтын тас шапқылар мен қырғыштар жасалды. Жамбыл облысынан табылған палеолит дәуірінің бес мыңнан аса еңбек құралдарының бәрі қашау мен үшкір заттар. Неолитте тас өндеу неғұрлым биік деңгейге көтерілді. Бұл кезеңде адамдар тасты жылтыратып тегістеуді үйренді, еңбек құралдарының жаңа түрлерін – дәнүккіш, келі, балта, қайланы т.б. ойлап тапты.
Отты пайдалану және жердің сууы.
Бұдан 100 мың жыл бұрын Жер беті күрт суи бастады. Қыс ұзаққа созылды. Қар мен мұз жаздың қысқалығынан еріп үлгермеді. Еуропа мен Азияның солтүстігінде алып мұздық пайда болды. Ғалымдардың айтуынша, оның қалыңдығы екі километрге жеткен. Бұдан 13 мың жыл бұрын мұздық ери бастайды.
IV. Бекіту сұрақтары: Қорытындылау. Сонымен біз бүгін адамдардың пайда болуын, олардың алғашқы өмірімен, олардың алғашқы еңбек құралдарымен, тіршілігімен, жер бетін мұз басып, оның қайтадан жылынуын қарастырдық.
Адамның даму сатысы
|
Өмір сүрген уақыты
|
Табылған жері
|
Епті адам
|
|
|
Питекантроп адам
|
|
|
Синантроп адам
|
|
|
Неандерталь адам
|
|
|
Саналы адам
|
|
|
V. Оқушыларды бағалау:
VI. Үйге тапсырма беру: Алғашқы адамдардың өмірі мен еңбек құралдары оқу, мазмұнын айту. Қосымша мәліметтер.
Достарыңызбен бөлісу: |