Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата11.06.2016
өлшемі51.39 Kb.
#128835
түріСабақ

Шукурбекова Сауле Боранбековна,

№25 Т. Рысқұлов атындағы

мектеп-гимназиясының

тарих пәнінің мұғалімі.

Шымкент қаласы.



Тақырыбы: 1929-1931 ж.ж. шаруалар көтерілісі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Кеңестік дәуірдегі халқымыз бастан кешірген оқиғаларды саралап, пікірлесу арқылы талдай отырып, оқушылардың тарихи оқиғаларға баға беру алу дағдысын дамыту.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеті мен шығармашылық ізденіс, дағдыларын сыни тұрғыдан қалыптастыру, еркін ойын айта білу мен сөйлеу мәдениетіне баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларға сол кезеңдегі қазақ халқының басына төнген ауыр қасіреттен шығудың жолын іздеген ел азаматтарының істерін үлгі ете отырып, патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: семинар сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, пікір-талас, пікірлесу

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, газеттер, трек схемасы, тарихи кітаптар, плакатқа жазылған қанатты сөздер

Қосымша әдебиеттері: Көкіш Рысбайұлы “Қазақстан Республикасының тарихы”. Алматы, 1999ж., Т. Омарбеков “ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері.” А-2001ж. Қосымша газет-журналдар: Ақиқат 1993ж. Сәуір “Қарақұмдағы қарулы қарсылық”, “Балқаштағы бас көтеру”

Сабақтың жоспары:

І кезең

  1. Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың зардаптары.

  2. Қазақстандағы 1930-1932 ж.ж. ашаршылық ұлы нәубет.

ІІ кезең

  1. 1929-1931 ж.ж. шаруалар көтерілісінің себебі, тарихы.

  2. Созақ көтерілісі

ІІІ кезең

  1. Маңғыстаудағы көтеріліс.

  2. Көтерілістердің тарихта алатын орны.

Ұжымдастыру жылдары республика аумағында қанша толқулар мен көтерілістер орын алды?

А) 372 В) 572 С) 272

Себебі: Ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс укладының қиратылуына, орташалар мен кедейлерді кулактар ретінде жоюға қарсылық.


Қазақстанда 1929-31 жылдардағы қарулы көтерілістің себебі не?

А) Ауылшаруашылығы салығының көбеюі

В) Күштеп ұжымдастыруға қарсылық

С) Шаруалардың шұрайлы жерлерінен айырылуы


Сипаты: Шаруалар бұқарасының ниеті стихиялы бой көрсетулерден көрініс берді.

Ұжымдастыру жылдары бандиттік-басмашы қозғалысының көрінісі деп бағаланған көтеріліс?

А) Батпаққара көтерілісі

В) Семейдегі көтеріліс

С) Созақтағы көтеріліс

Қозғаушы күші: Шаруалар бұқарасы



Қарсылық түрі:


  • қалалар мен құрылыстарға кету;

  • басқа аймақтарға, тіпті шетелге көшіп кету;

  • ұжымшар қозғалысының белсенділерін, партия, кеңес, комсомол қызметкерлерін, сот орындаушыларын өлтіру;

  • өзін-өзі қорғайтын қарулы отрядтар құру;

  • ашық көтеріліске шығу түрлерінде жасалды;

Алматы округінің ауылдары қайда жер ауып кетуге мәжбүр болды ?

А) Иранға

В) Қарақалпақстанға

С) Қытайға
Орталықтары:


  • Семей округі халық наразылығының ірі ошағына айналды. 1930 жылдың ақпан айынан мамыр айына дейін – Зырянов, Өскемен, Самар, Шемонаиха, Қатонқарағай аудандарын қамтыған күшті толқулар өтті.

  • Торғай шаруаларының Батпаққара көтерілісі Қазақ өлкелік комитеті тарапынан “бандиттік – басмашы қозғалысының көрінісі” деп бағаланды.

  • Қарақұм ауданына Орталық, Батыс, Оңтүстік Қазақстаннан көтерілісшілер ағылып жатты. Бұл көтерілісті Орынбордағы 8-дивизия басып тастады.

  • Созақ ауданындағы көтеріліс табанды әрі шебер ұйымдастырылуымен ерекшеленді. Көтерілісшілер аудан орталығын басып алып, аудан басшыларын өлтірді.

Нәтижесі

  • Ұжымдастыру жылдары республика аумағында 372 жаппай толқулар мен көтерілістер орын алды.

  • Кеңес өкіметі 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысын басып жаныштау үшін далаға жазалау экспедициясын жіберген патша өкіметінің тәжірибесін қайталады.

  • Маңғыстау, Жылқосын, Ойыл, Табын аудандарының шаруалары Қазақстан жерін тастап, Түрікменстан, Қарақалпақстан аумағына, ал бір бөлігі Иран мен Ауғанстанға көшіп кетуге мәжбүр болды.

  • Алматы округінің көптеген аудандарының бүлік шығарған ауылдары Қытай жеріне ауып кетті.

  • 1931 жылы көктемде Қарқаралы округінің Абыралы, Шыңғыстау және Шұбартау аудандарында көтеріліс жасаған шаруалар түгелге дерлік қырып тасталды.

  • Компартия 1932 жылы қыркүйекте Қазақстанның ауылшаруашылығы жөнінде қаулы қабылдады.

  • Жасанды жолмен құрылған ұжымшарлар таратылып, халыққа күштеп қоғамдастырылған мал-мүлкі қайтарылды.

  • 1935 жылы ақпанда екпінді ұжымшар мүшелерінің съезі болып, ауылшаруашылығы артелінің жаңа үлгі Жарғысы қабылданды.

Ауылшаруашылығы артелінің жаңа үлгі Жарғысы қабылданған жыл?

А) 1932 жылдың ақпан айы

В) 1934 жылдың ақпан айы

С) 1935 жылдың ақпан айы

1. “Ауылды кеңестендіру” ұранымен Қазақстанда “жаңа революция” жүргізудің идеялық- саяси негізін кім жасады?

2. Ф. Голощекиннің идеясына қарсы шыққан кімдер, оларға қандай айып тағылды?

3. 1928 жылғы декрет не туралы ?

4. Ұжымдастыру кезіндегі асыра сілтеушілік зардаптары туралы не білесің?

5. “Бесеудің хаты” мен Т Рысқұлов жазған хаттың тарихы қандай?

6. Ауылды жаппай ұжымдастырудың тигізген әсері қандай?


Қорытынды

Қызыл қанмен жазылған талай халықтың – деп Қалмұқан Әбуқадыров ағамыз айтқан екен шынында Кеңестің дәуірдегі халқымыздың тарихи қызыл қанмен жазылғандығы даусыз “Ақтабан шұбырынды алқа көл сұлама” кезеңінен кейін халықтың үштен екі бөлігі қырылып кетті.

Ал енді бүгінгі мақсатымыз тек Кеңес өкіметін жамандап, даттау емес. Осы орайда Мұзафар ағамыздың “Тарих жазушылардың қатесінің өзі де тарих” сөзін басшылыққа ала отырып, осы өткен тарихтың жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп болашаққа сабақ алу болатын.

Кеңес өкіметі жүргізген саясатты академик М.Қозыбаев талдай келе “Патша жасап үлгермеген отаршылдықтың сорақысын кеңес империясы жасады”. Кеңестік отарлық большевиктік жүргізген саясат отаршылдықтың шыңы болды. Міне, осындай ащы тарихи шындықты еліміздің әрбір азаматы білуі керек.



Қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізуіне байланысты тарих ғылымы таптық идиология бұғауынан босап, өткенімізді мұхият шындық тұрғысынан зерттеп зерделеуге мүмкіндік алып отыр. Осы орайда Ұлы Әл-Фараби бабамыздың “әке баласы үшін қандай жауапты болса, әр халық өз тарихының алдында сондай жауапты”, деген сөзін басшылыққа ала отырып. Қазақ халқының Кеңестік кезеңдегі тарихи ақиқатын таразылап көрейік. Кеңестік кезеңде халқымыз бас кешкен оқиғаларды саралағанда халқымыздың тарихында орны толмайтын терең іс қалдырған, осы уақытқа дейін зардабы қалмай келе жатқан, сол бір асыра сілтеу уақыты зор демографиялық апаты мен халық шаруашылығы ащы тарихтын бір парағы ретінде халық жадында сақталуда.
Үйге тапсырма:
1. Тақырыпты оқып, мазмұндау.
2. § 10-11 бойынша тест жасап келу.

Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет