Сабақтың мақсаты: «электролиттер» және «бейэлектролиттер»


III. Алған білімді бекіту



бет5/8
Дата15.06.2016
өлшемі483.5 Kb.
#136856
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

III. Алған білімді бекіту. Мұғалім өз қалауымен оқулықтан жаттығулар орындатып, бірнеше қосымша сұрақтар қояды.

Немесе оқушылар алдын ала даярланған тарапта құралдарды (карточка) пайдаланып, бірнеше айналымдарды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазады:

а) Na2CO3→CO2→CaCO3→Ca(HCO3)2→CaCO3→CaO

ә) CuCO3*Cu(OH)2→CuO→Cu

CO2→K2CO3→KHCO3



Үйге тапсырма: §23. 5-10-жаттығулар. §24. 4-9-жаттығулар. Есептер жинағынан, жұмыс дәптерінен тапсырмалар.

29-30-сабақтар. Кремний. Кремний диоксиді. Кремний қышқылы
Сабақтың мақсаты: химиялық элементтердің периодтық жүйесінде кремнийдің орналасуын атом құрылысы тұрғысынан сипаттап, оның қасиеттері жайлы білімді дамыту. Оксидтері мен силикаттарының табиғатта таралуы туралы мағлұмат беру.

Құралдар мен реактивтер: «Минералдар мен тау жыныстары» жинақтамасы, Na2SiO3 силикат желімі, HCl, CaCl2 ерітінділері, индикаторлар.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Сыныптағы оқушыларға «Көміртек және оның қосылыстары» туралы оқулықты, анықтамалықтарды, тағы басқа әдебиеттерді пайдаланып, 10 сұрақ даярлап келуге тапсырма беріледі. Бұдан шәкірттің шығармашылық қабілеті дамып, білім деңгейі жоғарылайды.

Екінші тапсырма сұрақ-жауап арқылы оқулықтағы §25-26-тарды қамтиды. Әр параграфтағы есептерді шығарып, сұрақтарға жауап беріп, оқушылар өз бетінше тапсырма орындауға дағдыланады.



II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Кремний атомының құрылысын элементтердің периодтық жүйесіндегі орны бойынша талдайды. Кремний және оның қосылыстарының қасиеттері көміртекке ұқсайды. Көміртекке қарағанда кремний оттекпен қуатты әрекеттесіп, бірден SiO2 түзеді. Кремний (IV) оксиді –берік қосылыс. Оның кристалдық торы –атомдық, ал көміртек (IV) оксидінде-молекулалық. Кремний оксиді суда ерімейді. Жер қыртысында SiO2 кристалы кварц минералының құрамында өзен құмында, т.б. жерлерде кездеседі. Табиғатта ол таратылуы жағынан оттектен кейінгі екінші орында. Кремний жер қыртысындағы (масса бойынша) минералдар мен тау жыныстарының негізін құрайды.

Бейметалдар, қышқылдар, оксидтер және сілтілермен әрекеттескенде кремний тотықсыздандырғыш, ал металлдармен (сирек) әрекеттесіп, тотықтырғыштық қасиет көрсетеді. Кремний қышқылына, силикаттардың қасиеттеріне, қолданылуына тоқталған соң сабақ қорытындыланады.



III. Алған білімді бекіту. Мұғалім сыныптағы оқушыларды топтастыра отырып, тарапта материалдар береді, бірнеше сұрақтарға жауап іздейді. Мысалы.

1. Кремнийдің кристалдық торы не себептй берік болады?

2. Кремнийдің физикалық қасиеттерін сипаттаңдар.

3. Табиғатта креммнийдің көп таралуының себебі неде?

4. Оқулықты пайдаланып, кремнийдің және оның қосылыстарының қолданылуын айтып беріңдер.

5. Айналымдарды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.

SiO2→Si→SiH4→SiO2→Na2SiO3

Үйге тапсырма: §25. 1-10-жаттығулар, есептер мен жаттығулар жинағы. § 26 (1-9-жаттығулар).

31-сабақ. Силикат өнеркәсібі
Сабақтың мақсаты: кремний қышқылының қасиеттерін көмір қышқылымен салыстыра отырып, олардың қосылыстаранаң табиғатта кездесулеріне назар аудару. Кремний қосылыстары жайлы білім қорытыныланады. Цемент, шыны, қыш өндірісі жайлы оқушылардың мағлұматтарын кеңейту.

Құралдар мен реактивтер: силикат желімі, концентрациялы тұз қышқылы, индикатор, қыш, шыны, цемент бұйымдары.

Сабақтың барысы. 1. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Мұғалімнің талдауымен алдын ала тапсырма беру арқылы семинар-сабақ ретінде өткізуге болады. Оқушылар «шыны», «цемент», «қыш», тақырыптарын бөліп алған соң, реферат даярлайды. Қосымша әдебиеттерді пайдаланып немес интернет арқылы жаңа мәліметтер жинайды. Әр шәкірт өзі жинаған материалдарды қорғайды. Оқулықтағы §28,§29- тармен таныса отырып, тақырып соңында берілген жаттығуларды орындайды. Тест сұрақтарына жауап береді.

Үйге тапсырма: §27. 1-10-жаттығулар. Есептер мен жаттығулар жинағынан 7-10-22- есептер.

35-сабақ. Металдардың адам өміріндегі маңызы.

Металдардың периодтық жүйедегі орны. Металдардың құрылысы
Сабақтың мақсаты: металдардың периодтық жүйедегі орналасуымен таныстыра отырып, олардың физикалық қасиеттері, атомдық құрылысына және кристалдық торының еркекшелігіне байланыстыекені жайлы мәлімет.

Құралдар мен реактивтер: металдан жасалған бұйымдардың үлгісі, заттың электрөткізгіштігін сынайтын құрал, металдық кристалдықтор модельдері. Периодтық жүйе.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты оқып-үйренуді оқушылармен әңгімелесуден бастаған жөн. Металдардан жасалған бұйымдардың қалай және қайда қолданылатыны сөз болады. Өте ерте кезден адам баласының металды қолдануынан бастап, бүгінгі техника дамыған заманда металлдарды пайдаланбайтын бірде-бір өндіріс саласы жоқ екені туралы мағлұматты оқушыларды белсенді қатыстыра отырып беруге болады. Периодтық жүйеде орналасуы түсіндіріледі.

I-III топта сутек пен бордан басқалары –металдар. Барлық қосымша топшада және басқа топтардың негізгі топшасында металдар орналасқан. Период бойынша қарастырсақ кіші периодтардың бас жағында, ал үлкен периодтардың жұп қатары түгелімен және тақ қатардың бас жағында металдар орналасқан.

Мұғалім оқушылармен сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып, сабақты түсіндіреді. Металдардың атом құрылысында бейметалдарға қарағанда қандай айырмашылығы бар екенін металдардың электрондық құрылысынан бастап түсіндіреді. Және олардың химиялық қасиеттеріне келгенде металл атомы электронын беріп, оң зарядталатыны айтылады:

Ме0 - пē→Ме+п

Металдар атомдардарының радиусы бейметалл атомымен салыстырғанда үлкендеу болады. Бұл тек металдарға тән қасиет. Тағы бір себебі металл атомдары электронын оңай беретіндіктен, тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді.

Металдық кристалдық тордың түйіндеріндегі металл атомының радиусы үлкендеу және сыртқы электрондар ядромен әлсіз байланысқандықтан тор-түйінінде атомдар және катиондар болады да, олардың аралығында бос электрондар немесе «электрон газы» пайда болады. Осы «электрон газы» металдың жалпы физикалық қасиеттерін анықтайды.



II. Жаңа сабақты оқып-үйренуден алған білімдіжинақтап қорытындылау әдісін мұғалім өзі таңдайды.

Мұғалім алдын ала бірнеше сұрақтар даярлап, соған жауап беру арқылы және оқулықтан жаттығулар орындату арқылы сабақты қорытындылайды.



Үйге тапсырма. §28. 1-5-жаттығулар, есептер мен жаттығулар жинағынан тапсырмалар. §29. 1-8-жаттығлар.


36-сабақ. Металдардың физикалық қасиеттері.

Құймалар
Сабақтың мақсаты: металдардың құрамы, құрылысы және физикалық қасиеттерінің өзара байланысын түсіндіру. Кристалдық тордағы бос электрондарға байланысты ортақ қасиеттерді ажырата білуге дағдыландыру.

Құралдар мен реактивтер: кейбір металдардың балқу, қайнау температураларының анықтамасы, электрөткізгіштікті анықтайтын аспап. Металдық кристалдық тор үлгілері.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Үйге берген тапсырманы сұраудың немес өткен сабақты еске түсірудің әдісі көп. Соның бірі –мұғалім өткен сабақты бірнеше сұрақпен қайталайды.

1.Металл ионы қалай түзіледі?

2.Сілтілік металл иондарының ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

3.Металдық және иондық байланыстың кристалдық торында бір-бірінен қандай йырмашылықтары бар?

Үй тапсырмасын қайталаған соң, жаңа сабақ басталды. Металдар, олардың тарихтағы және қоғамдағыорны басқа пәндерге (тарих, география) байланыстырылып түсіндіріледі. Металдар ерте заманнан-ақ белгілі. Тас ғасырынан бастап мыс, қола, темір дәуірлері жайлы оқушылар қызықты мәліметтерді өздері де келтіре алады, бұл арада пәнаралық байланыс жүзеге асады. Әрі оқушының шығармашылық қабілеті дамиды.

II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Металдардың физикалық қасиеттерін, олардың кристалдық торының құрылысы және металдық байланысы жайлы алған білімді пайдалана отырып түсіндіру қажет.

Кристалдық тордағы «электронды газ» -металдардың физикалық қасиеттерін, металдық жылтырын, жылу-және электрөткізгіштігін, пластикалығын, созылғыштығын, тығыздығы мен балқу, қайнау температураларын анықтайтындығы сөз болады.

Металдардың қаттылығы әртүрлі және олардан алынатын құймалардан түрлі құралдар, конструкциялық материалдар жасалады. Сондықтан әсіресе металл құймалары кеңінен қолданылатыны айтылады.

Қорыта келгенде мұғалім типтік металдардың физикалық қасиеттеріндегі айырмашылығын түсіну үшін металдың атом құрылысын басшылыққа алады.

Барлық металдар (сынаптан басқасы) қатты, бәрінде дерлік металдық жылтыры бар. Қатты күйде жылуды және электр тоғын өткізеді. Себебі, олардың кристалдық торында жартылай оң зарядталған иондар, жартылай бейтарап атомдар мен одан үзіліп кеткен еркін қозғалатын электрон газы болады.

III. Оқушылардың алған білімін қорытындылау мұғалім бірнеше сұрақ қояды.

1.Ең оңай балқитын және осы қасиетіне байланысты қолданылатын қандай металды білесіңдер?

2.Ауада қатты қыздырғанда да тотықпайтын металлдарды атаңдар.

3.Ең қиын балқитын металдарды атаңдар.

4.Металлдардың құймаларын қандай мақсатта қолданады және қалай алады?

5.ҚҰйманың құрамында 80% никель, 20% хром бар. Хромның 1 моліне неше моль никель келетінін есептеңдер.



Үйге тапсырма. §30. 1-10-жаттығулар.


Күні: Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Металдардың химиялық қасиеттері.

Металдардың электрохимиялық кернеу қатары
Сабақтың мақсаты: металдардың электрохимиялық кернеу қатары жайлы мағлұмат бере отырып, металдардың химиялық қасиеттері жайлы оқушылардың білімдерін тереңдетіп, химиялық реакция теңдеулерін жаза білуге үйрету.

Құралдар мен реактивтер: метал натрий, магний, мыс цинк, хлор толтырылған ыдыс, тұз қышқылы, фосфор, суы бар ыдыс, концентрациялы азот қышқылы, мыс (II) сульфаты, спирт шам, металдардың электрохимиялық кернеу қатарының кестесі.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Өткен сабақта алған білімді тиянақтау мақсатында мұғалім алдын ала сұрақтар даярлайды.

II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Металдар ең сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электронын оңай беріп, тотықсыздандырғыш ретінде реакцияға түсетінін еске түсіреді:

Ме0 - пē→Ме+п

Металдар жай заттармен (бейметалл) қосылу, ал күрделі заттармен орынбасу реакциясынатүсетінін айта келіп, бірнеше тәжірибе көрсетуге болады. Мысалы, магнийдің оттекпен, натрий немесе кальцидің сумен әрекеттесетінін, мыс (II) купоросы ерітіндісінде батырылған темір шегенің қызғылт түсті мыспен қапталатынын, мыс қышқылымен әрекеттескенде сутек бөлінбейтінін оқушылармен бірге отырып талдаған жөн. Одан соң металдардың белсенділік қатарын түсіндіріп, металдардың электрохимиялық кернеу қатарындағы орнына сай шығатын заңдылықтарды оқып үйренеді. Кестені талдайды, оған сәйкес реакция теңдеулерін жазады. Ең белсенді және белсенділігі төмен металдар атомының сумен әрекеттесуін талдап, тиісті реакция теңдеулерін тотығу-тотықсыздану тұрғысынан жазғызған жөн.

III. Алған білімді бекіту, қорытындылау. Тақырыпты қорытындылау мақсатында мұғалімнің түрлі тәсілді өзі таңдағаны дұрыс.

Сабақ кезінде мұғалім жасаған тәжірибелердің реакция теңдеулерін жазып, оны түсіндіріп беруге 3 оқушыны тақтаға шақыруына болады.Жеке тарапта материалдар алдын ала даярланып, оны оқушыларға орындатуға болады. Екі-екіден алынған заттардың қайсыларының арасында химиялық реакциялар жүреді: а) Cu және HCl; ә) Cu және Hg(NO3)2; Zn және Pb(NO3)2. Осындай нақты мысалдармен сыныпта неғұрлым көбірек жұмыс жасалса, білім дағдысы да соғұрлым тиянақты болады. Немесе оқушылардың бұрын алған білімдерін пайдалана отырып, жалпы химиялық қасиеттерінен тереңірек білім беру үшін мұғалім бірнеше қосымша сұрақты алдын ала даярласа да болады.



1-сұрақ. Мыстың физикалық, химиялық қасиеттері мен қолданылуын айтып беріңдер. Тиісті реакция теңдеулеріне мысадар келтіріңдер. Жауап: 1) физикалық қасиеттері. Мыс қызғылт түсті, 10830С-та балқиды, тығыздығы 8,96 кг/см3. Жылуды және электр тоғын жақсы өткізеді.

Химиялық қасиеттері:


М

Ы

С


+ О2→?
+ S→?
+ Сl2→?
Оқушыларға металдардың электрохимиялық кернеу қатарында мыс сутектің оң жағында тұрғанын ескертіп, қышқылдармен әрекеттескенде сутек бөлінбейтіні айтылады. Бірақ мыс концентрациялы күкірт және азот қышқылдарымен қыздырғанда әрекеттесіп, тотықсыздандырғыш қасиет көрсететіні ескертіледі. Тәжірибеге сүйене отырып, реакция теңдеуін жазады:

+2 +4


Cu0 + 4HNO 3(конц) = Cu (NO3)2 + 2NO2↑ + 2H2O

+2

Cu0 - 2ē = Cu 2

+5 +4 2

N + ē = N 1


Cu0 – тотықсыздандырғыш.

N+5 – тотықтырғыш.

Басқа пәндерден білетіндерін пайдаланып, оқушыар мыстың қолданылатын жерлерін өздері де айтып береді. Дарынды оқушыларға шығармашылық қабілетін дамыту үшін алдын ала жұмыс дәптерінен тапсырма беруге де болады.

Үйге тапсырма. §31. 1-9-жаттығулар. Химия есептер мен жаттығулар жинағынан тапсырмалар.

Күні: Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға металдардың жемірілуі туралы мағлұмат беру, жемірілумен күресу жолдарымен таныстыру.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Өткен сабақтың соңында берілген сұрақтарды қайталап, үйге берілген тапсырманың жаттығуларын орындату арқылы мұғалім оқушының білім деңгейін анықтай алады. Металдардың химиялық қасиеттерін белсенділігі әртүрлі металдарды мысалға ала отырып, жаздыруға болады. Өйткені жаңа тақырып металдардың кернеу қатарындағы орнына байланысты біліктілікті қажет етеді.

II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Қоршаған ортаның әртүрлі әсерінен металдардың желінуі. Металдар электрохимиялық кернеу қатарында орналасуына қарай 3-ке бөлінеді:


K, Ca, Na, Mg, Al, Zn Fe, Ni, Sn, Pb, H2, Cu, Ag, Hg, Pt, Au

а


химиялық төзімді оксид жемірілуге қатысатын жемірілмейтін

белсенді қабықша пайда металдар металдар

болады

ааат

Күнделікті тұрмыста темірден жасалған бұйымдар пышақ, шеге, балта, күрек ылғалда қалса бетін сарғылт тат қабаты басады. Себебі металдар мен құймалар басқа заттармен жанасқанда химиялық реакцияға түсіп, қосылыстар түзеді, нәтижесінде металл бүлініп желінеді.

Әсіресе темір және оның құймасы оттектің, судың, сутек иондарының әсерінен тез желіне бастайды да, оның атомы темір иондарына айналады:

Fe0 - 2ē = Fe+2

Fe+2 – ē = Fe+3

Реакцияның толық теңдеуі оқулықта бар. Металдарды жемірілуден қорғаудың бірнеше бағыттары айтылып, металдардың жемірілуі тотығу-тотықсыздану реакциясына жататындығына тоқталу қажет.



III. Тақырыпты қорытындылау үшін мұғалім тақырыптың соңындағы жаттығуды оқушыларға орындата отырып, сабақты бекітеді. Немесе өз шығармашылығына сәйкес деңгейлі сұрақтар қойып, тақырыптың мазмұнын нақтылайды.

Үйге тапсырма. §32. 1-9- жаттығулар және жұмыс дәптерінен тапсрмалар.

Күні: Сыныбы:

Табиғаттағы металдар. Қазақстанда кендерден металл алу
Сабақтың мақсаты: металл кендері жайлы түсінікті дамыту. Қазақстанның кен орындары жайлы мәліметтер беру. Жергілікті материалдарды пайдалана отырып, оқушыларды елін-жерін сүюге тәрбиелеу.

«Металлургия» ұғымын қалыптастырып, белсенділігі әртүрлі металдарды өндіру әдісі туралы мағлұмат беру.



Құралдар: «Минералдар және тау жыныстары» жинақтамасы, «Металл кендері» кестелері, электролизер моделі, т.б.

Сабақтың барысы. I. Сабақты қабылдауға дайындақ. Сұрақ-жауап әдісін пайдаланып, үй тапсырмасын еске түсіруге болады.

1.Жемірілу деген не?

2.Жемірілудің металдардың белсенділігіне қандай қатынасы бар?

3.Жемірілудің қандай түрлері бар?

4.Жемірілумен күресудің басты бағыттарын атап беріңдер.

II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Географиядан алған оқушылардың алғын білімін пайдалана отырып, Қазақстанның кен байлығын еске түсіру қажет. Қазақстан жерінде периодтық жүйедегі элементтердің барлығының дерлік қосылыстары кездесетінін, бір ғана Алтайдың Қазақстанға қарасты жағындағы кен орындары және соның ішінде 900-гежуық полиметалл кен көздері табылғаны айтылады. Қазақстанның басты байлығы-түсті металадар. Түсті металдар: ауыр, жеңіл, асыл, сирек кездесетін металдар болып бөлінетіні туралы мағлұмат беріледі.

1.Ауыр түсті металдарға: мыс, қорғасын, мырыш жатады. Мыс кен орнының маңыздылары-Жезқазған, Қоңырат, Саяқ, Қаратас жерлерінде.

Қорғасын, мрыш кен орындары-Жәйрем, Ащысай, Текелі, Зырян, Ертіс, т.б. жерлер бар.

2.Асыл түсті металдарға: алтын, күміс, платина, осмий, палладий жатса, олардың кен орындары-Жолымбет, Майқайың, Бақыршық жерлерінде кездеседі. Ал платиноидтардың ала, Солтүстік Балқаш пен Алтайда бар.

Кендерден металдарды бөліп алумен металлургия өнеркәсібі айналысады, ол грек тілінен аударғанда металлдарды өңдеу деген сөз екенін түсіндіріп кеткен жөн. Қазақстан кен байлықтары мен металлургия өнеркәсібі сөз болғанда, тұңғыш академик Қ. Сәтбаевтың қосқан үлесі кеңінен айтылып, оқушыларға ол туралы реферат даярлатуға да болады. Мұндай мәліметтерді пайдалану, сабақтың мазмұнын ашумен қатар оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеп, туған жер байлығына құрмет сезімін оятады. Оқушылардың туған жерге, оның қара тасын ардақтап ғалымдарға деген құрмет сезімін қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі болып табылады. Оқушы ізденуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылады.

Бүгінгі металлургия саласы адамзатқа 80-нен аса таза металл және 5000-нан аса қасиеттері алуан түрлі құймалар беріп отыр.

Енді еліміздегі бай кен орындарынан таза металды бөліп алдың өндірістік тәсілдерін анықтауды оқушылардың ізденімпаздық әрекетін дамыту үшін қосымша тапсырма ретінде беруге болады. Қазіргі заманғы металлургия металдарды бөліп алу әдістеріне қарай 3-ке бөлінеді. Оқушылардың назарын оқулықтағы кестеге айдарған жөн.

Оқушылар географиялық карта көмегімен Қазақстандағы металлургия өнеркәсібі дамыған аудандарды атайды. Мысалы, Қарағанды металлургия комбинаты, Соколов-Сарыбай, Лиосков және Қашар комбинаттары темір кендерінің концентартымен жұмыс істеп, феррохром шығарады. Ақтөбе зауыты Оралдан жеткізілетін кварцитті пайдаланып, ферросилиций шығарады. Шымкентте қоғасын зауыты, Текеліде қорғасын-мырыш комбинаты бар.

Алюминий және титан-магний өндірісі Өскемен мен Павлодарда бар.

Балқаш және Жезқазған кен металлургия комбинаттары –мыс өнеркәсібінің аса ірі кәсіпорындары. Осы өндірістердің дамуына зор үлес қосқан ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.

Ғалым Қазақстанның қазба байлықтарын зерттеп, оның металлогендік картасын жасады. Алдын ала Қазақстанның кен орындары, өнлірістік комбинаттары туралы оқушыларға хабарлама даярлатқан жөн.

III. жаңа сабақты қорытындылау мақсатында тест сұрақтарын даярлап, ұсынуға болады.

1.Жеңіл балқитын металдар.

2.Металдарды алудың қандай әдістерін білесіңдер?

3.Электр тоғын ең күшті өткізетін металл.

4.Қ. Сәтбаев ашқан кен орындары, т.б.

Мұғалім әр сұраққа 3-4-жауап даярлап, тест түрінде ұсынады. Оқушылардың өздеріне сыныпта даярлатуға да болады. Мұның бәрі мұғалімнің шығармашылық, кәсіптік деңгейінің дамуына әсер етеді.



Үйге тапсырма. §33. 1-9-жаттығулар. Қосымша әдебиеттер. Жұмыс дәптерінен тапсырмалар. Реферат даярлау.

Күні: Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Металдардың қосылыстары. Оксидтері мен гидроксидтері
Сабақтың мақсаты: атомдарының құрылысына қарай металдардың әртүрлі тотығу дәрежесін көрсететініне тоқталып, р-элементтер мен d-элементтер тотығу дәрежелерінің сипатына сәйкес металдардың түрлі қосылыстар түзуіментанысу. Мыстың, темірдің және хромның қосылыстарындағы тотығу дәрежелерінің мәнін түсіндіру және соған сәйкес оксидтері мен гидроксидтерінің химиялық қассиеттерін болжауға дағдыландыру.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Мұғалім оқушылардың бұрын алған білімін пайдалана отырып, химиялық элементтердің периодтық жүйесінде орналасқан s-элементтердің сыртқы энергетикалық деңгейінде 1-2 электроны бар металдарға мысалдар келтіріп, +1, +2 тотығу дәрежесін көрсететін металдардың оксидтері ен гидроксидтерінің, тұздарының формуласын оқушылармен бірге отырып еске түсіреді. +1 +1 +1 +1

Мысалы, Na2O, Na2O, NaOH, NaCl.

Қосымша топша металдары d-элементтер, әртүрлі тотығу дәрежесі бар қосылыстар түзеді. Бұлай болу себебі, олардың валенттік электрондары сыртқы энергетикалық деңгеймен қоса одан ішкері орналасқан d-электронды да қамтиды. d-элемент атомдарының ең жоғары тотығу дәрежесі көбіне сол металл орналасқан топ нөміріне сәйкес келеді. Мұғалім оқушыларға бірнеше жаттығуды (ауызша) орындатады.

1-сұрақ. Cr, Fe, Cu элементтерін периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы тұрғысынан салыстыра отырып сипаттаңдар.

Қысқаша жауабы:



а) ұқсастығы: бұл элементтер (Cr, Fe, Cu) үлкен IV периодтың қосымша топшасында орналасқан.

ә) айырмашылығы: Cr 6-топта (қосымша), ал Fe 8-топшада үлкен периодтың тақ қатарында, Cu I топтың (қосымша) үлкен периодтағы жұп қатарыда орналасқан.

2-сұрақ: Cr, Fe, Cu атомдарының құрылысын салыстыра отырып (атом құрылысы, электрондардың орналасуы, электрондық формуласы, мүмкін болатын тотығу дәрежесі), қысқаша олардың тотықтырғыштық –тотықсыздандырғыштық қасиеттері жайлы қорытынды жасалады.

3-сұрақ. Осы элементтердің оксидтері мен гидроксидтерінің қасиеттері жайлы тұжырымдар жасау қажет:

+1 +2 +2 +3 +2 +3 +6

Cu2O, CuO, FeO, Fe2O3, CrO, Cr2O3, CrO3

Бұдан шығатын қорытынды: айнымалы тотығу дәрежесін көрсететін элементтер әртүрлі сипаттағы қасиет көрсетеді. Оқушылар оқулықтан хром оксидтері, гидроксидтері және олардың әртүрлі негіздік, екідайлы және қышқылдық қасиеттерімен танысып, өз бетінше оқып-үйренеді. Мұғалім осы 3 элементтің табиғатта кездесуі жайлы қосымша әдебиеттерден хабарлама даярлауға тапсырма беруіне болады.

Оқушылар оқулықтағы кестені басшылыққы ала отырып натрийдің, мырыштың ооксидтері мен гидроксидтерінің қасиеттерін сипаттап, өз бетімен жаза алады.

II. оқушылардың алған білімін қорытындылау мақсатында мұғалім алдын ала даярланған бірнеше сұрақтарды, жаттығуларрды орындатады.

§35. 2-жаттығу.

§35. 4-жаттығу.

Беріген металдардың: Cr, Fe, Cu байланыс типін, кристалдық торын және басқа да өздерің білетін қасиеттерін салыстырып сипаттаңдар.§35-тың 6-есебін шығарыңдар. Есептің толық мазмұны оқулықта бар.

Үйге тапсырма: §34. 1-7-жаттығулар. Химия есептер мен жаттығулар жинағынан тапсырмалар.


Күні: Сыныбы:
41-42-сабақтар. Кальций. Кальцидің қосылыстары.

Судың кермектігі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет