Микробиология
(грек тілінде «micros»
-
ұсақ, майда, «bios» - тіршілік, «logus» -
ілім) - жай көзге көрінбейтін, ұсақ
ағзалар туралы ғылым. Ол микробтар,
олардың биологиялық белгілері,
жүйеленуі, экологиясы және планетаны
мекендеген
басқа да тіршілік иелерімен
(адам,
жануарлар, өсімдіктер) қарым-
қатынастарын зерттейді.
Микроағзалар жер бетіндегі тіршілік иелері
арасындағы ең ежелгісі болып табылады,
олар шамамен біздің эрамызға дейін 3-4
млрд. жыл бұрын өсімдік, жануарлар
дүниесі пайда болғанға дейін тіршілік еткен.
Бүгінгі күні микроағзалар биосферадағы
саны және әр алуантүрлілігі жағынан аса
көп болып есептелетін тіршілік иелері.