Сабақтың мақсаты: Кинематика негіздері тарауындағы тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау



Дата17.07.2016
өлшемі183.5 Kb.
#205984
түріСабақ
«Кинематика негіздері» тарауын қайталау

Қостанай облысы, Науырзым ауданы

«Дәмді орта мектебі» ММ

Байгенжина Д.Е.

физика пәнінің мұғалімі

Сабақтың мақсаты:



  • Кинематика негіздері тарауындағы тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау;

  • Алған теориялық білімдерін нақтылау, өз білімін өзі бағалап тексере білу дағдыларын қалыптастыру;

  • Ізденімпаздыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тапсырмалар



Сабақтың барысы:

  • І. Ұйымдастыру кезеңі. /Оқушыларды түгендеу./

  • Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу . /Суреттер бойынша сағат,автомобиль, арбаша/

  • Шеңберге тұрып, тілек айту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Қойылған мақсатқа қарай күтілетін нәтиже:

  • 1. Материя,векторлық шамалар,скалярлық шамалар, теңайнымалы қозғалыс, үдеу, еркін түсу, қисықсызықты қозғалыс, бірқалыпты қисықсызықты қозғалыс, айналу периоды, жиілік, сызықтық және бұрыштық жылдамдық,центрге тартқыш үдеу анықтамаларын сауатты айтып беру.

  • 2. Физикалық формулаларды жаза білу.

  • 3. Формула арқылы есептер шығару.

  • 4. Теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу.

ІІІ. Қызығушылықты ояту: Физикалық ой жинақтау.

  • 1.Материя деп нені айтады және оның негізгі қасиеті?

  • 2.Векторлық шамалар,скалярлық шамалар қандай шамалар деп аталады және қалай белгілейді?

  • 3.Теңайнымалы қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?

  • 4. Үдеу дегеніміз қандай шама?

  • 5. Дененің еркін түсуі деп нені айтады?

  • 6. Қисықсызықты қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?

  • 7. Бірқалыпты қисықсызықты қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?

  • 8. Айналу периоды дегеніміз қандай физикалық шама?

  • 9. Жиілік деп қандай шамана айтады?

  • 10. Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар дегеніміз не?

  • 11. Центрге тартқыш үдеу деп қандай үдеуді айтады?

ІҮ. Мағынаны тану: үш топқа бөлінген тапсырма

  • 1-тапсырма: Формулаларды жазу

  • 2-тапсырма: Формуланы пайдаланып, есептер шығару

  • 3-тапсырма: слайдтар арқылы өздері сөйлеу

1-топ:

Топтың оқушылары

тапсырма

жауаптары




Үдеудің формуласын жазыңдар




Осы формуладан жылдамдықты табыңдар

Осы формуладан уақытты табыңдар

2-топ:

Топтың оқушылары

тапсырма

жауаптары




Центрге тартқыш үдеудің формуласын жазыңдар




Осы формуладан жылдамдықты табыңдар

Осы формуладан радиусты табыңдар

3-топ:

Топтың оқушылары

тапсырма

жауаптары




Периодтың формуласын жазыңдар




Осы формуладан айналым санын табыңдар

Осы формуладан уақытты табыңдар

  • Жауабы: a= ʋ/t ʋ=at t= ʋ/a

  • Жауабы: a ц.т.= ʋ /r ʋ =a ц.т. r r= ʋ/a ц.т.

  • Жауабы: T= t/n n=t/T t= Tn

2-тапсырма: Формуланы пайдаланып, есептер шығару /барлық топқа таратылады/

Топтың оқушылары

тапсырма

жауабы




Бер:

т/к:


ХБЖ:

Талдау:

Шешуі:










Есептер:

  • І-топ

  • № 1. 54 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан пойыздың терезесінен қарап тұрған жолаушының тұсынан 36 км/сағ жылдамдықпен қарсы келе жатқан ұзындығы 150 м пойыз қанша уақытта өтеді? (6 с)

  • № 2. Пойыз 0,5 м/с2 үдеумен тежеуді бастап, тоқтағанға дейін 225 м жол жүрді. Оның тежелу басталар алдындағы жылдамдығы қандай?(15м/с)

  • ІІ-топ

  • № 1. Тасжолмен келе жатқан велосипедші 900 м 15 м/с, содан кейін 400 м 10 м/с жылдамдықпен жүріп өтті. Велосипедшінің орташа жылдамдығы қандай? (13м/с)

  • № 2. Доп 18 м/с бастапқы жылдамдықпен вертикаль жоғары қарай лақтырылды. Ол 3 с қанша орын ауыстырады? Сол уақыт ішінде доп қанша жол жүреді?(9м, 23,4 м)

  • ІІІ-топ

  • № 1. Автокөліктің жылдамдығы 20 с ішінде 20 м/с-тан 10 м/с-қа дейін баяулаған. Автокөлік қозғалысының орташа үдеуі қандай? (0,5 м/с2)

  • № 2. Көлдің биік тік жағасында горизонталь бағытта ататын пулемет тұр. Оқтың бастапқы жылдамдығы 800 м/с. Оқтың ұшу жылдамдығы қандай? Жардың биіктігі 10 м.(1128м, 800,12м/с)



  • 3-тапсырма: слайдтар арқылы өздері сөйлеу

/кластер/ интерактивті тақтаға шығып жазады.





3. Ой –толғаныс: тест орындау



  • Тест /барлық оқушыларға/

  • 1. Дененің басқа денелерге және уақыттың өзгеруіне байланысты орнын ауыстыру ... деп аталады

  • А)кинематика В)траекториясы С)механикалық қозғалыс Д)жол

  • 2. Жылдамдық бірдей уақыт аралығында бірдей шамаға артса, қозғалыс ... деп аталады

  • А)бірқалыпты үдемелі В)бірқалыпты кемімелі С)механикалық Д)үдеулі

  • 3. Бірлік уақыт аралығында дененің жылдамдығының өзгеру шапшандығы ... деп аталады

  • А)жол В)жылдамдық С)уақыт Д)үдеу

  • 4. ... бірқалыпты үдемелі деп аталады

  • А)жылдамдық тұрақты болса

  • В)өлшемдері мен пішіні ескермеуге болатын денені

  • С)дененің басқа денелерге және уақыттың өзгеруіне байланысты орнын ауыстыруы

  • Д)дененің қозғалыс барысында сызған сызығын қозғалысы

  • Е)жылдамдық бірдей уақыт аралығында бірдей шамаға артса

  • 5. Дене қозғалысты бастаған соң 6 секундта 27 м жол жүрсе, қандай үдеумен қозғалып бара жатыр?

  • А)3 м/с2 В)6 м/с2 С)1,5 м/с2 Д)4 м/с2 Е)12 м/с2

  • 6. Егер жылдамдық бірдей уақыт аралығында бірдей шамаға кемісе, онда қозғалыс

  • А)бірқалыпты үдемелі қозғалыс деп аталады В)механикалық қозғалыс деп аталады

  • С)еркін түсу үдеуі деп аталады Д)бірқалыпты кемімелі деп аталады

  • Е)орын ауыстыру деп аталады.

  • 7. Бұрыштық жылдамдық деп аталады

  • А)дененің шеңбер бойымен қозғалыс барысында дененің бір айналымға жұмсалған уақыты

  • В)бірлік уақытта жасалған айналым саны

  • С)шеңбер бойымен қозғалыс жасайтын дененің бірлік уақытта шеңбер бойымен жүрген жол

  • Д)шеңбер бойымен қозғалыс жасайтын дененің бірлік уақытта радиус векторының қиып өткен бұрыштың радиан түріндегі

  • Е)горизонталь жазықтықпен белгілі бір бұрыш жасайтындай етіп лақтырылған дене

  • 8. Еркін түсу қозғалысын сипаттайтын теңдеулер:

  • 1. t уақытта жүрілген жол : h= 1/2gt

  • 2. tуақыттан кейінгі жылдамдық: ʋ =gt

  • 3. уақытқа тәуелсіз жылдамдық: ʋ2=2gh

  • А)тек қана 1,2 В) тек қана 1,3 С) үшеу де Д) тек қана 2,3 Е)тек қана 3

  • 9. 0,25 рад/с бұрыштық жылдамдықпен айналатын карусельде тұрған баланың сызықтық жылдамдығының модулі неге тең? Бала айналу өсінен 10м қашықтықта тұр.

  • А)0,025 м/с В)0,2 м/с С)0,5 м/с Д)2,5 м/с Е)20 м/с

  • 10. Бір планетада 60 м биіктіктен құлаған дене планета бетіне 2 сек келіп жетті. Осы планетадағы еркін түсу үдеуі қандай?

  • А)30 м/с2 В)10 м/с2 С)15 м/с2 Д)5 м/с2 Е)20 м/с2

 Жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

с

а

д

е

а

д

д

с

с

а

4. Шәкірттердің білімдерін бағалау.

Топтың оқушы

лары


1- анықтама

2-формула

3-есеп

4-слайдпен сөйлеу

5-тест

қорытынды

1

2

3



4





















Топтың оқушы

лары


1-анықтама

2-формула

3-есеп

4-слайд

пен сөйлеу



5-тест

қорытынды

1

2

3



4



















Критериялық бағалау:

10-9- “5”

8-7 – “4”

6-5 – “3”



Балл:

2- түгел


1- орындалған қателермен

0- қатыспаған















5. Рефлексия.



  • Кері байланыс:

  • Екі жұлдыз, бір тілек.

6. Үй жұмысы:

  • 1-топқа: “Галилео Галилей” тақырыбына реферат дайындау

  • 2-топқа: “Исаак Ньютон” тақырыбына реферат дайындау

  • 3-топқа: тарауға байланысты сөзжұмбақ құрастыру


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет