«Тексерілді»
______________
Мектеп директоры
-
Сабақтың тақырыбы: Радиациялық және химиялық пост құрамындағы барлаушының іс әрекеті. Зақымдануғы объектіде барлау жүргізу кезіндегі барлаушының іс әрекеті.
-
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға барлау жүргізу кезіндегі барлаушының іс-әрекетін үйрету.
-
Уақыты: 45 мин.
-
Өткізілетін орны: 11 сынып, тактикалық алаң.
-
Өткізілетін күні:
-
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, газтұмылдырықтар, жеке қорғаныш құралдары.
-
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 мин.
-
Барлауға қандай талаптар қойылады?
-
Барлау түрлері мен оны жүргізу тәсілдерін атаңдар.
-
Барлаудың негізгі міндеттері қандай?
-
Радиациялық және химиялық бақылау постарын тағайындау туралы, оның құрамы, міндеттері мен жабдықталуы туралы не білесіңдер?
б) Негізгі бөлім – 22 мин.
Зақымдану ошағындағы объектіде барлау жүргізу кезіндегі барлаушының іс әрекеті.
Барлаушы топ қала сыртындағы аймақтың ауданына объектінің ьасқа құрылымдарымен бірге кіреді.
Барлау жүргізу міндетін АҚ штабының бастығы белгілейді. Міндеттер қою кезінде оның көрсететіндері: бастапқы пунктті өту уақыты; радиоактивті және химиялық зақымдануы мүмкін аудандар; зақымдану ошағында не нәрсеге көңіл аудару керектігі; байланысты ұстап тұру және хабарламаны көрсету ретін; сәулелену мөлшерінің шегіне жеткен мүмкінділігі.
Барлау буынының командирі буынның жеке құрамына тапсырманы түсіндіреді, жеке қорғаныш құралдарын кию, барлау аспаптарын, жылжу және байланыс құралдарын дайындыққа келтіруге бұйрық береді. Осыларды орындаған соң буын тапсырманы орындайды.
Барлаушылар маршрут бойымен жылжи отырып аспаптардың көрсетулеріне бақылау жасау арқылы радиоактивті және улағыш заттармен жергілікті жердің қаншалықты зақымдалғанын белгілейді. Радиоактивті зақымдалуды тапқан соң барлаушы бұл жайлы командирге мәлімдейді, ал жеке құрам газтұмылдырықтар киеді. Содан соң барлаушы радиация деңгейін анықтап, белгілейді. Ол қоршау белгісін жолдың оң жағына, қозғалыс бағытына қарай орналастырады; белгілеу ағашына радиация деңгейі, өлшеу уақыты мен күні көрсетіледі. Барлаушы осындай ретпен радиацияның аса жоғары деңгей мен аймақ шекарасын белгілейді.радиацияның жоғары деңгейнде барлаушлар радиацияға деңгей тапсырманы орындауға мүмкіндік туғызатындай бағытты іздейді.
Барлаушылар зақымдану аймағын айналып өту бағытын және шығар жерде оның сыртқы шекарасын көрсеткіштермен белгілейді,химиялық барлау аспабы арқылы оның түрін және
қоюлығын анықтайды.Зақымдану шекарасын,сондай ақ өту бағытын қоршау белгілермен белгілейді.Белгі ағашқа ол улағыш зат түрін,табылған күнін және уақытын көрсетеді.
Елді мекендердегі өрттің шығуы, үйінділер, маршруттағы қираған аймақтар және басқа да кедергілер кездесе қалған жағдайда барлаушы олардың сипатын және құрамалардың әрекет етуіне, олардың тигізетін әсер ету мүмкіндігін нақтылайды, оларды басып өту жолдарын іздестіреді.
Маршруттағы жағдай туралы мәліметтерді буын командирі АҚ штабының бастығына мәлімдейді және маршрут сызбасын түсіреді.
Объект аумағына келіп жеткен соң буын барлау жүргізу үшін өзіне тағайындалған аймақта әрекет етеді. Барлаушылар ең алдымен радиация деңгейін, улағыш заттардың түрі мен бар болуын анықтайды. Содан соң паналар мен тасаларды іздеп, олардың жағдайын, оларға жету жолдарын айқындайды.
Барлау буынының командирі жағдай мәліметтерін объект кәртішкесіне түсіріп, барлау нәтижесін АҚ штабының бастығына мәлімдейді.
Барлаушы буын өз тапсырмасын орындағаннан соң объект аумағындағы құтқару және шұғыл апатты қалпына келтіру жұмыстарын өткізу барысына бақылау жүргізуге тартылуы немесе жиналу пунктіне шақырылуы мүмкін.
в) Қорытынды бөлім – 10 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
-
Радиациялық және химиялық бақылау посты үшін орын таңдау қалай жүзеге асырылады және оның жабдықталуы қандай?
-
«Әуе дабылы!» сигналы ядролық жарылыс кезінде, радиоактивті зақымдалуды табуда және улағыш заттар белгілерінің ауада пайда болуы кезінде бақылаушы іс-әрекеті қандай?
-
Барлау буынының қала сырты аймағындағы бастапқы ауданында барлау жүргізуі жайлы айтып беріңдер.
-
Маршрутта радиоактивті және химиялық зақымдануды табу кезінде барлаушылар қандай әрекет атқарады?
-
Зақымдалу ошағында барлау жүргізу кезіндегі барлау буынының әрекеті қандай?
Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: _____________
Достарыңызбен бөлісу: |