Сабақты оқыту нәтижелері



бет1/6
Дата11.03.2024
өлшемі81.48 Kb.
#495008
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
PMOAIQHFHCZO07032024133136


4 Лабораториялық жұмыс


Лабораториялық жұмыстың тақырыбы: Күкірт қышқылы тобы катиондарын анализдеу әдістері және сапалық реакциялары


Сабақты оқыту нәтижелері:
1. Үшінші аналитикалық топ катиондарына тән сапалық реакцияларын тәжірибе жүзінде қолдануды, анализдеудің жаңа әдістемесін жасауға үйренеді.
2. Химиялық анализдің тапсырмаларын өзбетінше орындауға үйренеді.
3. Анализдің орындалу нәтижесі бойынша бөлшектік және жүйелік анализ әдістерінің тиімділігін қарастырады;
4. Сапалық химиялық жартылай-микроанализ әдісінің құрал-жабдықтары мен аспаптарын қолдана біледі.
5. Екінші аналитикалық топ катиондар қоспасын анализдеудің жүйелік әдісінің сызбанұсқасын құрастырады, өзіндік бақылау есебін есебін жүзеге асырады.





Жұмыстың мазмұны :

  1. Ca2+ катионына тән сапалық реакциялары;

  2. Ва2+ катионына тән сапалық реакциялары;

  3. Sr2+ катионына тән сапалық реакциялары.

Қысқаша теориялық мәлімет
Топтық реагенті - сұйытылған күкірт қышқылы болып табылатын, үшінші аналитикалық топ катиондарына Са2+, Sr2+, Ва2+ жатады. Олардыңқосылыстарының тіршілік үшін маңызы зор. Барий – көз торында, кальций мен стронций – сүйек құрамында кездесетіндіктен, бұл элементтерді биогенді микроэлементтер қатарына жатқызады. Адам организміндегі кальцийдің мөлшері - 1%. Са2+ катионы тірі организмнің әрбір клеткасында кездеседі. Оның негізгі бөлігі сүйек және тіс ұлпаларында гидроксиапатит 3Са3(РО4)2.Са(ОН)2 және фторапатит 3Са3(РО4)2.СаҒ2 түрінде кездеседі.
Сұйытылған күкірт қышқылы мен оның тұздары осы топкатиондары үшін топтық реагент болып есептеледі. Өйткені сульфат-иондары Ва2+, Са2+ және Sr2+ катиондарымен ақ кристалды тұнба түзеді, ал басқа аналитикалық топ катиондарымен (белгілі концентрация аумағында) тұнба бермейді. СаSO4 – медицинада гипс деген атаумен белгілі болса, ал ВаSO4 – рентгеноконтрасты зат ретінде қолданылады. Өйткені барий иондары рентген сәулелерін күшті сіңіреді.
Үшінші аналитикалық топ катиондарының және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттерімен жете танысу үшін оларға сапалық реакциялар жасалады.
Ерітіндідегі Са2+ иондарын тұнбаға толық түсіру үшін, тұндыруды этанол қатысында жүргізеді, себебі сулы-этанолды ортада СаSO4 тұнбасының ерігіштігі төмендейді.
Түзілген сульфаттар (CaSO4, SrSO4, ВаSO4) суда, қышқылдарда және сілтілерде ерімегенімен, оларды Na2CO3 (не K2CO3) ерітіндісімен қосып қыздырғанда, оңай карбонаттарға айналады:
CaSO4+Na2CO3 CaCO3+Na2SO4
Карбонаттар қышқылдарда, тіпті әлсіз қышқыл – сірке қышқылының өзінде жеңіл ериді. Осылайша ІІІ-ші аналитикалық топ катиондарын басқа топ катиондарынан оңай бөліп алуға болады.
Үшінші топ катиондарын жеке-жеке анықтауға арналған спецификалық реакциялар жоқтың қасы (стронций тұзының жалынды бояуын ескермегенде). Сондықтан Ва2+, Sr2+ және Са2+ катиондарын анықтау, әдетте жалпы аналитикалық реакциялардың көмегімен жүзеге асырылады. Осындай реакциялардың нәтижесінде түзілетін барийдің, стронцийдің және кальцийдің нашар еритін қосылыстарын бір-бірінен жай көзбен ажырату мүмкін емес. Сондай-ақ бұл қосылыстардың химиялық қасиеттері де бір-біріне жақын. Дегенмен, бұл қосылыстардың көбі өзінің судағы ерігіштігімен, ал кейбіреулері органикалық еріткіштерде ерігіштігімен ерекшеленеді. Осындай қасиеттеріне, яғни олардың ерігіштік көбейтіндісінің мәндеріне тәуелді, Ва2+, Sr2+, Ca2+катиондарының нашар еритін қосылыстарын бір-бірінен бөлуге, сонымен қатар ерітіндіден біртіндеп анықтауға болады.
Барий, стронций және кальций катиондары барлық минералды қышқылдармен (азот және галоидсутек қышқылдарын ескермегенде) әрекеттесіп, ерімейтін немесе нашар еритін тұздар түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет