Са2+ (. . .4s2) катионына тән сапалық реакциялар
1. Сульфат-иондарымен микрокристаллоскопиялық реакция.
Са2+катионы сульфат-иондарымен әрекеттесіп, суда, қышқылдарда және сілтілерде нашар еритін, ине тәрізді ақ кристалдар түзеді:
Са2+ + SO42- + 2H2O CaSO4 .2H2O
Гипс кристалдары
Түзілген кальций сульфатының тұнбасы қаныққан аммоний сульфаты ерітіндісінде комплексті қосылыс түзе, жақсы ериді:
CaSO4 + (NH4)2SO4 (NH4)2[Ca(SO4)2]
Бұл реакция Са2+катиондарын Sr2+және Ba2+катиондарынан бөлуге мүмкіндік береді.
Тәжірибе. Зат шынысының бетіне 1 тамшы СаCl2 ерітіндісін және 1 тамшы Н2SO4 тамызып, ақырын жалын үстінде кептіреді. Пайда болған жұлдызша немесе шоғырланған инелер тәрізді гипс кристалдарын микроскоппен көруге болады.
1-сурет. Кальций сульфатының кристалдары
2. Аммоний оксалаты Са2+ катиондарымен ақ кристалды тұнба СaC2O4 түзеді:
СaCl2+ (NH4)2C2O4 СaC2O4 + 2NH4Cl
Сa2+ + C2O42- СaC2O4
Tұнба аммиак ерітіндісінде ерімейді, бірақ сұйытылған минералды қышқылдарда қымыздық қышқылын H2C2O4 түзе жақсы ериді:
СaC2О4+ 2НСl СaCl2+ H2C2O4
Тәжірибе. Пробиркаға 2-3 тамшы СaCl2 ерітіндісін және 1 тамшы сірке қышқылын алып, үстіне 2-3 тамшы аммоний оксалатының ерітіндісін қосады. Кальций оксалатының ақ кристалды тұнбасы түзіледі.
Реакцияның жүру жағдайы:
Реакция әлсіз қышқылдық ортада (рН=6,0-6,5) жүреді;
2. Реакцияның жүруіне Sr2+, Ba2+, Mg2+катиондары кедергі жасайды.
3. Калий гексацианоферраты (ІІ) К4[Fe(CN)6] Са2+ катионымен әрекеттесіп, ақ кристалды аралас тұнба – (NH4)2Ca[Fe(CN)6] түзеді. Тұнба сірке қышқылында ерімейді:
2NH4+ + Ca2+ + [Fe(CN)6]4- (NH4)2Ca[Fe(CN)6]
Тәжірибе. Пробиркаға 3-4 тамшы қаныққан СаСl2 және 2-3 тамшы аммиак ерітінділерін тамызады. Ерітіндіні қайнағанша қыздырады, содан кейін үстіне жаңа дандайындалған К4[Fe(CN)6] ерітіндісінен 2-3 тамшы қосады. Ақ кристалды тұнба түзіледі.
Реакцияның жүру жағдайы:
1. Реакцияның жүруіне Ва2+ катионы, сондай-ақ ферроцианид түзетін басқада катиондар кедергі жасайды.
4. Жалын түсінің боялуы
Кальций тұздары жанарғының түссіз жалынын кірпіш-қызыл түске бояйды.
Тәжірибе. Нихром сымын концентрлі HCl ерітіндісіне батырып алып, жанарғы үстінде жалын түсі түссізденгенше қыздырады. Осылайша тазартылған сымды құрғақ СаСl2 тұзына батырып алып, жалын үстінде ұстайды. Жалын біраз уақыт кірпіш-қызыл түспен жанады.
Достарыңызбен бөлісу: |