Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік : Зәршығару жүйесін түсіндіре отырып сабаққа болған білімділігін көтеру
2.Тәрбиелік : Сабақта өзін - өзі қадағалай алуға,өз міндетін білуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық : Оқушының сөйлеу процесі, қиялдау процесін ,білім бере отырып дамыту
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар : муляж, плакат
Сабақтың құрылымы мен мазмұны.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттер мен сәлемдесіп,олар тугелденеді және дәптерлері тексеріледі.
2.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру
Тексеру әдісі сұрақтар:
1.Зат алмасу дегеніміз не?
2.Ассимиляция дегеніміз не?
3.Диссимиляция дегеніміз не?
4.Витаминнің маңызы
5.. Майда еритін витаминдер: А, Д, Е, К
6. Суда еритін витаминдер: С, РР, В,
7.Қандай топтарға бөлінген.
8.Тағамдағы витаминдерді сақтау.
3.Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі:лекция түрінде.
Адам тіршілігіндегі шығару жүйесінің тигізетін әсері. Зәр шығару жүйесі. Бүйректің атқаратын қызметі мен құрылысы.Несеп шығару жүйесі екі бүйректен, олардан тарайтын несеп жолынан, қуықтан және несеп түтігінен тұрады.Бүйрек құрсақ қуысының жоғарғы бөлігінде омыртқа жотасының екі бөлігін ала соңғы арқа омыртқасы мен алғашқы екі бел омыртқасы түсында орналасқан. Бүйрек денешігі ұсақ тамырларының шұмағындағы қан қысымы үлкен болғандықтан, осы ұсақтамырдың жалаң қабатты жасушалары арқылы қанның құрам бөліктері сүзіліп келеді. Олар капсуланың екі қабаты аралығына орналасқан саңылаулы қуыққа өтеді. Алғашқы несеп осылайша түзіледі.
Бүйректің құрылысы. Ыдырау өнімдерін шығарудың негізгі мүшесі – бүйрек. Ағзадан зат алмасу соңғы өнімдерінің 75%-ы бүйрек арқылы шығарады. Бүйрек құрсақ қуысында 1–2-бел омыртқаның екі жағына орналасқан. Ол үрмебұршақ пішінді қызғылт-қоңыр түсті (86-сурет
Бүйректің қызметі. 1. Қандағы тұз концентрациясы мен жасушалардан ағып өтетін сұйықтықтардың осмостық қысымын реттейді. 2. Қан мен басқа да сұйықтықтың құрамын реттейді. 3. Бүйрек – күрделі биологиялық сүзгі: ағзадағы артық су, тұз, дәрі заттарды шығарып, жетіспейтін заттарды сүзіп алып қалады. 4. Бүйректе зәр (несеп) түзіледі. 5. Ағзаның ішкі ортасы құрамының тұрақтылығын сақтайды. 6. Су мен тұздың мөлшерін реттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |