Сабақтың оқу мақсаты



бет1/6
Дата15.02.2024
өлшемі6.01 Mb.
#492014
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Бас миы (1)

Сабақтың тақырыбы:

Ми. Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметтері: сопақша ми, ми көпірі, мишық, орталық және аралық ми. Үлкен ми сыңарлары.

Сабақтың оқу мақсаты:

7.1.7.4

орталық жүйке жүйесін бөлімдерінің құрылысы мен қызметін салыстыру.

Сабақтың мақсаты:

  • Орталық және шеткі жүйке жүйесімен таныстыру.
  • Жұлынның құрылысы мен қызметін түсіндіру.
  • Ми бөлімдері, құрылысы мен қызметін білу.

Бағалау критерийлері:

• Орталық және шеткі жүйке жүйесін біледі.

• Жұлынның құрылысы мен қызметін түсіндіре алады.

• Ми бөлімдері, құрылысы мен қызметін біледі.

Топпен жұмыс:

Әр жұпқа ОЖЖ-ң бір бөлімін беремін, олар интернет ресурстар/ энциклопедиялар/ оқулықтар арқылы зерттеулер жасап, соңында сыныпқа ұсынады.

1 – топ: Орталық және шеткі жүйке жүйесі. Жұлын. Бас миы.

2 –топ: Ми бөлімдері, құрылысы мен қызметі.

3 – топ: Сопақша мидың құрылысы мен қызметі.

4- топ Ми көпірі, мишық.

5 – топ: Ортаңғы және аралық ми

6 –топ Үлкен ми сыңарлары.

Үй жұмысы

Орталық және шеткі жүйке жүйесі.


Орталық жүйке жүйесі бас миы мен жұлыннан тұрады.
Шеткі жүйке жүйесі жүйкелер мен жүйке түйіндерінен тұрады.
Шеткі жүйке жүйесі қаңқа бұлшықеттерін қозғалысқа әкелетін қозғалтқыш нейрондар «соматикалық» және біріңғай салалы бұлшық ет, жүрек бұлшық еттерінің және бездердің белсенділігін реттейтін «автономды(шеткі) деп бөлінеді.

Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесі.

  • Автономды(шеткі) жүйке жүйесі бір-біріне қарама-қарсы жұмыс істейтін симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерге бөлінеді.
  • Симпатикалық бөлім жоғары деңгейдегі күйзеліс, назар аудару, қозу немесе қауіптілік жағдайларда басымырақ болады. Мысалы, егер ағзаға қауіп төніп тұрса, онда ағзаның қалыпты жұмыс қабілеті екінші реттік жағдайда қалып, ағза «күресу немесе қашу» реакцияларына дайындалады.
  • Парасимпатикалық бөлім ағзаға сыртқы тітіркендіргіштер әсері жеткілікті болмаған кезде басымырақ болады. Әдетте ол тіршілік әрекетін демеуге байланысты энергияны негізгі мақсаттарға бағыттай отырып, ағза үдерістерін баяулатады, мысалы: ас қорыту.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет