Сабақтың тақырыбы : §36 Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерде қолдану. Сурет салу құралдары Cынып: 10



Дата09.06.2016
өлшемі92.31 Kb.
#125289
түріСабақ
Қарағанды қаласы, №27 жалпы білім беретін орта мектеп

Смағұлова Күлпаш Әмірбековна, физика пәнінің мұғалімі

Ахметова Мадина Сабитовна, Информатика пәнінің мұғалімі
Тақырыбы: Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерде қолдану. Сурет салу құралдары.

(физика және информатика пәні)



Пән: Физика және информатика
Сабақтың тақырыбы: §36 Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерде қолдану. Сурет салу құралдары
Cынып: 10
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерде қолдануы жайлы толық мағлұмат беру. Сурет салу құралдары мен жұмыс істеуді үйрету.

Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен еңбектенуге үйрету ой-өрісін дамыту пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, шапшандыққа, ізденпаздыққа өз беттерінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: кіріктірілген сабақ (физика және информатика)
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютерлер, электронды оқулықтар
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Жаңа сабақ

    1. Электронды оқулықтың көмегімен және интерактивті тақтаны пайдаланып термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерде қолдануды түсіндіру.

    2. Оқушылардың жаңа тақырыпты өз бетінше конспектілеу.

    3. Электронды оқулық бойынша сурет салу құралдары тақырыбын түсіндіру.



ІІІ Практикалық жұмыс

3.1 Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерде қолдану тақырыбы бойынша оқушылардың изопроцестердің графиктерін Microsoft Word ортасында тұрғызу. (изотермиялық, изохора, изобара, адиабата)


ІV Жаңа материалдарды бекіту

4.1 Физика пәні бойынша 10 тест сұрақтары

4.2 Информатика пәні бойынша 10 тест сұрақтары

V Бағалау

5.1 Әр пән бойынша компьютерден шыққан бағаны қою.


VІ Үйге тапсырма

6.1 §36, 24-жаттығу, реферат жазу.

6.2 P,V тәуелсіздік графигінде төрт процестердің графиктерін салып келу.

§ 36 Термодинамиканың бiрiншi заңын изопроцестерге қолдану


Изохоралық процесс. Бұл процесте газ көлемi өзгермейдi: V = const. Газдың iшкi энергиясының өзгерiсi оған берiлген жылу мөлшерiне тең: ΔU = Q. Егер газ қыздырылса , онда Q > 0 және ΔU > 0 – iшкi энергия ұлғаяды. Газды суытқан кезде: Q < 0 және ΔU < 0, оның iшкi энергиясы азаяды.

Изотермалық процесс кезiнде газдың температурасы тұрақты және iшкi энергиясы өзгермейдi. Газға берiлген барлық жылу мөлшерi пайдалы жұмыс жасауға жұмсалады.. Газдың белгiлi бiр тұрақты температурасында, жылу алған кездегi және жылу берген кездегi газдың жасаған жұмысы қандай болатындығын бақылаңыздар



Изотермалық процесс. Изотермалық процесс кезiнде газдың температурасы тұрақты болады (Т = const) және оның iшкi энергиясы өзгермейдi. Газға берiлген барлық жылу мөлшерi пайдалы жұмыс атқаруға жұмсалады: Q = А′. Газ белгiлi жылу мөлшерiн (Q > 0) алған кезде, ол оң жұмыс атқарады (А′ > 0). Керiсiнше, егер газ қоршаған ортаға жылу берсе, онда оның атқарған жұмысы терiс болып саналады.

Изотермалық процесс кезiнде газдың температурасы тұрақты және iшкi энергиясы өзгермейдi. Газға берiлген барлық жылу мөлшерi пайдалы жұмыс жасауға жұмсалады.. Газдың белгiлi бiр тұрақты температурасында, жылу алған кездегi және жылу берген кездегi газдың жасаған жұмысы қандай болатындығын бақылаңыздар.



Изобаралық процесс. Изобаралық процесс кезiндегi газға берiлген жылу мөлшерi оның iшкi энергиясының бiрге өзгеруiне және қысым тұрақты болған кездей P = const жұмысты атқаруға шығындалады.

Изобаралық процесс кезiнде газға берiлетiн жылу мөлшерi, онымен бiрге оның iшкi энергиясының өзгеруiне және қысым тұрақты болған кезде жасалынатын жұмысқа шығындалады. Белгiлi бiр тұрақты қысымды алып, газды қыздыра және суыта отырып, газдың iшкi энергиясы мен олардың жасаған жұмыстары қалай өзгеретiндiгiн бақылаңыздар



Адиабаталық процесс. Қоршаған ортамен жылу алмасуы болмайтын жағдайда өтетiн жүйедегi изопроцесс адиабаталық процесс деп аталады.

Адиабаталық процесс кезiнде жылу алмасу болмайды. Сонда жүйенiң iшкi энергиясы тек қана онымен жасалған жұмыстың есебiнен өзгередi. Адиабаталық процесс жүретiндей етiп, белгiлi бiр тұрақты температураны алыңыздар да, жұмыс жасалуына қарай газдың iшкi энергиясының қалай өзгеретiндiгiн бақылаңыздар



Адиабаталық процесс кезiнде Q = 0 және жүйенiң iшкi энергиясының өзгеруi жұмыс атқару арқылы ғана жүредi: ΔU= А. ΔU= А теңдiгi белгiлi қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi. Егер жүйеде оң жұмыс жасалса, мысалы газ сығылатын болса, онда оның iшкi энергиясы ұлғаяды және температурасы өседi. Керiсiнше , газ ұлғайған кезде, ол өзi оң жұмыс атқарады (Аұ > 0). Оның iшкi энергиясы азаяды да, газ суиды.

Егер цилиндр түбiне эфирге батырылған мақтаны салып, дереу поршендi қозғалтсақ, онда мақтадағы эфир буы жалындайды. Бұл эффект Дизель двигателiнiң жұмыс iстеу принципiнiң негiзiне алынған.

Бұл жерде цилиндрге жанармай қоспасы емес, кәдiмгi атмосфералық ауа сорылады. Сығылу тактының соңында арнайы форсунка арқылы сұйық отын - солярка шашыратылады. Осы сәтте сығылған ауа температурасының жоғарлағаны сондай, тiптен жанармай тұтанады




1-сурет
Күн көзiнiң әсерiнен жылыған ауа, жоғары көтерiледi де, биiктiкке көтерiлген сайын қысымның азаюына байланысты тез арада ұлғайып-таралады. Бұл ауаның ұлғайып-таралуы оның салқындауына әкелiп соғады. Осының нәтижесiнде су булары конденсацияланады да, бұлттар пайда болады (1 - сурет).

Cурет салу құралдары

Сурет салу үстелі батырмаларының біршамасын алдыңғы бөлімдерде қарастырған болатынбыз, енді қалғандарын қарастырайық:



  • Нысандарды таңдау - нысандарды ерекшелеуге арналған;

  • Сызық - түзу сызық сызады;

  • Көрсеткі - көрсеткі сызады;

  • Тік төртбұрыш - тіктөрт бұрыш сызады;

  • Сопақ - сопақ немесе дөңгелек сызады;

  • Мәтін жолағын салу - құжаттың кез келген тұсында жазуға болады;

  • Диаграмма - диаграмма кітапханасын шығарады;

  • Сызық түсі мәзірі - нысанның жиектерін бояуға мүмкіндік береді;

  • Бояу түсі - нысанды бояуға мүмкіндік береді;

  • Қаріп түсі мәзірі - мәтіннің түстерін белгілейді;

  • Сызық мәнері мәзірі - нысан шектерінің сызығының түрін белгілейді;

  • Сызықшалы сызық мәзірі - нысан шектерінің сызығының түрін белгілейді;

  • Көрсеткілер мәзірі - бағдарша түрін белнгілейді;

  • Үш өлшемдік мәзір - нысанға көлем береді;

  • Көлеңкелер мәзірі - нысанға көлеңке береді;

Практикалық жұмыс

Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерде қолдану тақырыбы бойынша оқушылардың изопроцестердің графиктерін Microsoft Word ортасында тұрғызу. (изотермиялық, изохора, изобара, адиабата)



Р







V

Тест сұрақтары

  1. Газ заңдары дегеніміз не?

  1. Параметрлерінің біреуінің мәні өзгермей қалған кездегі процестер*

  2. Газдың бір параметрінің мәні тағайындалып қалған екі мәндер арасындағы сандық тәуелділік

  3. Газдың екі параметрлерінің мәні тұрақты болған кездегі процестер

  1. Бір атомды идеал газдың ішкі энергиясын анықтайтын формула

    1. ΔU=A+Q

    2. U=RT

    3. U=3m/2M RT*

  2. Адиабаталық процесс

    1. Параметрінің біреуінің мәні өзгермей қалған кезде өтетін процесс

    2. Қысым тұрақты болған кезде термодинамика жүйе күйінің өзгеру процессі

    3. Жылу алмайтын, жылу бермейтін процесс*

  3. Термодинамика ғылымы нені зерттейді?

    1. Жұмыс атқармай энергияның бір денеден екінші денеге берілу процессі

    2. Жылу құбылыстарына арналған энергияның сақталу заңы

    3. Денелердің молекулалық құрылымы ескерілмейтін жылулық процестер теориясы*

  4. Ішкі энергия дегеніміз не?

    1. Барлық молекулалардың кинетикалық энергиясымен осы бөлшектердің өзара әсерлесуін потенциялдық энергиясының қосындысына тең*

    2. Жылу алмасу (жылу беру) кезінде дене алатын не жоғалтатын энергия

    3. Механикалық жұмыс жасау кезінде дененің энергия бөлуі

  5. Менделеев-Клапейрон теңдеуі:

    1. P=nKT

    2. P1V1=P2V2

    3. *

  6. Молекула жылдамдығын алғаш өлшеген ғалым

    1. Штерн *

    2. Шарль

    3. Гей-Люссак

  7. Жылдамдық квадратының орташа мәні неге тең:

    1. *





  8. Қаныққан бу деп нені айтамыз?

    1. Сұйық бетінде өтетін бу түзілуі

    2. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу*

    3. Будың қайта сұйыққа айналу процесі

  9. Термодинамиканың бірінші заңы

    1. Денелердің молекулалық құрылымы ескерілмейтін жылулық процестер теориясы

    2. Жылу құбылыстарына арналған энергияның сақталу заңы*

    3. Ішкі энергияның механикалық түрге айналу процесін көрсететін заң



  1. WORD құжатының кестесінде жолды енгізу үшін ...... әмірі қолданылады

    1. Кесте-Кірістіру-Жолдар төмен (жоғары)*

    2. Кірістіру-Кірістіру-Жолдар төмен (жоғары)

    3. Пішім-Жиектер және бояу

  2. Жұмыс үстеліне Сурет құралдар үстелінің терезесі қандай әмірлерімен шығарылады.

    1. Пішім-Жиектер және бояу-керекті үстелді таңдау

    2. Құралдар-Үлгілер және қондырмалып- керекті үстелді таңдау

    3. Құралдар-Құралдар үстелі- керекті үстелді таңдау*

  3. Word құжатына кестені қандай әмірлермен кірістіруге болады?

    1. Кесте-Өзіріктегіш-Кестенің керекті

    2. Кесте-Кірістіру- Кестенің параметрлерін таңдау*

    3. Кесте-Салу-Кестенің керекті параметрлерін таңдау

  4. Word бағдарламасының тақырыптардың сызбалық мәтінін әзірлеу құралдарын іске қосу әмірін атап көрсетіңдер

    1. Кірістіру-Нысан-Дыбыс жазу

    2. Кірістіру-Нысан-Image құжаты

    3. Кірістіру-Сурет-Word Art*

  5. Сурет құралдар үстеліндегі «Суретті кірістіру» батырмасы қандай қызмет қатарады?

    1. Құжатқа суретті кірістіру*

    2. Кестенің контрастын арттыру немесе азайту

    3. Мәтінді нығайту

  6. Жұмыс терезесіне Сурет салу үстелі қандай әмірлермен шығарылады?

    1. Құралдар-Баптау-Құралдар үстелі*

    2. Сурет салу- Баптау- Құралдар үстелі

    3. Сурет- Баптау- Құралдар үстелі

  7. Жұмыс терезесіне Сурет салу құралдар үстелі қандай әмірлермен шығарылады:

    1. Құралдар-Параметрлер-Құралдар үстелі

    2. Құралдар-Үлгілер және қондырмалар-құралдар үстелі

    3. Құралдар-Баптау-Құралдар үстелі- Керекті үстелді таңдау*

  8. Word бағдарламасының құжатына дайын суреттер қандай әмірлер көмегімен кірістіріледі?

    1. Пішім-Сурет-Файлдан-қажетті суретті екі рет шерту

    2. Көрініс-Сурет- Файлдан-қажетті суретті екі рет шерту

    3. Кірістіру-Сурет- Файлдан-қажетті суретті екі рет шерту*

  9. Сурет салу үстелінің қандай батырмасы фигураның ішкі аймағының түрін өзгертеді?

    1. Көлеңке мәнері

    2. Қаріп түсі

    3. Бояу түсі*

  10. Word бағдарламасында дайын нысандарды (мәнерлі көрсеткілер және т.б.) кірістіру әмірлерін атап көрсетіндер:

    1. Кірістіру-Нысан-Сурет

    2. Кірістіру-Сурет-Өзкескіндер*

    3. Кірістіру-Нысан-Мультимедиа клипі


V Бағалау

5.1 Әр пән бойынша компьютерден шыққан бағаны қою.


VІ Үйге тапсырма

6.1 §36, 24-жаттығу, реферат жазу.



6.2 T,V тәуелсіздік графигінде төрт процестердің графиктерін салып, А4 форматты кағаз бетіне шығарып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет