Сабақтың тақырыбы : Азот. Азоттың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері Сабақтың мақсаты



Дата24.02.2016
өлшемі39.48 Kb.
#17942
түріСабақ
Химия; 9-сынып: Күні:-----------------------------------------

Сабақтың тақырыбы: Азот. Азоттың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі .Азот атомының сипаттамасын Д И Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі атом құрылысы тұрғысынан түсіндіру .Оның кристалдық торы мен қасиеттері арасындағы өзара байланысты түсіндіру.

Дамытушылығы. Оқушылардың шығармашылық қабілетінің шыңдалуына мүмкіндік беру және оны дамыту

Тәрбиелігі.Балаларды бірлікке, жолдастыққа тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі мен қажетті құралдар: Слайд, Карточка.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу. (Сәлеметсіздерме оқушылар)

  2. Түгелдеу. ( Оқушылар бүгін сабақта кім жоқ)

  3. Психологиялық ахуал. (Көңіл –күйлерін қалай)

  4. Сабаққа дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Күкіртке сипаттама беріңдер...



S


H2SO4

  1. Күкірт қышқылының тұздарын атаңдар..

  2. Массасы 49 г H2SO4 зат мөлшерін табыңдар..

  3. Әрбір оқушыға тақырып бойынша карточкалар тарату.

Сабақтың жоспары:

1. Атом құрылысы және ашылу тарихы

2. Табиғатта кездесуі,биологиялық маңызы

3. Физикалық қасиеттері

4. Химиялық қасиеттері

5. Алу жолы

6. Қолданылуы

Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде азот ІІ периодта,5-топтың негізгі топшасында орналасқан.



Атом құрылысы және ашылу тарихы

Азоттың ең сыртқы энергетикалық деңгейшесінде бес электрон бар. Азот атомында электрондардың орналасуы:

N +7 2е) 5е) электрондық формуласы:1s22s22p3

Графиктік формуласы: 1s 2s 2p

Азот атомы жетпей тұрған үш электронды қосып алып,-3 тотығу дәрежесін көрсетеді. Ең жоғары тотығу дәрежесі+5

Бос күйінде азот екі атомнан тұратын жай зат түзеді, оның молекуласының құрылымы:

N N немесе N≡N

Азот молекуласы 3р электронның қаптасуы арқылы түзіледі; сонымен қатар бір δ ,екі пи байланыс пайда болады,яғни азот ковалентті, полюссіз байланыс түзеді. Сондықтан азот молекуласы өте берік. Кәдімгі жағдайда азоттың белсенділігі төмен. Азотты ең алғаш ағылшын химигі Д Резерфорд сипаттаған.1772 жыл азоттың ресми ашылған жылы болып есептеледі.



Табиғатта кездесуі және биологиялық маңызы

1.Азот атмосфераның негізгі құрам бөлігі: оның массалық үлесі 78,2%

2.Органикалық қосылыс түрінде барлық тірі ағза құрамында болады,мысалы нәруызды заттар құрамында және зат алмасу өнімі- карбамид пен зәр қышқылында бар.

3. Бейорганикалық тұздар күйінде Na NO3 KNO3

Азот тіршілік үшін өте маңызды элемент. Ол нәруызды заттардың негізгі құрам бөлігі болып табылады. Барлық тірі ағзалар азотты қосылыс түрінде ғана сіңіре алады. Өсімдіктер азотты топырақтан тек нитрат және аммоний тұздары түрінде алады.Жануарлар ағзасында азот 1-10% ;мал мүйізінде 15%, жануарлар жүнінде-15%, адам ағзасында-3% болады.

Физикалық қасиеттері

Азот- иіссіз, түссіз, дәмсіз, ауадан жеңіл газ. Суда ерігіштігі оттекке қарағанда төмен:200С-та 1л суда 15,4мл азот ериді.



Химиялық қасиеттері

1. Кәдімгі температурада тек қана литиймен әрекеттеседі:

6Li+N2→2Li3N

2. Жоғары температурада және катализатор қатысында көптеген реакцияға қатысады:

А) оттегімен: N2 +O2→2NO -289 кДж тотықсыздандырғыш қасиет

Б) сутегімен: N2+H2→2NH3 +92 тотықтырғыш қасиет

В) металдармен: 3Mg+N2→Mg3N2 тотықтырғыш қасиет көрсетеді



Алынуы

Зертханада:

1.Аммоний нитритін айыру арқылы(бірақ бұл реакция қопарылыс бере жүреді) NH4NO2↔N2+2H2O

2.Аммиакты ұнтақталған және қыздарған мыс оксидінен өткізу

2NH3+3CuO→N2+3H2O+3Cu

3. Аммоний дихроматын айыру( NH 4 )2 Cr 2O 7→N2+Cr2O3+4H2O

Өндірісте:

Азотты сұйық ауадан алады. Ауаны қатты қысып,-2000С-та азот сұйық күйге ауысады. Азотты бөліп алу үшін ауаны қыздырады. -1960С азот қайнап бөлініп шығады



Қолданылуы

1.Аммиак , азот қышқылын алуда

2. Электр шамында, термометрде инертті орта жасау үшін

3. Тыңайтқыш өндірісінде

4. Қопарылғыш заттар алу үшін

5. Беріктігін арттыру үшін болат өнімдерінің қабатын қанықтыруда

6. Салқындатқыш жүйелерде

Жаңа сабақты бекіту: Химиялық диктант

А) Азоттың ең сыртқы энергетикалық деңгейінде........ электрон бар.

Б) Азоттың ең жоғарғы тотығу дәрежесі......

С) Азоттың электрондық формуласы.........

Д) Азоттың ресми ашылған жылы...........

Г)Ауадағы азоттың көлемдік үлесі.........

Ж) Азот адам ағзасында.....%

Е)Азот....., ......, ....... газ

Л) Бөлме температурасында тек ....... әрекеттеседі

М) Азот......және........ қасиет көрсете алады.



К) Адам азотты...... арқылы алады..
Сабақты бекітуге одан әрі есептер шығару

1.Азоттың молекулалық массасын табыңдар...

2.Мына қосылыстардың а) KNO3 NANO3 NH4 NO3 құрамдарындағы азоттың массалық үлесін табыңдар...
Үйге тапсырма беру:----------------------------------------

Бағалау;

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет