Сабақтың тақырыбы : Жай бөлшектерді бөлу Сабақтың мақсаты



Дата17.07.2016
өлшемі33.56 Kb.
#206386
түріСабақ
5-сынып математика

Сабақтың тақырыбы : Жай бөлшектерді бөлу

Сабақтың мақсаты :

  • Оқушыларды жай бөлшектерді бөлу ережелерін пайдалана отырып,есеп шығара білуге дағдыландыру

  • Оқушыларды жылдам ойлауды, шапшаңдықты, логикалық ойлау, математикалық тілде сөйлеу қабілетін дамыту.

  • Оқушыларды ұқыптылыққа, білімділікке математикалық мәдениетке тәрбиелеу, өз ойын дәл тиянақты айта білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, кеспе қағаздар, жұлдықшалар

Сабақ түрі: Білімді және дағдыны қалыптастыру.

Сабақ типі: Жаңа сабақ.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар зейінін жинақтап, сабаққа ынтасын аудару. Сабақ тақырыбымен мақсатын таныстыру.

  1. Үйге тапсырма сұрау .

Теориялық білімдерін байқау.

  1. Бөлшекті бөлшекке бөлу қалай орындалады?

Жауап: Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшекке кері санға көбейту керек.

Мысалы:



  1. Аралас санды аралас санға бөлу қалай орындалады?

Жауап: Аралас санды аралас санға бөлу үшін, оларды бұрыс бөлшек түрінде жазып алып, бөлшекті бөлшекке бөлу ережесін қолдану керек.

Мысалы:



  1. Натурал санды бөлшекке қалай бөлеміз?

Бөлінгіш немесе бөлгіш натурал сан болған жағдайда натурал сан бөлімі 1 болатын бөлшек түрінде жазылып, бөлшекті бөлшекке бөлу ережесі қолданылады.

Мысалы:



III.Үй тапсырмасын қорытындылау.

Оқушыларға есептер жазылған карточкалар тарқатылады.



№1



№2



№3



№4

№5



№6



№7



№8


Жауаптары:


№1



№2


№3



№4

№5



№6



№7



№8




IV.Жаңа сабақты меңгертуге дайындау

Оқушылар бүгінгі сабақта жай бөлшектерді бөлу ережелерін пайдаланып, құрамалырақ, қиынырақ есептер шығарып үйренеміз.



V.Жаңа білімді меңгерту

Оқушылар, міне есептер әлеміне келдік. Есептер әлемінің «Тас қақпасын» ашайық , мына есепті шығарсақ қақпа ашылады.

1 кг тас ауыр ма, 1кг мақта ауыр ма

Жауабы: Екеуі де тең.

Есікті ашсақ 8 бұрышты жулдыздар тұр. Әр бір 8 бұрышты жулдызды алу үшін бір есеп шешу керек.


№1





VI.Бекіту

Келесі есік «Күміс қақпа» , мына есепті шығарсақ қақпа ашылады.



Тауық салмағы 2 кг, егер ол бір аяғымен тұрса салмағы қанша болады



Жауабы: 2 кг

Есікті ашсақ 16 бұрышты жулдыздар тұр. Әр бір 16 бұрышты жулдызды алу үшін бір есеп шешу керек.


Келесі есік «Алтын қақпа» , мына есепті шығарсақ қақпа ашылады.




Себеттегі 5 алманы 5 балаға тең бөліп беру керек және себетте бір алма қалу керек

Жауабы: Бір балаға алма себетімен беріледі.



Есікті ашсақ 24 бұрышты жулдыздар тұр. Әр бір жулдызды алу үшін бір есеп шешу керек.

VII.Қорытынды. Оқушылар, бүгін біздер жай бөлщектерді бөлу ережелерін біле отырып, көптеген есептер, мысалдар шығардық. Бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма? Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.

VIII.Үйге тапсырма

№ 799 (2,4,6,8) №800 (2,4,6) №802 (2,3)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет