Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Бозой орта мектебі
Тасырова Надира Джумаевна
Мектеп психологы
Өзін-өзі тану пәні: 4-сынып
Сабақтың тақырыбы : Жақсы сөз-жанға қуат
Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады.
Науаи
Мақсаты: Оқушылардың «жақсы, ізгі сөздер», «бақыт» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
-
Жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
-
Жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту;
-
Ізгілікке, ізеттілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралар: оқулық, дәптер,үнтаспа, интербелсенді тақта.
Шаттық шеңбері
Балалар сендермен өзін-өзі тану сабағында тағы кездесуімізге қуаныштымын. Бүгін біздің адам бойындағы ізгі қасиеттерді бойымызға сіңіру жалғасын табады деп сенемін. Барлығымыз қолымыздан ұстап, мына өлең жолдарын бір-бірімізге асқан мейіріммен сыйлайық.
Болу үшін бұл өмірде жақсылық:
-
Бізге ашық күн керек,
-
Аспан керек күн керек,
-
Ізгі сөздер қуантатын,
-
Жақсы сөздер жұбататын,
-
Ата-ана мейірімі таусыдмас,
-
Адал,шыншылдос,жолдас,
-
Сабырлылық,ізеттілік қажет-ақ
-
Ата,әже ақылы да қымбат-ақ,
-
Қуаныш ,шаттық,мейірім,
10.Қол ұшын берер уақыт-қиындық,
11. Үлкендерге құрмет пенен ізгілік,
12. Білімді болу үшін ізденіс,
13. Сол үшін әдепті болайықшы,
14. Биік шынға самғап біз қонайықшы.
-Бір-бірімізге қандай сөздер айттық? Бұл сөздерді естігенде не сезіндіңдер?
-Жақсы сөз жан семіртер, жанға күш,қуат берер деген осы. Бүгін біз тақырыпта әңгімелесеміз.
Бәріміз орынымызға жайғасайық. Енді пікірлеріңді білу үшін біраз пікір алмасайық.
Әңгімелесу
«Ойланайық , әңгімелесейік » айдарымен берілген сұрақтар негізінде әңгіме жүргізу .
-
Сендер жақсы сөздердің қажеттілігі туралы не айта аласыңдар?
-
Өздерің жақсы сөздіерді кімнен,қай кезде естідіңдер?
-
Ал өздерің қолдандыңдар ма?
Сахналау
Интербелсенді тақтадан әртүрлі жағдайларға берілген суреттер.
-
Атасы мен немересі атасына көктемде көшеттер отырғызуға көмектесіп жатыр.
-
Ажар анасы жұмыста болғанда үй жинап ,ыдыс жұып, қолғабыс болуда.
-
Анасы мен баласының құанышы.Әр жағдайға балалар өз ойлары бойынша диалог құрып ,жақсы сөздер айтады, сахналау түрінде жүргізіледі.
Шығармашылық жұмыс
Оқушыларды жақсы,жылы сөздерді айтуға дағдыландыру мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдстырылады.
Шығармашылық тапсырма:
Сендер қай жағдайды таңдайсыңдар?
-
Құрметті ұстаздар? Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сіздерге шығармашылық табыс,еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз!
Күтілетін жауаптар: жақсы тілек,құттықтау сөз.
-
–Апа,аман есенсіз бе? Қал-жағдайыңыз қалай? Ауырып қалды деп еді,айығып кеттің бе?
Күтілетін жауаптар: амандық,жағдай сұрау.
-
–Жарайсың құлыным! Менің кішкентайым ата-анасына қолғанат,үлкен жігіт болып қалыпты ғой. Әлі-ақ өскенде елін қорғайтын азамат болады.
Күтілетін жауаптар: мақтау
-
–Алло! Сәлеметсіңбе,Гүлбану! Сенің маған туылған күніме жіберген ашық хатыңды алдым. Саған көп-көп рахмет айтып, алғысымды білдіргім келіп тұр.
Күтілетін жауаптар: алғыс айту,ризашылық білдіру.
Тыныштық сәті./музыка/
Қазір біз көрген,білгенімізді жинақтап,қорытындылау үшін, тыныштықта ойланайық.
Дәптермен жұмыс
Жылы сөздерді естігенде өзіңді қалай сезінесің? Өз ойларын жазу.
Мәтінмен жұмыс
Қазір біз «Сыпай қоян» мексика ертегісімен танысайық.
Ертегі мазмұны бойынша сұрақтар:
-
Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі болды?
-
Жылы сөздер арқылы қандай жағдайда көмектесуге болады деп ойлайсыңдар?
Сонымен қорытындылай келе жылы сөздерді не үшін қолданамыз деп ойласыңдар?
-
Адамның көңілін көтеру үшін
-
Мақтау ,мадақтау үшін
-
Алғыс білдіру
-
Қал-жағдайын сұрау
-
Сағынған кезде
-
Өте дұрыс,балалар ендеше біз де әрқашан өздеріміздің туылған күндерімізді ұмытпай, мейрам кездерде бір-бірімізді құттықтап жылы сөздерімізді жазып махаббаттың қоржынына салып жүрейік.
Ойын-жаттығу
Оқушылардың сабақтан түйген ойларының бекітілуі мақсатында ойын жаттығу ұйымдастырылады.
Қызыл ,жасыл,көгілдір түстерге жазылған мәнін өсу ретімен қоя отырып, жасырылған сөзді табу.
-
Қызыл түс: Айна/ла/йын құ/лы/ным,
-
Жасыл түс: Қол/ғана/тым, тіре/гім.
-
Көгілір түс: Ба/қыт/ты бол
-
Әрбір сөздің мағынасын аша отырып,қай кезде айтылатыны туралы пікірлесу.
Жақсы сөз ,жылы тілек әр адамның көңілін көтеріп ,олардың жүрегіне жылу береді,көңіліне құаныш сыйлайды. Жылы сөздерді бір-біріне жиі айту нәтижесінде өзара сыйластық артады, жақсылық жасауға қамқорлық жасауға құштарлығың артады.
Ал бұл өмірде жылы сөзге ерекше мұқтаж адамдар бар. Олар кімдер деп ойлайсыңдар?
Мүгедек,сырқат адамдарға деген ерекше көзқарас,қарым-қатынас керек екенін түсіндіру.
Тапсырма
Дәптердегі «жақсы сөз» бақшасындағы қырыққабат жапырақтарына өздерің білетін, бүгінгі сабақта үйренген жақсы ,ізгі сөздерді жазып толықтыру
Жүректен жүрекке
Бүгінгі сабағымызды қорытындылау үшін барлығымыз жылы сөздер щеңберін жасайық.
Сонымен бүген біз жылы сөздердің әрбір естіген адамға ерекше әсер етіп, жүрегіне жол табатынына көз жеткіздік. Осы орйда жанындағы жолдасыңа айтар жылы сөздерін ,тілектерің болар, ендеше бастайық.
Бүгінгі бізге келіп отырған қонақтарымызға жылы сөздерімізді сыйлайық.
Жүрегімізден жыққан жылы сөзіміз олардың да жүрегіне жетеді деген оймен жүрекшелерді тарту етейік. Барлықтарыңа да сабаққа белсене қатысып, өз ойларыңмен бөліскендеріңе рахмет.
Достарыңызбен бөлісу: |