Сабақтың тақырыбы : Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»



Дата10.04.2023
өлшемі1.96 Mb.
#472012
түріСабақ
райса апай (2)


«АДАМЗАТ – БҮГІН АДАМ, ЕРТЕҢ ТОПЫРАҚ »
Ш.Құдайбердіұлы


Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»
Мақсаты:Оқушылардың Шәкәрім шығармашылығы бойынша білімдерін кеңейту. «Борыш» ұғымына талдау арқылы жете түсінік беру. Өлеңнің негізгі тақырыбы мен идеясын ашу.
Дамытушылық: Балалардың өз ойын нақты, көркем сөздерді қолданып жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру. Есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік. Нағыз адамға тән міндеттерді дәріптей отырып,
оқушылардың бойына сіңіру. Өз елінің, жерінің қамын ойлайтын ,өз ісіне жауап бере алатын,адал қызмет атқаратын бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Сайыс сабақ.
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: Ойтолғау, салыстыру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: Шәкәрім портреті, хронологиялық карта, ҚР картасы, көрме, техникалық құрал, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих, география, орыс әдебиеті пәндерімен, өмірмен байланыс.
Сабақ барысы:



IIТур “Ұшқыр ойдан ұтымды жауап”
1-топ
1. Абайдың мұражайы қай жерде?
2. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты?
3.Абайдың қанша қара сөзі бар.?
4.Абай шын есімі кім?
5.Абайдың үш поэмасын атаңыз?
6.Абайдың табиғат туралы жазылған өлеңдерін ата?
7.Абай туралы жазылған туындыны ата?
2-топ
1 Шәкәрім Құдайбердіұлы кім болғанын табыңыз?
2 Абайдан кейінгі реалист ақын кім екенін көрсетіңіз?
3 Ш.Құдайбердіұлының мұрасын зерттеген кім?
4 Шәкәрім қай жылдары қажыға сапар жасады?
5 Шәкәрім неше жасынан өлең жаза бастағанын айтыңыз?
6 Ш.Құдайбердіұлы қай жылы дүниеге келгенін табыңыз?
7 Ш.Құдайбердіұлының қандай өлеңдерін білесіңдер?


III тур: Асыл сөздің жалғасын табыңыз
1-топ
Жұмысы жоқтық
Тамағы тоқтық
-------------------------------
Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті
------------------------------
Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп
-------------------------------
Қайратсыз ашу – тұл
Тұрлаусыз ғашық – тұл
-----------------------------------
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек
---------------------------------------
Досы жоқпен сырлас
---------------------------------------
Өмірдің алды – ыстық, арты – суық,
---------------------------------------
2-топ
Өтіріктен тілін тия алмаған адам…….
Сақ адам сандығын……
Бас көзі жұмылады,…….
Бәріне қанағат қыл да,……
Ешкімге ерік қақпасы……
Тәтті сөз айта алмайтын ақын,……
IV.Тур:Абай мен Шәкәрімнің шығармаларын жатқа айту
Көңіл қойп тыңдағандарыңызға рақмеет!

27 Шәкәрім атындағы жалпы орта мектебі


САЙЫС САБАҚ
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мүғалімі: Ахбердиева Райса
Сыныбы: 5-сынып


2022-2023 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет