Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Өздері тұрған өлкеге, табиғат аясына саяхат жасап,табиғат көріністерін,құбылыстарын сипаттап жазу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: С. Мұқанов
«Саятшы Ораз»
Сабақтың мақсаты:
а) әңгімені оқыта отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;
ә) оқушыларды табиғатты сүюге, қоршаған ортаны бағалай білуге баулу, эстетикалық талғамдарын арттыру;
б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, суреттер т.б
Пәнаралық байланыс: тарих,география
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
«Менің мектептерім», «Өмір мектебі» романдары жазушының өз өмірін, қоғамдақ өзгерістер кезеңіндегі өсу жолдарын көрсетеді.
«Саятшы Ораз» әңгімесін оқып, мазмұнын айтып беремін.
Кітаппен жұмыс: Әңгімеден Ораздың портретін тауып оқып береді.
Шығармашылық жұмыс: Кімнің аңшылық туралы өлеңдерін немесе әңгімелерін білесіңдер? Абай Құнанбаевтың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінде не туралы айтылатындығын әңгімелейді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Қазақтың құсбегілері қандай құстарды ұстап баптайтын?
Оларды қандай аңдарға салатыны жайында не білесіңдер?
Бұл шығармадан қандай-қандай суреттеулерді байқадыңдар?
Саятшы Ораздың аңшылығымен қоса адамгершілігі қалай бейнеленген?
Достарыңызбен бөлісу: |