тәрбиелік – адам өміріне жарап жатқан өзеннің пайдасын білуге,оны қорғауға баулу,қоршаған ортаны тануға,ойын еркін жеткізе алатын қолайлы орта туғызу.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдіс-тәсілі : сұрақ-жауап,түсіндіру,салыстыра баяндау,ой қозғау,талдау, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың пәнаралық байланысы: қазақ тілі,тарих,география,музыка.
Сабақтың көрнекілігі: ақын суреті,шығармаларынан көрме,Қазақстан картасы,талдау-салыстыру сызбасы,электронды оқулық т.б.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру: а) сәлемдесу,түгендеу; ә) сабаққа даярлығын қадағалау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау,бекіту.
Қане,балалар өткен сабағымызда қай ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстық? (Поэмадан үзіндіні жатқа айтады)
Балалар,поэма неге «Ақын өлімі туралы аңыз» деп аталады? Поэмадағы ақын кім? Поэманың тақырыбы не жайында? Поэма оқиғасы қай кезеңді суреттейді? Кімнің ерлігі суреттелген? Ол қай жылы туылған? Ал Қасым қандай ақын? Ол өзіне қандай баға берді?
Қорытындылау мақсатында Қ.Бұғыбаеваның «Қасыммен сырласу» атты өлеңін оқып қорытамын.Сонымен, балалар, Т.Ахтанов айтқандай «Ақынның адал,шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ,тамаша өлеңдерінде жүр» екен.Осы пікірдің бәрі ақынның «Өзім туралы» өлеңімен мағыналас,астарлас екендігіне көз жеткіздік.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қасиетті қазақтың кең даласы талай ғұламаларды,жезтаңдай әншілерді,құдіретті күйшілерді,данышпан,ақылгөй билерді,ақиық ақындарды,Отанын сүйген батырларды дүниеге әкелді.Солардың бірі бүгінгі тақырыбымызға өзек болған Әбділдә Тәжібаев ағамыздың өміріне, «Сырдария» атты өлеңіне тоқталамыз.
1.Сабақтың мақсатын айту. Сабақтың жоспары интерактивті тақтадан көрсетіледі.
1) Өлеңді үнтаспадан тыңдау 2) Сөздікті жұмыс 3) Салыстыру,талдау
4) топпен жұмыс 5) Шығармашылық жұмыс.
2.Электронды оқулықпен жұмыс.
Әбділдә Тәжібаев туралы мәлімет, «Сырдария» өлеңі мәнерлеп оқылады.
Балалар,өлең ұнады ма,не жайында екен? Картадан «Сырдария өзенін көрсетіп,өзен туралы қысқаша мәлімет беремін.
3.Кітаппен жұмыс (сөздікпен жұмыс).
Экранға сөздік жазылған (дәптеріне жазып алады).
1.Гейне – неміс ақыны 2. Рейн – Германиядағы өзен 3. Тарас – украин
4.Днепр – Украинадағы өзен 5. Пушкин – орыс ақыны 6. Еділ (Влога) - өзен
- Қане, балалар, өлеңді мәнерлеп өзіміз оқып жіберелік.
1) Өлең тақырыбы не жайында? 2) Ақын еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін қалай білдірді? 3) Оны қай жолдардан байқауға болады? 4) «Ел анасы – менің анам» деген жолдардың мағынасын қалай түсінесіңдер? 5) Анаға ұқсас ұғымды қалай,не арқылы білдіреді? 6) Лирика деген не? 7) Бұл өлең лириканың қай түріне жатады? 8. Параллелизм деген не?
(Алгебрамен байланыстыру)
4.Салыстыру,талдау.
Тірек сөздер арқылы
Достарыңызбен бөлісу: |