Пән мұғалімі: Әбдиева Сандуғаш
Қолдасқызы
|
Пәні: Информатика
|
Сыныбы: 5
|
Күні:
|
Сабақтың тақырыбы
|
§13. Ақпаратты іздеу, жазу және оқу
|
Жалпы мақсаттары
|
Оқушыларға нысандарды іздеу, ақпаратты жазу және ақпаратты оқу ережелерімен таныстыру, практика жүзінде қолдана білуге үйрету.
|
Сабақтың типі
|
Жаңа тақырыпты меңгерту
|
Сабақтың әдісі
|
Топтық жұмыс, пікірталас
|
Оқыту нәтижесі
| -
Ақпаратты іздеуді, ақпараттарды көшірмелеуді, орнын ауыстыруды және жоюды, алмасу буферімен жұмыс жасауды білетін болады.
-
Топта пікірлесуге, сыни тұрғыдан ойлай білуге, пікірін айта білуге, интерактивті тақтамен жұмыс жасай білуге, жұппен жұмыс жасай білуге, өзін-өзі бағалауға, өзгені тыңдай білуге үйренеді.
|
Білу
|
Ақпаратты іздеу, жазу және оқу туралы түсінігі кеңейеді. Практикада еркін орындауына мүмкіндік туады. (барлығы);
|
Түсіну
|
Ақпарат іздеудің, жазудың, оқудың белгілі бір жүйе екенін ұғады және оның маңыздылығына мән беру керек екенін біледі.(барлығы);
|
Қолдану
|
Оқушылар компьютерде нысанды бумадан жылдам іздеуді, кеңейтілген іздеуді, ақпаратты жазудың негізгі құрылымдарын біліп, қолданады. (көпшілігі);
|
Талдау
|
Оқушылар ақпарат іздеудің, жазудың, оқудың үш бөлек екенін біліп, олардың түрлерін ажырата білетін болады. (көпшілігі);
|
Жинақтау:
|
Берілген тапсырмаларды компьютерде орындап көруге құмартады және осы жүйемен жүруге тырысады. (кейбіреуі)
|
Бағалау:
|
Өзгенің еңбегін бағалауға үйренеді.(кейбіреуі)
|
Сілтеме
|
«Информатикадан оқыту әдістемесі», 5 сынып оқулығы, тест, жұмыс дәптері
|
Ресурстар
|
Оқулық, интерактивті тақта, слайд, маркер, тест, электрондық оқулық.
|
Мұғалімнің жазбасы
|
Уақыты
|
Жұмыстың мазмұны
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ұйым-дастыру
3 мин
|
1. Сәлемдесу
2. Жұмыс парағын тарату, толтыру
3.Бағалау түрін анықтау
4.Сабақ барысымен таныстыру
|
Сабақтың барысын түсіндіру
Бағалау түрін, шарттарын түсіндіру, бағалау парағын тарату
|
Кестені толтырады.
Топ бақылаушысын сайлайды.
Бақылаушы өз топ мү-шелерінің ұпайларын бағалау парағына түсіріп отырады.
|
Үй тапсыр- масы
5 мин
|
§12. Нысандармен жұмыс істеу
-
Нысандарды көшіру/жылжыту
-
Алмасу буфері
-
Нысандарды жою және қалпына келтіру
Тест тапсырмалары
Жаңа сабақпен байланыстыра отырып, өткен сабақты қорытындылау, жұмыс дәптеріне жауап беру.
|
Оқушыларүй тапсырмаларына жауап беріп болған соң, тест жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру
«Сиқырлы пернелер» ойыны арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу
|
Сұрақтарды тыңдау, шапшаң әрі дұрыс жауап беру.
Белсенділік танытып, ұпай жинау.
Оқушылар бірін- бірі толықтырып отырады.
|
Негізгі кезең
27 мин
|
1 тапсырма.
Компьютерде тәжірибелік жұмыс
А деңгейі (сурет салу)
В деңгейі (жалғасын тап)
С деңгейі (жасалған жұмыстарды бір бумаға салу)
|
Оқушыларға бағыт- бағдар береді, бақылайды.
Компьютерден тапсырманы орындайды.
|
Тапсырмамен оқып, танысады, топта талқылайды, бірін- бірі толықтырады.
Топтар өз түйгендерін ортаға салыпайтады.
|
Қоры-тынды
15 мин
|
Қалың сұрақтар- кеспе түрінде,
Жұқа сұрақтар- кеспе түрінде,
Тест тапрсымалары
|
Сабақ барысында әрбір оқушының деңгейін аңғару,сабақ соңында қосымша сұрақтар беру
Оқушы пікірлерін тыңдау.
|
Қорытынды сұрақтарға жауап береді.
Өзге оқушылыр толықтырып отыруына болады.
Сабақтан алған әсері,
қиындығы, ұтымдылығы жөнінде пікір айтады.
|
Үйге тапсыр- ма
2 мин
|
§13. Ақпаратты іздеу, жазу және оқу
|
Бағалау
3 мин
|
Топта бір бірінің пікірін тыңдау арқылы бағалау, екі жұлдыз, бір ұсыныс
|