Сабақтың басы
3 минут
Өткенге шолу
5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.
«Он сұрақ» әдісі арқылы
1.Жарықтың сынуы деп қандай құбылысты айтады? Ол қалай бақыланады?
2.Жарықтың сыну заңын тұжырымдап, оны қорытып шығарыңдар.
3.Абсолют сыну көрсеткішінің физикалық мағынасы қандай?
4.Салыстырмалы сыну көрсеткішінің мағынасы қандай?
5.Абсолют және салыстармалы сыну көрсеткіші өзара қалай байланысқан?
6.Судың шын және көрінерлік тереңдігі деп нені айтамыз? Неге олар бірдей емес?
7.Толық ішкі шағылу деген не?
8.Жарық жазық пластиналар арқылы өткенде қандай құбылыстар байқалады?
9.Призманың негізгі қасиеттеріне анықтама беріңдер.
10.Жарықтың шағылуы деген қандай құбылыс?
|
Оқушылар үй тапсырмасы бойынша қайталау жасайды.
|
Бағалау парақтарын таратып беру.
ҚБ: дайын жауаптар үлгісі арқылы
|
11 сыныпқа арналған оқулық, интерактивті тақта
|
Сабақтың ортасы
Жеке жұмыс
35 минут
Сабақтың соңы
3 минут
|
№3 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Шынының сыну көрсеткішін жазық параллель пластинаның көмегімен анықтау.
Құралдар мен жабдықтар: жазық параллель шыны пластина, 4 дана ағылшын түйреуіші, өлшеуіш сызғыш, ақ қағаз, шам, аккумлятор батареясы, кілт, жалғағыш сымдар, саңылауы бар экран, транспортир
Жұмыс барысы:
1.Электр шамын кілт арқылы батареяға қосып, тізбек құрыңдар.
2.Шамның алдына саңылауы бар экранды орналастырып, ал оның сыртына ақ қағаз қойыңдар.
3.Кілт арқылы тізбекті қосыңдар да, қағаз бетінде жіңішке жарық жолағын алыңдар.
4.Жарық жолағына кез келген бұрышпен шыны пластинаны қойыңдар (5-сурет)
5.Пластинаның пішінін қағазға сызып, түсетін сәуленің А басы мен В соңын және жарықтың пластинадан Ғ шығу нүктесін белгілеңдер (6-сурет)
6.Тізбекті ағытып, қағаздан шыны пластинаны алыңдар. 7
7.Центрі В нүктесінде, ал радиусы АВ болатын шеңбер сызыңдар (6-сурет). В және Ғ нүктелерін түзумен қосып, оны шеңбермен қиылысу нүктесі С-ға дейін созыңдар. Пластинаға жарықтың В түсу нүктесі арқылы перпендикуляр түзу жүргізіңдер. Оған А және С нүктелерінен АЕ мен СД перпендикулярларын түсіріп, олардың ұзындықтарын өлшеңдер.
8. n=sinα / sin β = АЕ / ДС формуласы бойынша шынының сыну көрсеткішін есептеңдер.
9.Тәжірибені түсу бұрыштарын өзгерте отырып, қайталаңдар және нәтижелерді салыстырыңдар (тәжірибені 3 рет жүргізіңдер).
10.Тәжірибелерді жарық көзінсіз, ағылшын түйреуіштерін пайдаланып жасаңдар, қорытындылаңдар.
Рефлексия. Маған не қиын болды, не қиын болмады
Бағалау. 10 баллдық жүйе бойынша күнделікке бағалау жүргізу
Үй тапсырмасы. Тақырыпты оқу. 3-тапсырма
|
Оқушылар зертханалық жұмысты жеке орындайды. Жұмысты қортындылайды
Оқушылар бүгінгі сабаққа жазбаша кері байланыс береді.
|
ҚБ: бағалау критерийлері бойынша
|
Стикерлер, кесте
|