Сабақтың тақырыбы: §38. Тартылыс құбылыс. Ауырлық күші. Сабақтың мақсаты



Дата16.07.2016
өлшемі33.33 Kb.
#204039
түріСабақ
7а сынып №30 сабақ ______________

Сабақтың тақырыбы: §38.Тартылыс құбылыс. Ауырлық күші.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: оушылардың өз бетімен білім алуына жағдай жасап, таным белсенділігін арттыра отырып, тақырыптың мазмұнын ашу.

  2. Дамытушылық мақсаты: алған білімдерін сапалық сипаттағы есептер мен жауаптар іздестіруге қолдана білу..

  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, имандылыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, жаттығулар орындау.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, электронды оқулық, диномометр, құм салынған қапшық.

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың көңілін сабаққа аудару, құралдарын тексеру.

ІІ. ДК. Жаңа сабаққа дайындық.

  1. Жерге тартылу дегенді қалай түсінесің?

  2. Ауырлық күшін қалай түсінесің?

ІІІ. ДК. Жаңа сабақты түсіндіру.

  1. Бүкіл әлемдік тартылыс құбылысы.

  2. Ауырлық күші.

  3. Жерге тартылу күші.

  4. Аланеталардың тартылуы.

  5. Планеталардың ауырлық күші.

Ауырлық күшi. Горизонталь бағытта лақтырылған дене (28-сурет) бiршама уақыттан кейiн неге жерге түседi? Қолдан шығып кеткен тас (29-сурет) неге төмен құлап түседi? Жоғары секiрген адам шамалы уақыттан кейiн неге қайтандан жерде тұрады? Осы оқиғалардың барлығына сол бiр ғана себеп — Жердiң тартуы.

Жер барлық дененi: адамдарды, ағаштарды, суды, үйлердi, Айды және т.б. өзiне тартады.

Жерге тартылыс күші ауырлық күшi деп аталады. Ауырлық күшi әрқашанда тiк төмен бағытталған. Ол былайша белгiленедi: Fа — ауырлық күшi.

Дене тартылыс әрекетiнен Жерге қарай төмен құлап түскен кезде оған тек Жер ғана емес, сондай-ақ ауа кедергiсi де әрекет етедi. Ауа кедергiсiнiң күшi ауырлық күшiмен салыстырғанда ескерiлмейтiндей аз болған кездегi дененiң құлап түсуiн еркiн түсуi деп атайды. Әр түрлi денелердiң (мысалы, бытыра, қауырсын және т.б.) еркiн түсуiн бақылау үшiн оларды шыны түтiкшеге (Ньютон түтiкшесiне) орналастырады да оның iшiндегi ауасын сорып алады. Егер алғашқыда барлық заттар түтiкшенiң түбiнде тұрса, оны тез төңкергеннен кейiн олар жоғарыдан төмен қарай құлай (30-сурет) бастайды. Олардың түсуiн бақылай отырып, қорғасын бытыра да, жеңiл қауырсын да түтiкшенiң түбiне бiр мезгiлде жететiнiн байқауға болады. Бiрдей уақытта бiрдей жолды өте отырып, бұл денелер түтiкшенiң түбiне бiрдей жылдамдықпен соқтығысады. Мұның осылай болуы, ауырлық күшiнiң мынадай тамаша қасиетке ие болуынан: ол әрбiр секунд сайын еркiн түсетiн кез келген дененiң (оның массасына тәуелсiз) жылдамдығын әрқашанда бiрдей шамаға арттырады. Өлшеу жүргiзу Жер бетiне жақын аралықта кез келген еркiн түсетiн дененiң жылдамдығы әрбiр секунд сайын 9,8 м/сек-қа артатынын көрсетедi. Бұл шаманы g әрпiмен белгiлейдi де дененiң еркiн түсу үдеуi деп атайды.

Еркiн түсу үдеуiн бiле отырып, өзiне жақын тұрған кез келген дененi Жер қандай күшпен тартатынын табуға болады. Денеге әрекет ететiн ауырлық күшiн анықтау үшiн осы дененiң массасын еркiн түсу үдеуiне көбейту керек: Fa = mg.

Осы формуладан g = Fа/m өрнегi алынады. Бiрақ Fа ньютонмен, ал m килограммен өлшенедi. Сондықтан g шамасын ньютон бөлінген килограммен өлшеуге болады:

g = 9,8 Н/кг ≈ 10 Н/кг.

Жерден биiктiк артқан сайын еркiн түсу үдеуi бiртiндеп азая бередi. Мысалы, 297 км биiктiкте ол 9,8 Н/кг емес, 9 Н/кг-ға тең болады екен. Еркiн түсу үдеуiнiң кемуi Жер бетiнен биiктiктiң артуына қарай ауырлық күшiнiң азаятынын бiлдiредi. Дене Жерден неғұрлым қашық тұрса, ол оны солғұрлым әлсiз тартады.



ІV. ДК. Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру.

А) Ауырлық күші денген не?

Б) Планеталардың ауырлық күшінің ерекшелігі неде?



V. ДК. Жаңа сабақты бекіту: Кітаптағы суреттер бойынша әңгімелесу. Сұрақтар қою.

  1. Ауырлық күші мен массаның арасында қандай байланыс бар?

  2. Диномометрді бүлдіріп алмай 4 Н-нан артық болатын күшті өлшеу үшін не істеу керек?

VI. ДК. Үй тапсырмасын тексеру. Өзін -өзі тексеру сұрақтарын ауызша сұрау.

  1. 14-жаттығудың №3,4 есептерінің шығарылуын тексеру.

VII.ДК. Оқушылар білімін жан-жақты тексеру.

А). Есеп шығару. Тақтаға екі оқушы шығады. Басқа оқушылар дәптерлерін ашып жазады.

15 жаттығудың №1,2 есебін тақтаға шығару.

№1. Денеге әсер ететін ауырлық күші 10 кН. Ол дененің массасы қандай?

№2. Орта ендікте денеге әрекет еттін ауырлық күші 196,12 Н. Дененің массасы қандай?

Ә) 13 тапсырманы орындау. Эксперименттік тапсырма ретінде.

Физика кабинетінде әрқайсысының массасы 100 г-0,1 кг болатын жүктер жиынтығы ағаш тақтайшаға бекітілген серіппелер бар. Осы аспапты градуирлеу.



Б) 16-жаттығу №1,2 есебін оқушылар кітаптан қарап отырып, дәптерге жекелей шығарады.

В) 17-жаттығу №1,2,3 есебін тақтаға шығару

VIІI.ДК.Үйге тапсырма. 15-жаттығу№ 3, 4; 16-жаттығу №3; 17-жаттығу №3,4 есептер.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет