3.Қодар мен Қамқаға берілген жаза
Құнанбай үйінде болған жиыннан кейін рубасылар мен елдің игі жақсылары Қарашоқы деген жерге жиналып, Қодар мен Қамқаны сол жерге алдыртады. Қодар жігіттерге кәдімгідей қарсылық танытқан, бірақ көптің аты көп, ақыры оны байлап, Қарашоқыға алып келген. Қамқа діттеген жерге жақындағанда өзіне жабылған жаланы естіп талып қалады. Қодар болса, Құнанбай бастаған топқа қарап «Мен көк ит болсам, сендер көп итсіңдер. Ақ-қарамды тексермедің бе, өңкей қан жұтқан қара бет!»-деп айқайлайды. Бірақ оларға ешкім араша түсе алмайды. Жігіттер сүйреп атасы мен келінін бір атанның екі жағына байлап, дарға асады. Атан қайта шөккеннен кейін Қодар әлі де тірі болғандай еді, оны Құнанбай құздың басынан тастауды бұйырады. Кейін жиындағы адамдарға өлікке тас лақтыруды тапсырады.
Абайдың ауырып қалуы
Қарашоқыға Абай мен Жиренше келеді. Олар жиын туралы аңшылықта жүріп, аяқ асты естіген. Ести сала осы маңға шауып келген. Құнанбайдан араша сұрап, Қодар мен Қамқаны аман алып қалуды ойлаған еді. Бірақ үлгермеді. Абай әкесінің қатыгездігін көріп, ауылына қарай шауып кетеді. Жол бойы ол ересектердің әрекеті туралы ойланып, ұзақ жылайды. Осы оқиғадан кейін Абай ұзақ ауырады. Төсектен тұра алмай жатады. Бұл уақытта ол әжесінен көп жыр-дастан, ертегілер, елде болған түрлі оқиғаларды естиді. Арада бір айдай уақыт өткенде ғана Абай өз-өзіне келе бастайды. Бұл кезде ел жайлауға көшіп келген еді.
Абайдың үйіне келген қонақтар
Бір күні Ұлжанның үйіне Байкөкше деген жыршы мен Барлас деген ақын келеді. Бұл екеуінің әңгімесі мен жырлары Абайға ұнағаны соншалық, олар ауылда бір айдай қонақ боп жатады. Кейін кетер кезінде Абайдың өтініші бойынша Ұлжан екеуіне сыйын беріп, шығарып салады. Қонақтардың арқасында сауыққан Абай шешесіне риза болып, оны қатты құшақтап, алғысын білдіреді.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |