Мұғалімнің аты-жөні:
|
77 МГ. Алтыбаева Жанар Амановна
|
Пән/Сынып:
|
қазақ әдебиеті, 6-сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
2-тоқсан, №11-сабақ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
2-бөлім: Абайды оқы,таңырқа!
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Абай Құнанбайұлы «Отыз бірінші қарасөзі»
|
Оқу мақсаты:
|
Т/Ж4 Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту.
|
Сабақ мақсаты:
|
Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды, жатқа айтады.
|
Бағалау критериі:
|
Абай шығармаларынан орта көлемді үзіндіні мәнерлеп оқиды;
үзіндіні жатқа айтады.
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
|
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Сабақтың мазмұны
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
1 минут
|
Ұйымдастыру
|
Сәлеметсіздер ме,оқушылар!
6-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне қош келдіңіздер!
Ой шақыру.
Қ азақтың бас ақыны, биыл 175
жылдығы тойланды.
Ж ылдың төрт мезгіліне қатысты Кім?
өлең жазған автор.
Ақын ғана емес: қара сөз жазған,
аудармашы, сазгер,философ,ойшыл
|
|
4-слайд
|
3-5 минут
|
Мағынаны тану кезеңі
|
|
|
5-слайд
|
1-3 минут
|
Тапсырмалар
|
Бейнежазба
https://youtu.be/UdlZqiAeZF4
1-тапсырма.
Бейнежазбадан тыңдаған ақпаратты «кинометафора әдісі» бойынша Абайдың бойындағы қасиеттерін өз шығармаларымен дәлелдеп, ұяшықтарды толтырыңыз.
?
Ағартушы
Жазушы
Ақын
Сазгер
Аудармашы
Әнші
|
Бейнежазбаны мұқият тыңдайды.
Дескриптор: Абайдың бойындағы қасиеттерін өз шығармаларымен дәлелдейді; ұяшықтарды толтырады.
|
6-слайд
7-слайд
|
1-3 минут
1-3 минут
1-3 минут
|
Тәжірибе
|
2-тапсырма. Абай шығармаларынан өзіңізге ұнаған үзіндіні жатқа айтыңыз.
Теориялық білім.
Қарасөздер – Абай Құнанбайұлының сыншылдық, ойшылдық және көбіне адамгершілік мәселелеріне арналған өсиет сөздері жазылған прозалық шығармасы.
Абайдың қарасөзінің өзгешелігі бар, ол нақыл әңгіме түрінде алынған. Сюжеті, кейіпкері жоқ, түрлі өмір құбылыстары мен қоғамдық мәселелер жайлы ойтолғау ретінде келеді.
Қазақ тілінде қара шаңырақ деген сөз қасиетті, яғни осы тұрғыдан алғанда, қарасөз – сөздің үлкені, маңыздысы болып есептеледі. Абай Құнанбайұлының қарасөздері – дана сөздер, ақыл сөздер болып бағаланады.
А. Құнанбайұлының « Отыз бірінші қара сөзін» оқып, танысыңыз.
Отыз бірінші қарасөз
Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бірнәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
Сөздік
Кез болу – бір нәрсеге кездесіп қалу, тап келу.
Ғибратләну – үлгі мағынасында айтқаны.
3-тапсырма. «Кестемен жұмыс»
Ақыл мен ғылымды тоздыратын төрт нәрсені атаңдар және оларға түсініктеме беріңдер.
Өзіңді тексер.
|
Дескриптор: Абай шығармаларынан үзіндіні жатқа айтады.
Дескриптор: «Отыз бірінші қара сөзді» мәнерлеп оқиды;
қарасөзбен танысады.
Дескриптор: ақыл мен ғылымды тоздыратын төрт нәрсені атайды; оларға түсініктеме береді.
.
|
8-слайд
8-слайд
9-слайд.
11-слайд
12-слайд
13-слайд
|
2 минут
|
Бекіту
|
Қорытынды тапсырма.
«Бес саусақ» әдісі бойынша А.Құнанбайұлы жайлы сұрақтарға жауап беріңіз.
Өзіңді тексер.
|
Дескриптор: А.Құнанбайұлы жайлы сұрақтарға жауап береді
|
14-слайд
15-слайд
|
1 мин
|
|
Қосымша тапсырма:
А.Құнанбайұлының «Отыз бірінші қарасөзін» мәнерлеп жаттау.
|
Дескриптор: Отыз бірінші қара сөзді мәнерлеп жаттайды
|
18-слайд
|