Сабақтың тақырыбы: Абайла жолда, балақай!



бет4/5
Дата10.09.2024
өлшемі0.82 Mb.
#503558
түріСабақ
1   2   3   4   5
Тәрбие сағаты Жолда жүру ережесі

2. « Үйренейік білейік» (сұраққа жауап беру )
1. Жүргізуші деген кім? (Көлік жүргізуші адам) 
2. Бағдаршам жоқ жерден қалай өтеміз? ( Әуелі сол жаққа, көшенің ортасына келгенде оң жаққа қараймыз.)
3. Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызықты қалай атаймыз?
( Ақжолақша)
4. Автобус тоқтайтын орын. (Аялдама )
Бағдаршам : Балалар ,сендер менің тапсырмамды өте жақсы орындап шықтыңдар .
Ештеңе жоқ алаңдар ,
Өте берер адамдар.
Жол шетінде тұратын ,
Жол белгіге қараңдар .


(осы кезде жол белгілері ортаға шығады )


2-оқушы:Ескерту белгісі
Өзі қызыл,үшбұрыш,ескертуің мен болам
Хабарлайтын бар қауыпты,оң сапарды жолдаған.
Маған қарап жүрер болса жүргізуші,жаяуда,
Жолы болып сәтсіздікке ешқашанда қалмаған.
3-оқушы:Тыйым салу белгісі
Мен бәріне әрқашан тыйым салып тұрамын,
Қауіп болса алда тұрған жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл,өзім шеңбер сызық болып бітемін.
Осы жолы үндемеймін,бар ма тағы сұрағың?
4-оқушы:Көрсеткіш белгісі
Баратын сапардың қашығын,
Үн түнсіз жөн сілтеп,көрсетіп тұрамын.
Күндіз де,түнде от болып жанады
Көкпенен боялған төрт бұрыш шырағым.
5-оқушы: Бағыт беретін белгі
Белгімін көрсетер жылдамдық бағыты,
Ой шұңқыр бұрылыс,қатерді қауіпті.
Барлығын анықтап көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де тез мені таныпты.
Барлығы:
Төрт топтан құралған белгілер туыстай,
Жол сілтеп тұрамыз у-шусыз ұрыспай.
Кіршіксіз зор міндетті атқарып жүрміз біз.
Келіп жүр біздерге,балалар,ұмытпай, 

Көрініс : « Үш көзді дәумен кездесу»
Көшеде арлы берлі жүрген машиналар , ортада бағдаршам .Ортаға жүгіріп бала шығады.
Бала : Қап ,мына көшеден қалай өтіп кетсем екен а ,жолда машиналар көп екен .» тәуекел» көшені кесіп жүгіріп өтіп кетейін .
Бағдаршам : Әй тоқта ! Қайда барасың ?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет