6-фосфоглюконолактон және НАДФН + H+: - Алынған 6-фосфоглюконолактон 6-фосфоглюкон қышқылына дейін гидролизденеді:
- Содан кейін 6-фосфоглюконатдегидрогеназа тотыға декарбоксилденуін катализдейді, бұл рибулоза-5-фосфат (пентоза), НАДФH + H және СО2 түзілуіне әкеледі:
- Осылайша, пентозофосфат жолының тотығу кезеңінде бір глюкоза-6-фосфат молекуласының тотығуы екі НАДФH, бір рибулоза-5-фосфат молекуласының және СО2 молекуласының түзілуіне әкеледі.
- Рибулоза-5-фосфат тотығу реакцияларының субстраты болып табылады, олар осы жолдың соңы болып табылады.
- Пентозофосфат жолының тотықпайтын сатысы тотығу сатысына қарағанда күрделірек. Ол рибулоза-5-фосфаттың рибоза-5-фосфатқа немесе ксилулоза-5-фосфатқа айналуына әкелетін қайтымды реакциялар сериясын қамтиды.
- Төртінші-бесінші реакциялар - рибулозо-5-фосфаттың изомераза ферменттерінің əсерімен рибозо-5-фосфатқа айналуы немесе эпимераза ферментінің əсерінен ксилулоза-5-фосфаттың пайда болуы.
- Осы реакциялар нəтижесінде түзілген D-рибозо-5-фосфат рибонуклеотидтер мен дезоксирибонуклеотидтердің биосинтезіне өте қажет зат болып табылады. Кейбір жасушаларда глюкозаның пентозофосфаттық жолмен ыдырауы осымен аяқталады. Бұл процестің жалпы теңдеуін төмендегідей түрде көрсетуге болады:
- Алтыншы реакция транскетолаза ферментінің қатысында төртінші жəне бесінші реакция өнімдерінің арасында жүреді. Транскетолаза ферментінің кофакторы – тиаминопирофосфат (ТПФ) жəне екі валентті металдардың иондары. Реакция нəтижесінде седогептулозо-7-фосфат жəне глицеральдегид– 3 - фосфат түзіледі.
- Жетінші реакция: тағы да транскетолаза ферментінің жəне тағы да бір ксилулозо-5-фосфат молекуласының қатысуымен жүріп, бұл реакцияның нəтижесінде
Достарыңызбен бөлісу: |