Сабақтың тақырыбы: Алюминий және оның маңызды қосылыстары



Дата21.06.2016
өлшемі45.5 Kb.
#151232
түріСабақ
Анартаева Гулнара Сайдикаримовна

Ибрагим ата атындағы орта мектебінің химия пәні мұғалімі

ОҚО, Сайрам ауданы

Сабақтың тақырыбы: Алюминий және оның маңызды қосылыстары

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік – алюминийдің химиялық қасиеттерін түсіндіру, алюминий оксидтері мен гидроксидтерінің химиялық және екідайлы қасиеттерін қарастыра отырып толық мәліметтер беру.

2. Дамытушылық-оқушылардың іскерлігін өз бетімен ізденуін, ой-өрісін, шығармашылық мүмкіндігін және ғылыми көзқарасын дамыту.

3. Тәрбиелік-оқушыларды пәнге деген қызығушылығын арттыруадамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс тәсілі: Жаңа бағдарламаны пайдалану, топтық жұмыс, АКТ−ден пайдалану.

Құрал жабдықтар: Интерактивті тақта, периодтық жүйе, үлестірме қағаздар,бағалау парақтары.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді.

Оқушыларды тексеру, журналды толтыру.

Әр топтың өз жетекшісі бар.

1.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

1-кезең. Ой қозғау сұрақтары.

1-топ


  1. Гемоглобин құрамынданғы элемент.

  2. Коррозияға бейім метал.

  3. Электрөткіштегі ең жоғары метал.

  4. Химиялық реакцияларда оң ионда айналатын элементтер.

  5. Ең қатты метал.

2-топ

  1. Металдарды жер қойнауында кездесетін қосылыстары қалай аталады.

  2. Темірде-тот болудан қорғайтын метал.

  3. Темір металдардың ішінде, таралуы жағынан қай металдан кейін тұр.

  4. Қай метал 18-ғасырда жауынгер түрінде бейнеленді-темір.

  5. Ең ауыр метал-осмий.

3-топ

  1. Меккедегі темірдің қалқынтүруы неге байланысты-магнит тілігіне.

  2. Коррозия не?

  3. Темірді коррозияға ұшырататын заттар

  4. Өте ертеде сақтар темірді не үшін пайдаланған-қару жасауға.

  5. Ең женіл метал

2-кезең: Жаңа сабақ түсіндіру.

Алюминий және оның маңызды қосылыстары.

”Миға шабуыл”

Қазіргі кезде техникада және тұрмыста кең қолданылатын метал.

Бұл металл он тоғызыншы ғасыр аяғында күмістен 300 есе қымбат болған, Менделеевтің шәкірттері осы металдан жасалған кұрішкені ұстазына сыйға тартқан. Бұл кай металл, оның қосылыстарын екі тілде айтыңыз?

Белсенді металл болғандықтан, алюминий тек қосылыстар түрінде кездеседі.

AI₂O₃•2SiO₂•2H₂O каолинит, ақ балшық.

AI₂O₃-корунд, өте қатты, тұссыз минерал. Егер оның құрамында қоспа болса, ол әр түрлі түсті бағалы тастарға айналады: рубин, сапфир, александрит, брюза.

AI₂O₃•nH₂O-Боксит

Na₂O•Al₂O₃•3SiO₂-альбит

CaO• AI₂O₃•2SiO₂-анортит

Na₃AIF₆-криолит

K₂O•Na₂O• AI₂O₃-нефелин

Өнеркәсіпте асынуы:

2AI₂O₃ HAI+3O₂

2007 жылдан бастап Қазақстанда алюминий алатын Павлодар электролиз зауыты жұмыс істей бастады.

Физикалық қасиеттері:

Алюминий-күміс ақ, жеңіл және жұмсақ металл. Электр және жылуөткізгіштігі өте жоғары.

Химиялық қасиеттері.

Күнделікті өмірде алюминий ыдыста су қайнатып тамақ пісіріп жүргенін көрдіңдер. Сонда алюминий оттекпен және сумен әрекеттеспейтіндей белсенділігі төмен металл болғаны ма?

Белсенділік қатарында ол сутекпен әлдеқайда солға қарай орналасқан, демек ол белсенді металл (күшті тотықсыздандырғыш) болуға тиісті.

Мұндай қайшылық былайша түсіндіріледі. Металдық беті ауадағы оттекпен жанасқанда, лезде тотығын, оксидті қабықшамен қапталады.

4 AI+O₂ 2AI₂O₃

Осының арқасында алюминий жемірілуге өте тұрақты болады.

Егер оксид қабыршақ бұзылса, алюминий оттекпен де, сумен де әрекеттеседі.

2AI+6H₂O 2AI(HO)₃+3H₃↑

3-кезең: Бәрін білгім келеді.

Жаңа тақырып бойынша әр топқа әр түрлі тапсырма беремін.

Алюминийдің химиялық қасиеттері.

Сызба нүсқа бойынша теңдемелер қүрыңдар.



1-топ 2-топ 3-топ HCI NaOH



CuSO₄

HNO₃ HCI

NaOH Fe₂O₃ NaOH HCI



4-кезең Терен ой (жаттығуды орында)

Бер:

m(AI+Cu)-10г 2AI+HCI 2AICI₃+3H₂↑

V(H₂)-6.72л x=5.4г

m(AI)-? m(Cu)=m-m(AI)=10г-5,4г=4,6г

m(Cu)-? m(AI)-5.4г

m(Cu)-4.6г

5-кезең

Білімді тиянақтау



  1. Алюминий қосылыстарда неше валентті?

  2. Алюминий және оның қосылыстары қандай қасиет көрсетеді?

  3. Алюминий құймалары өнеркесіпте қолданылуына қарай нешінші орында?

  4. 1-топ алюминийдің химиялық қасиеттері.

  5. AI₂O₃-нен алынатын жасанды мөлдір кристалдарды ата?

  6. Кезең Оқушыларды білімін бағалау.

Әп топ оқушылары бірін-бірі, бағалайды. Топ жетекшілері бағалау парағын толтырып, мұғалімге өткізеді.

7-кезең. Үйге тапсырма 8,19 ₰ 8,2₰



Әр топқа әр түрлі тапсырма беремін.

  1. Алюминий элементінің биологиялық рөлі.

  2. Қазақстанның маңызды алюминий көндері.

  3. Алюминий және оның құйымаларының қолданылуы.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет