Сабақтың тақырыбы
|
Қамқор немере (1-тоқсан.2-бөлім.)
|
Дағды
|
Тыңдалым және айтылым
|
Оқыту мақсаттары
|
4.2.1.1. берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табужәне сөйлеу барысында қолдану.
4.1.3.1. тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру.
4.1.2.1.бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну.
4.5.1.3. (қосымша мақсат) өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің грамматикалық категорияларын ауызекі және жазба тілде қолдану.
|
Тілдік міндеттер
|
борыш, тірек, мақсат, туысқан, пікір, сыйлы, қамқор болу, алғыс айту
|
Алдыңғы білім
|
Анамның тапсырмасы
|
Сабақтың барысы
|
С.кезең.і
|
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
|
уақыты
|
Қар.қат
|
Оқыту ресурстары
|
Кіріспе
|
Мұғалім оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында интерактивті тақтадан әженің тоқыма тоқып отырған және немересінің әжесіне күлімсірей қарап отырған суреттерін көрсетеді. Оқушыларға сұрақ қояды. Бұл кім? Әже не істеп отыр? Әженің қасындағы кім деп ойлайсыңдар? Сендердің әжелерің бар ма? Немере деген кім? Оқушылар өз білімдеріне сәйкес бұрынғы білімдерін пайдаланып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Мұғалім оқушылардан «Қалай ойлайсыңдар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?»,-деп сұрайды. Мұғалім бүгінгі сабақтың тақырыбын және мақсаттарын айтады. Мұғалім оқушыларға «алғыс айту», «қамқор болу» сөздерінің мағынасын түсіндіру үшін сөздерді берілген сөйлеммен сәйкестендіру тапсырмасын орындатады. Оқушылар оқулықтағы тапсырмаға назар аударып, сөздерді мағынасына қарай сөйлемдермен сәйкестендіреді.
«Жаңа сөз үйренейік» айдарындағы тапсырмада оқушыларға сөздердің мағыналары беріледі, және мысалдар келтіру арқылы түсіндіріледі. Оқушылардың сөздік қорын молайту мақсатында бірнеше сөйлемдер құрастырылып айтылады.
|
мысалдар
|
борыш –міндет
|
Ата-ананы құрметтеу – менің борышым.
Адал азамат болып өсу – менің борышым.
|
тірек – сүйеніш
|
Ағам – менің тірегім. Ол маған үнемі көмек береді.
|
мақсат –жоспарлаған іс
|
Менің мақсатым – сабақты жақсы оқу.
|
пікір - ой
|
Мен бұл пікірмен келіспеймін.
|
|
2 мин
|
Мұғ-Сынып
|
Отбасы мүшелерінің суреттері
|
Негізгі бөлім
|
«Кел, сөйлесейік» айдарындағы тапсырманы орындау үшін оқушылар ортаға шығады. «Пікірлер сызығы» әдісі бойынша оқушылар екіге бөлінеді. 1-ші топтағы оқушылар осы пікрмен келісетіндер, 2-ші топтағы оқушылар осы пікірмен келіспейтіндер. Сыныптың ортасын қызыл түсті ұзындау лента қойылады. Оқушылар лентаның екі жағында тұрулары керек. Оқушылар айтылған пікірмен не үшін келісетінін, себебін үлгіні пайдаланып, мұғалімнің көмегімен айтады. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы, өзін ортада еркін ұстауы, өз пікірін білдіруі дамиды. Оқушылар келісемін/келіспеймін деп себебін түсіндіруге дағдыланады.
Үлгі: Мен бұл пікірмен келісемін, себебі.....
Мен бұл пікірмен келіспеймін, себебі....
1.Туысқандарға үнемі қамқор болу керек.
2.Ата-анаға қамқор болу - әр адамның борышы, міндеті.
3.Нағыз азамат –ата-ананың тірегі, ол отбасын ешқашан ұмытпайды.
4.Ақылды бала алдына мақсат қояды.
5.Бала-ата-анасының тірегі болуы керек.
6. Ата-әжелерге, ата-аналарға ойыннан бос кезде көмектесу керек.
|
5 мин
|
Жеке
|
«Пікірлер сызығы» әдісін өткізуге арналған қызыл түсті лента қиындысы
|
«Тыңда» айдарындағы тапсырманы орындамас бұрын оқушылардың назары оқулықтағы суретке аударылады. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды. Балалар, мәтін не туралы болуы мүмкін? Оқушылар мәтіннің не туралы болатыны туралы болжам жасайды. «Тыңда» тапсырмасы оқушылардың тыңдалым дағдысын дамытуға, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінуге бағытталған. Мұғалім мәтінді екі рет асықпай, мәнерлеп оқиды, оқушылар мұқият тыңдайды.
|
5 мин
|
Мұғалім - сынып
|
оқулық
|
«Оқы және жауап бер» айдарындағы тапсырмада оқушылар тыңдалған мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарға жауап беру арқылы мәтінді қаншалықты түсінгені белгілі болады.
1.Досанның әжесіне не болды?
2.Досан әжесіне қалай қамқор болды?
3.Досанға кім алғыс айтты? Қандай алғыс сөздер айтты?
4.Алғыс сөзге Досан не деп жауап берді?
Саралау тапсырмасы. Білім деңгейі жоғары оқушыларға проблемалық сұрақтар қоюға да болады.
1. «Қамқор болу» дегенді қалай түсінесің?
2.Сен Досанның орнында болсаң, не істер едің?
3.Сен кімдерге қамқор болып жүрсің?
|
3 мин
|
Мұғалім-сынып
|
Сұрақтар жазылған парақшалар
|
|
«Жаттығайық » тапсырмасы оқушылардың айтылым дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушылар көп нүктенің орнына қажетті қосымшаларды қою арқылы тақырыпқа қатысты мәліметтерді қайталайды.
Оқушыларға сөйлемдер беріледі, оқушылар сол сөйлемдерді өзгертіп айтуы керек.Тапсырма оқушылардың қисынды ойлауын, айтылым дағдысын дамытуға бағытталған.
Оқушылар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
|
оқулық
|
Қор. бөлім
|
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға сабақтың басындағы жаңа сөздердің мәндес сөздері беріледі. Оқушылар осы сөздердің мәндерін табулары керек.
Міндет- Жоспарланған іс-
Сүйеніш- Ой-
Қандай алғыс айту сөздерін білесіңдер?
|