Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдардың қасиеті



Дата04.07.2016
өлшемі233 Kb.
#178084
түріСабақ


Пәні: Математика Сыныбы: 4 «А»

Күні: 28.02.2014ж Пән мұғалімі: Темиртаева Қалдыкүл Мейрамбекқызы
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдардың қасиеті

Сабақтың мақсаты: оқушылардың көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері туралы білімін кеңейту, есептеу қабілеті мен дағдысын жетілдіру;өткен тақырып бойынша 63% -ға жеткен оқушылардың білім мен біліктілігін есеп шығару арқылы нақты бекіту.

Сабақта, «оқы да - тоқы» ұстанымын жүзеге асыра отырып, оқушылардың жұмысын ұйымдастыру. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталану.

Міндеті: технологиялық карталардың регламентінің орындалуы.

Күтілетін нәтиже: алға қойылған мақсатқа жету.

Сабақтың түрі: бекіту

Сабақтың көрнекілігі: ОӘЖӘ парағы, жаттықтырғыш парағы

Әдіс - тәсілі: « БжС » технологиясы

Картасы: «Биоинтернет»

Сабақтың барысы:

2 тип. Іс-әрекет амалы мен білімді бекіту бойынша оқу сабағы: мотивация > жетекші білім мен іс-әрекет амалдарын өзектендіру > стандарттық және өзгермелі жағдаяттарда білімді қолдану үлгілерін құру > білімді өз бетінше қолдану > бақылау және өздік бақылау > түзету > түйсіну.



1

Ұйымдастыру кезең. Түйсіну


«Алгоритм» картасынан кейін үйге тапсырма берілсе, оны тексеру. Оқушылардың мотивациясы сынып бір топ ретінде болады: тақырыптар уақыты жылдық жоспар бойынша көрсетіледі. Сыныптық-топ оны максималды қысқа уақыт аралығында жоғары нәтижемен үш карта бойынша өтуі қажет. Мұғалім тақырыптарды оқу барысында үштік карталар бойынша уақытты үнемдеуге және «Қисын», «Көшбасшы», «КТС» карталарында ойнау мүмкіндіктеріне мәлімет береді .

Жұмыстың реті карта бойынша түсіндіріледі.

ООМ бойынша жұмыс барысын жетілдіру.

Сыныпты белсендіру үшін сөз көшбасшыға беріледі.


2

Жетекші білімдері мен іс-әрекет тәсілдерін өзектілендіру


Тақтаға мұғаліммен біргелесіп үздіксіз ОӘЖӘ сызбасы бойынша қатаң түрде жүйені шешетін кем дегенде үш сарапшы шақырылды. Сарапшылар арифметикалық амалдардың қасиеттерін пысықтап түсіндіреді.

Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті – көбейткіштердің орнын ауыстырғанынан көбейтіндінің мәні өзгермейді.



a•b=b•a

Көбейтудің терімділік қасиеті - өрнекте қатар орналасқан ек көбейткішіті әрқашан көбейтіндімен ауыстыруға болады.



(a+b)•c=a•c+b•c
(a•b)•c=a•(b•c)

Көбейтудің үлестірімділік қасиеті


Сыныптағы оқушылар, сарапшылар тарапынан тексерілетін, олардың сөйлеуіне қойылатын талаптарды білуі тиіс


3



1 цикл.

Стандартты және өзгермелі жағдаятта білімді қолдану үлгісін құрау



Сынып үш тапсырма алады ТКШ- АКШ –ЖКШ
ТКШ: 1 нұсқа: 5•(630•4)=

2 нұсқа: 200•(96•5)=

АКШ: 1 нұсқа: 552•2+248•2=

2 нұсқа: 3 600•2+805•2=

ЖКШ: 1 нұсқа: 579•823=

2 нұсқа: 506•908

Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмаларды орындаудың кезеңді тексеріледі. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады.

Жұмыстың аяқталуы 5+30 формуласы бойынша. Сыныпты үш топқа бөлу – Альфа: ТКШ–АКШ-ЖКШ, Бета: АКШ-ТКШ, Гамма: ТКШ тапсырмаларын орындау арқылы жүзеге асырылады.


4

Білімді өз бетінше қолдану


Орындалған жұмыстар бойынша қатемен жұмыс. «Альфа» тобының сарапшылары ООМ толтырады және «Бета» топтарына сыныппен жұмыс жасауына бағыттайды.

Сынып ОӘЖӘ сызбасы негізінде сол тақырып бойынша жұмыс істейді.

5

Бақылау және өздік бақылау


«Бета» тобындағы сынақ тапсырғандары ООМ толтырады және «Гамма» тобына түсіндіруге көшеді немесе оз топтарында жағдаяттар бойынша жұмыс жасайды. Ешбір оқушы жұмыссыз отырмайды, тіпті сарапшылар қасына тақалмаса да өз бетінше ОӘЖӘ сызбасы бойынша айтуға үйренеді.

Жұмыстың аяқталғаны ООМ ұяшықтарының толтырылуы бойынша анықталады. Сынақ тапсырғандар мен сарапшыларды қосқанда 63% кем болмауы тиіс.

6

Түзету

Сынып үш тапсырма алады ТКШ-АКШ-ЖКШ.


ТКШ: 1 нұсқа: 7860•1500*1500•7860

5879•(2•500)*5879•800

2 нұсқа: 4•(2368•5)*2368•(5•5)

689+3689)•150*689•150+3689•150

АКШ: 1 нұсқа: Параллелепипедтің ұзындығы 2см, ені 6 см, биіктігі 7см. Параллелепипедтің көлемін тап.

2 нұсқа: Параллелепипедтің ұзындығы 3см, ені 7 см, биіктігі 9см. Параллелепипедтің көлемін тап

ЖКШ: 1 нұсқа: (Х) теңдеу құру арқылы шығар

Нұргүл бір сан ойлады. Ол санды 12 есе арттырып, шыққан нәтижеге 12 354-ті қосқанда 27 870 шықты. Нұргүл ойлаған санды тап.

2 нұсқа: (Х) теңдеу құру арқылы шығар

Нұржан бір сан ойлады. Ол санды 100 есе арттырғанда, 1 600 бен 24 000-ның қосындысына тең болатын сан шықты. Нұржан қандай сан ойлады.


Жұмыс аяқталғаннан соң оқушыларға «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмаларды орындаудың кезеңді тексеріледі. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады.

Жұмыстың аяқталуы тек «Бета» және «Гамма» топтары үшін 5+30 формуласы бойынша. Сыныпты үш топқа бөлу – Альфа: ТКШ–АКШ-ЖКШ, Бета: АКШ-ТКШ, Гамма: ТКШ тапсырмаларын орындау арқылы жүзеге асырылады.



7


2 цикл. Стандартты және өзгермелі жағдаятта білімді қолдану үлгісін құрау

Орындалған жұмыстар бойынша қатемен жұмыс. «Альфа» тобының срапшылары ООМ толтырады және «Бета» топтарына сыныппен жұмыс жасауына бағыттайды.

Сынып ОӘЖӘ сызбасы негізінде сол тақырып бойынша жұмыс істейді.

8

Білімді өз бетінше қолдану


«Бета» тобындағы сынақ тапсырғандары ООМ толтырады және «Гамма» тобына түсіндіруге көшеді немесе оз топтарында жағдаяттар бойынша жұмыс жасайды. Ешбір оқушы жұмыссыз отырмайды, тіпті сарапшылар қасына тақалмаса да өз бетінше ОӘЖӘ сызбасы бойынша айтуға үйренеді.

Жұмыстың аяқталғаны ООМ ұяшықтарының толтырылуы бойынша анықталады. Сынақ тапсырғандар мен сарапшыларды қосқанда 63% кем болмауы тиіс.

9

Бақылау және өздік бақылау


Сынып үш тапсырма алады ТКШ-АКШ-ЖКШ.

ТКШ: 1 нұсқа: Санды көбейтіндіге бөлу

225:(3•5)

2 нұсқа: Санды көбейтіндіге бөлу

9 120:(5•3)

АКШ: 1 нұсқа: Бос орынды толтыр

:46=3080(35 қалд.)

:34=8050 (12 қалд.)


2 нұсқа: Бос орынды толтыр

:82=4569 (41 қалд.)

:203=4569 (54 қалд.)

ЖКШ: 1 нұсқа: Баған түрінде есептеп дұрыстығын тексер

215 292:132

2 нұсқа: Баған түрінде есептеп дұрыстығын тексер

738 123:123

Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмаларды орындаудың кезеңді тексеріледі. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады. Тексеру регламенті «Алгоритм» картасындағыдай жүргізіледі.



Жұмыстың аяқталуы тек «Бета» және «Гамма» топтары үшін 5+30 формуласы бойынша. Сыныпты үш топқа бөлу – Альфа: ТКШ–АКШ-ЖКШ, Бета: АКШ-ТКШ, Гамма: ТКШ тапсырмаларын

орындау арқылы жүзеге асырылады.


10




Екінші айналымның (цикл) қорытындысы шығарылады. Мұғалім, өткен цикл бойынша жоғары деңгейге жетпеген оқушыларға бастапқыда тағайындалған сарапшыларды

қайта сол оқушылармен жұмыс жасауына бағыттайды. Жауапкершілік және кері байланыс заңдылығы әрекет етуі керек.


11

Түйсіну


Бірінші айналымның (цикл) қорытындысы шығарылады. Мұғалім, өткен цикл бойынша жоғары деңгейге жетпеген оқушыларға бастапқыда тағайындалған сарапшыларды қайта сол оқушылармен жұмыс жасауына бағыттайды. Жауапкершілік және кері байланыс заңдылығы әрекет етуі керек. ООМ – жаңартылады.


Сынып көшбасшысы оқушыларды белсендіріп, әрбір оқушының басқалардан басымдылығы мен кемшіліктерін ескертіп, атап көрсетеді.

12

Түсінік беру


Цикл саны шектелмейді. Мұғалім барлық сынып бойынша және сарапшылардың жұмысын карта бойынша барлық жұмыс барысына бағыт беріп отырады. Оқушылардың түсіндіру және тапсырманы дұрыс шешу біліктерін қатаң түрде тексереді.

Карта бойынша жұмыстың аяқталуы: оқушылардың 63% «Альфа» тобына өтуі міндетті.

13

Бағалау


Бағалау деңгей бойынша жүргізіледі: Альфа – 5 ұпай, Бета – 4 ұпай, Гамма – 3 ұпай. «Биоинтернет» картасы бойынша жұмыстың аяқталуы, «Альфа» тобына өткізуге оқушыларды ұсынған сарапшылардың жұмысы әсерлі болуы үшін сыныптың заң шығарушылары бонустар қояды.

Мұғалім сыныптық-команда мен көшбасшының тырысып күш салуы жұмысының сапасын ескереді.

14

Үй тапсырмасы


«Альфа» тобы ЖКШ 10 тапсырмасынан кем емес орындайды. Алты сарапшы ЖКШ 30 тапсырмасын орындайды. Бұл сарапшылар «Жаттықтырғыш» картасында мұғалімнің көмекшісі болады және де сабақта барлық топтың оқушыларының тапсырмаларының дұрыс орындалуын тексереді. 2. «Бета» тобы АКШ 10 тапсырма және ЖКШ 5 тапсырма орындауы тиіс. 3. «Гамма» тобы ТКШ тапсырмасы 10 кем емес және АКШ 5 тапсырма орындауы тиіс.


Карта бойынша жұмыс барысының аяқталуы мұғалім тағы да тақырыптың аяқталу уақыты мен «Қисын», «Көшбасшы», «КТС» карталары бойынша мәліметтер болжамын береді.

Сабақта сапалы білім беруді басқарудың қосымша тәсілінің бірі орынға отырғызу матрицасы – ООМ.Сабақ басталмас бұрын міндетті түрде тақтаға бормен ООМ сызылады немесе мектептің еркімен қосымша тақта жасалуы мүмкін. Сабақта оқушылардың саны орынға отырғызылуы бойынша көрсетіледі. Әрбір оқушының жеке сайты немесе орынының коды болады.







А

Б




В

Г




Д

Е

Д-3
































































+







2 кесте. «Егер-онда» үш деңгейлі күрделілік тапсырма деңгейін іріктеу сызбасы










Алынған нәтиже




Жоспарланған тапсырма

1

Егер

ТКШ≥ 63%

АКШ≤ 63%

ЖКШ≤ 63%

1-онда

ТКШ

ТКШ

АКШ

2

Егер

ТКШ≥ 63%

АКШ> 63%

ЖКШ≤ 63%

2-онда

АКШ

АКШ

ЖКШ

3

Егер

ТКШ≥ 63%

АКШ> 63%

ЖКШ> 63%

3-онда

АКШ

ЖКШ

ЖКШ

4

Егер

ТКШ≥ 63%

АКШ≤ 63%

ЖКШ> 63%

4-онда

Тапсырмадағы қателік. Тапсырманың күрделілік шектігі талапқа сай келмегенде.

Бұл кестемен жұмыс әрбір кезең соңында жүргізіледі. Жаңа кезең үшін тапсырмаларды таңдау алдыңғы нәтиже бойынша жүзеге асады. Мысалы: Кестенің «Алынған нәтиже» бағанынан таңдаймыз және «онда» сілтемесінен «Жоспарланған тапсырма» деңгейін табамыз. «Алгоритм» картасы бойынша жұмыстың әсерлілігін санауды бастаймыз: - барлық сабақ барысында үш рет – түзету, бақылау, өздік бақылау және түйсіну жүргізіледі; - кері байланыс сызбасы бойынша оқу тапсырмаларының күрделілік деңгейі шектелініп беріледі; - алдыңғы тақырыптарға байланысты білім мен дағды бойынша барлық қарыздары (борышкерлік) анықталады; - мұғалімнің дайындық деңгейі анықталады.



Келесі технологиялық картаға көшеміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет