Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдардың орындалу реті. Жақшалар



бет1/2
Дата15.02.2024
өлшемі58.5 Kb.
#491944
түріСабақ
  1   2
Арифметикалық амалдардың орындалу реті. Жақшалар


Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі


Оқу сабағының жоспары

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдардың орындалу реті. Жақшалар


Модуль /пән атауы: Бастауыш сыныптарда арифметикалық, алгебралық, геометриялық материалдарды, математиканы оқыту әдістемесін қолдану.
Педагог: Жакупова Улжалгас Турапбаевна дайындады
2024 жылғы «08» ақпан
Жалпы мәліметтер
Курс, топ: 3-курс, МБТ 21-9/1.
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгеру сабағы
2. Мақсаты, міндеттері:
Арифметикалық амалдардың орындалу реті. Жақшаларды есеп шығаруда қалай қолдануды үйренеді және есептер шығарады.
3. Күтілетін нәтижелер:

  1. Арифметикалық амалдардың орындалу ретін біледі ;

  2. Жақшаларды есеп шығаруда қолдана алады;

  3. Студент өз ойын еркін түрде жеткізе алады;

  4. Берілген тақырып бойынша есептер шығарады;

4. Қажетті ресурстар:
«Математиканың теориялық негіздері» Ө. Төлегенов
Т.Оспанов, Ш.Құрманалина, С.Құрманалина
Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі
5. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау
б) Жаңа материалды түсіндіру
в) Пысықтау жұмыстары
г) Сабақты бекіту
д) Қорытынды
«Мадақтау» тренингі. Оқушы жұптарымен бір-біріне мадақтау комплименттер айтады.
«Бүгін тіпті құлпырып кетіпсіңғой!», «Сен өте әдепті жансың», «Маған сенімен бір топта жұмыс жасаған ұнайды!»...
- үй тапсырмасын «қатесін тап» ойыны арқылы тексеру

Арифметикалық амалдардың орындалу реті. Жақшалар

Математика программасы бойынша І-ІІІ кластарда балаларды математикалық өрнектерді оқуға және жазуға үйрету; амалдарды орындау тәртібімен таныстыру және есептеулерде оларды пайдалануға үйрету, оқушыларды өрнектерді теңбе-тең түрлендіру мен танстыру жағы қарастырылады.


Балаларда математикалық өрнек жайлы түсінігін қалыптастырғанда сандар арасында қойылған амал таңбасының екі түрлі мағанасы бар екендігін ескеру қажет: ол бір жағынан сандар арасына қойылған амал таңбасының екі түрлі мағанасы бар екендігін ескеру қажет: ол бір жағынан сандар қолданылатын амалды білдіреді (мысалы, 6+4 алтыға төртті қосу); екінші жағынан амал таңбасы өрнекті белгілеу қызметін атқарады (6+4 6 мен 4 сандарының қосындысы).
Төменгі класс оқушыларының өрнек жайындағы түсінігі арифметикалық амалдар туралы ұғыммен тығыз байланыста қалыптасады және оларды жақсы игерулеріне көмектеседі.
Өрнектермен жұмыс әдістемесінде екі кезең қарастырылған. Олардың біріншіснде қарапайым өрнектер (екі санның қосындысы, айырмасы, көбейтіндісі, бөліндісі) туралы ұғым, ал екіншісінде күрделі өрнектер ( көбейтінді мен санның қосындысы, екі бөліндінің айырмасы т.б.) туралы ұғым қалыптастырылады.
Бірінші өрнекпен – екі санның қосындысымен таныстыру І класта 10 көлемінде қосу және азайтуды оқығанда болады.
Жиындармен операциялар орындағанда балалар алдымен қосу мен айырманың нақты мағынасын меңгеріп алады, сондықтан 5+1, 6-2 түріндегі жазуда амалдардың таңбаларын олар «қосу». «азайту» сөздерінің қысқаша белгісі ретінде түсінеді. Бұл есепті ауызша оқығанда айқындалады (беске бірді қосқанда алты болады; алтыдан екіні шегергенде төрт қалады). Алдағы уақытта бұл амалдар туралы түсінік тереңдей түседі. Оқушылар санға бірнеше бірлікті қосқанда, сонша бірлікке артатынын, ал бірнеше бірлікке азайтқанда, сонша бірлікке кемитіні алдағы уақытта біледі. Бұл да жазулардың жаңа формасында айқындалады (4-ті 2-ге арттырса, 6 шығады; 7-ні 2-ге кемітсе, 5 шығады). Содан кейін балалар «плюс», «минус» амалдар таңбаларының аттарын білетін болады және амалдар таңбаларын атай отырып, мысалдарды оқиды (4 қосу 2 алтыға тең болады, 7 азайту 2 беске тең болады).
Компоненттердің және қосу амалы нәтижесінің аттарымен таныса отырып, оқушылар қосудың нәтижесі болып табылатын санды белгілеу үшін «қосынды» деген терминді пайдаланады.
Мына өрнектермен орындалатын жұмыс та шамамен осындай тұрғыда жүргізіледі: екі санның айырмасы (І класс), көбейтіндісі және бөліндісі (ІІ класс ). Алайда енді осы терминдердің әрқайсысы амал нәтижесінің аты ретінде де және өрнектің аты ретінде де бірден енгізіледі. Өрнектерді оқу және жазу, олардың мәнін сәйкес амалдардың көмегімен таба білу қосындыға берілген жаттығу сияқты жаттығуларда көп рет орындау процесінде қалыптасады.
10 көлемінде қосу және азайтуды оқығанда үш және одан да артық сандардан тұратын , амалдардың бірдей немесе әр түрлі таңбаларымен қосылған мына түрдегі өрнектер қосылады: 3+1+1, 4 -1 -1, 2+2+2+2, 7 - 4+2, 6+3 - 7. Осындай өрнектердің мағынасын айқындай отырып, мұғалім оларды қалай оқитындығын көрсетеді ( мысалы, үшке бірді қосу керек және алынған санға тағы бірді қосу керек ). Бұл өрнектердің мәндерін есептеп шығара отырып, оларға тұжырымдама жасамаса да, балалар ісжүзінде жақшасыз берілген өрнектерге амалдар қолдану тәртібін игереді. Бұдан біраз кейін балаларды өрнектерді есептеп шығару процесінде оларды түрлендіруге үйретеді, мысалы: 10-7+5=3+5=8. Мұндай жазулар теңбе-тең түрлендіруге жасалған алғашқы адым болып табылады.
Бірінші класс оқушыларын 10-(6+2), (7-4)+5 т.б. түріндегі өрнектермен таныстыру оларды санды қосындыға қосу, санды қосындыдан шегеру т.б., құрама есептердің шешуін жазу ережесін үйренуге дайындайды, сондай-ақ өрнек ұғымын тареңірек меңгеруге көмектеседі.
Оқушыларды 10+(6-2), (5+3) – 1 түріндегі өрнектермен таныстыру методикасы әр түрлі блады. Оқушыларды үлгісіне қарай отырып, ұқсастық бойынша дайын өрнектерді оқуға және амалдар тәртібін түсіндіре отыры, өрнектердің мәндерін есептеп шығаруды бірден үйретуге болады. Нақты мысалдарды қарастыра отырып, мұнда сандардың қосындысын (айырмасын) қосатынын, не азайтатынын, сондықтан қосындыны (айырманы) жақша ішіне алып, әуелі қосынды (айырма) неге тең екенін есептеп шығарылады, содан кейін ғана осы шыққан санға амал қолданатынын балаларға көрсету керек.

Оқушылар енгізілген ережелерді меңгерулері үшін үйрену жаттығулармен қатар олардың амалдарын орындау тәртібін түсіндіре отырып мысалдарды шығаруды енгізеді. Сондай – ақ амалдардың орындалу тәртібін сақтауда жіберілген қателерді түсіндіруге жаттықтырған тиімді. Мысал, берілген мысалдарынан амалдар тәртібі ережесі бойынша орындалғандарынғана таңдап алу ұсынылады:


20+30:5=10 42+12:6=40 6·5+40:2=50
20+30:5=26 42-12:6=5 6·5+40:2=35
Қатені түсіндіргеннен кейін мынадай тапсырма беруге болады: жақшаны пайдаланып, өрнек берілген мәнге еи болатындай етіп, амалдар тәртібін өзгерту керек. Мысал, келтірілген өрнектердің біріншісінің мәні 10-ға тең болуы үшін оны былай жазу керек: (20+30): 5=10. Оқушыға барлық оқып үйренген ережелерін қолдануға тура келетін жағдайда өрнектің мәнін есептиеп шығаруға жаттығулар жүргізу әсіресе пайдалы. Мысал, тақтаға (дәптерлеріне) 36:6+3·2 өрнегі жазылады. Оқушылар оның мәнін есептеп шығарады. Содан кейін мұғалім (немесе балалар) жақшалардың көмегімен мына өрнектердегі амалдар тәртібін өзгертеді:
36:6+3·2 36:(6+3·2)
36:(6+3) ·2 (36:6+3) ·2
Жақшаларды өрнек бастапқы берілген мәнге ие болатындай етіп қюға арналған кері жаттығу қызықты да әрі қиын болады:
72-24:6+2=66 72-24:6+2=6
72-24:6+2=10 72-24:6+2=69


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет