Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық және геометриялық прогрессияға есептер шығару Сабақтың мақсаты



Дата28.06.2016
өлшемі122.5 Kb.
#162853
түріСабақ
Набиева Заида,

Ә.Науаи атындағы мектеп-гимназиясының математика мұғалімі

ОҚО, Түркістан қаласы

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық және геометриялық прогрессияға

есептер шығару

Сабақтың мақсаты:



  1. Білімділік. Тақырып бойынша теориялық білімдерін бекіту, арифметикалық прогрессия, геометриялық прогрессияның n-мүшесінің формуласы және алғашқы n-мүшесінің қосындысын табуға дағдыландыру.

  2. Дамыту.Оқушылардың танымдық ізденістерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Формуланы дұрыс таңдап жылдам есептеуге дағдылантыру.

  3. Тәрбиелік. Оқушыларды сауаптылыққа, ұстамдылыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулау.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Пікір талас, «миға шабуыл» әдісі.

Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, формулалар кестесі, тест, плакат

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру.

ІІ. Үй жұмысын тексеру, пысықтау.

ІІІ. Сабақтың кезеңдері:


  1. Сұрақ жауап.

  2. Ауызша есептеу.

  3. Білімді нақтылау.

  4. Ақпараттық ізденіс кезеңі.

  5. Шағын тест.

  6. Логик сұрақ.

  7. Рефлекция.

Сұрақ жауап.

  1. Арифметикалық прогрессия дегеніміз не?

  2. n-мүшесінің формуласын ата.

n1+d(n-1))

  1. Геометриялық прогрессия дегеніміз не?

  2. n-мүшесінің формуласын ата.

(bn=b1*qn-1)

  1. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n-мүшесінің формуласын ата.

(

  1. Геометриялық прогрессияның алғашқы n-мүшесініңқосындысынының формуласын ата.

Ауызша есептеу.



  1. 3,13,23,33 d=? (жауабы:d=10)

  2. 6,18,54 q=? (жауабы:q=3)

Білімді нақтылау.

  1. Берілгені:

а1=?, d=? (жауабы: a1=67; d=9)

  1. Берілгені:

а1=? (жауабы: a1=3)

  1. Берілгені:

b1-b5=? (жауабы: b1-b5=240)

  1. Берілгені:

а1=?, d=?, S10=? (жауабы: a1=3; d=2; S10=115)

  1. Берілгені:

b1=?,q=?, S5=? (жауабы: b1=3; q=2; S5=48)

Ақпараттық ізденіс кезеңі.

Әрбір оқушылар қажетті мәліметтерді ғылыми әдебиеттер мен интернет жүйесінен іздеп тауып дайындайды және талдайды.

Шағын тест.Тест.

1. a5=19; a17=5ке тең. Арифметикалық прогрессияның алғашқы отыз бірінші мүшесін табыңыз.

А. 37; В. 25; С. 28; Д. 34; Е. 47

2. Арифметикалық прогрессияның алтыншы мүшесін табыңыз.

18, 15, 12, ...

А. 18; В.15; С.3; Д.-3; Е.1

3. b1=-9 , q=2 геометриялық прогрессияның алғашқы үшінші мүшелерінің қосындысын табыңыз.

А. 63; В. -9; С. 2; Д. -63; Е. 46

4. Берілгені:

b3+b4=36

b2+b3=18

b5=?

А. 24; В. 48; С. 54; Д. 72; Е. 96

Логик сұрақ.

1. Альпинист тау шыңына шығу үшін 1 күнде 800 м жоғарыға көтерілді. Басқа күндерінде алдыңғы күндерге қарағанда 50 м кем көтерілген. Егер таудың биіктігі 4550 м болса, альпинист тау шыңына неше күнде шығады?

Жауабы: 7 күнде.

2. Жұмыс беруші қарамағындағы жұмысшыдан оның жалақысын көтеру туралы пікірін сұрап, екі түрлі ұсыныс айтты.

Бірінші нұсқа: Алғашқыдағы 20000 теңгеге әрбір 12 айдан кейін 1000 теңге қосылады.

Екінші нұсқа: Алғашқыдағы 20000 теңгеге әрбір алты ай сайын 250 теңге қосылады.

Жалақы әрбір алты айда беріледі.

Жұмысшыға қай нұсқа тиімді?

Жауабы: екінші нұсқа.

Рефлекция. Тест.



  1. Жеке басымның жұмысымның нәтижесі деп мен төмендегіні есептеймін.

А. Теорияны түсіндім; В. Есептер шығаруды ұйрендім; С. Өткен тақырыптарды қайталап өттім.

2. Сабақ үстінде есеп шығарғанда өздеріңе не жетіспейді деп ойлайсындар?

А. Білім; В. Уақыт; С. Ынтам болмады; Д. Есептерді жақсы шығардым.

3. Сіздерге сабақ үстіндегі қиыншылықтарды жеңуге кім көмек жасады?

А. Сыныптастар; В. Мұғалім; С. Оқулық; Д. Ешкім.

Сабақты қорытындылау.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру.



306,308,310 есептер.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет