Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессия



Дата25.02.2016
өлшемі41.15 Kb.
#21673
түріСабақ
Алгебра 9-сынып
Аяғанова Қ. Қ, математика пәнінің мұғалімі

СҚО, Есіл ауданындағы Петровка орта мектебі



Тақырып: Сандар тізбегі

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессия

Сабақтың мақсаты: арифметикалық прогрессияның қасиеттерімен таныстырып, тақырыб бойынша оқушылардың білімдерін тиянақтау

Сабақтың міндеттері:

білімділік: білім-білік дағдыларын қалыптастыру

тәрбиелік: ұжымдастыққа, бірізділікке, сыйластыққа тәрбиелеу

дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеті мен дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: білім мен дағдыны жүйелеу

Сабақтың әдісі: жеке, топтық, деңгейлік

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электрондық оқулық, арифметикалық прогрессия бойынша презентация,тапсырмалар жинағы

Сабақ жоспары: І.Ұйымдастыру.

ІІ. Өткенді қайталап, қорытындылау Математикалық диктант

ІІІ. Мақсат қою

ІV Есеп шығару Модуль «Сан тізбектері»,

V. Тестпен жұмыс

VІ Үйге тапсырма.

VІІ. Қорытындылау





Сабақтың кезеңдері


Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Элетрондық оқулықпен жүргізілген жұмыстар

1.

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру.








2.



Өткен тақырыптарды қайталау

Математикалық диктант

1. Сан тізбегі дегеніміз .......

2.Сан тізбегі.............. тәсілдерімен беріледі

3........... сан тізбегін арифметикалық прогрессия деп атаймыз

4.Арифметикалық прогрессияның айырымы деп .............санды айтамыз

5...........арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы болады.


Жазбаша жауап береді


Тақтамен тексереді

Интерактивті тақтада слайд: диктант

Подмодуль «Арифметикалық прогрессия»Түсініктеме

Оқулықпен салыстыру



3.



Мақсат қою


-Балалар, осы тақырып бойынша арифметикалық прогрессияның қасиеттерімен танысып,

есеп шығарып, тақырыптың қиындық туғызған жерлерін қайталаймыз







4

Есеп шығару


  1. Арифметикалық прогрессияның қасиеттерін енгізу

  2. Кітаппен жұмыс

А деңгейі: 169

В деңгейі: 176-177

С деңгейі: 180


  1. Электрондық оқулықпен жұмыс

Тақтада шығарады, дәптерге жазады


Есеп шығару үлгілері 1,2 тапсыр 2,3,6,10



5.



Тестпен жұмыс

Оқушыларды екі топқа бөліп

- Тақтадағы слайдтарда әр топқа арналған тест жұмыстары берілген, соны сабақтың аяғына дейін істеп тапсырасыңдар




Топпен шығарып,

дәптерлеріне жазады








6



Үй тапсырмасын беру

§10, есептер 173,179







7


Қорытындылау

Баға қою







І топқа берілетін тапсырма

1) (Аn)-арифметикалық прогрессия

а1= -3 және d =11, а11 мүшесін есептеңдер

а)100; ә)107; в)103; с)105

2) (Аn)- тізбегі арифметикалық прогрессия

а11 = 15, а3= 20 болғандағы d мен а1 ді есептеңдер

а) 5; 10; ә) 5; 5; в) 5; -10; с) -5; 10

3)Арифметикалық прогрессияның а1 мүшесін табыңдар

а15 = 219, d = 14

а) -23; ә) 24; в) 23; с) -24

4) Арифметикалық прогрессияның а9 мүшесін табыңдар

0,2; 1;


а) 6,6; ә) 5; в) 5,6; с) 6

5) Арифметикалық прогрессияның қасиетін пайдаланып қай мүшесін табуға болады және нешеге тең

а4 = 3; а6= 7

а) 5; ә) 6; в) 4; с) 5,5

6) Арифметикалық прогрессияның алғашқы 10 мүшесінің қосындысын есептеңдер 10; 8;

а) 190; ә) -190; в) 10; с) 1; е) -10


ІІ топқа берілетін тапсырма

1) (Аn)-арифметикалық прогрессия

а1= 0,8 және d =-0,2 ; а11 мүшесін табыңдар

а) 1,2; ә) -1,2; в)1,3; с) 1,5

2) (Аn)- тізбегі арифметикалық прогрессия

а3 = -17; а4= 10,5 болғандағы d мен а1 ді табыңдар

а) 6,5; 4; ә) -27,5;72; в) 27,5; -72; с) -6,5;-4

3) Арифметикалық прогрессияның а1 мүшесін табыңдар

а99=989 ; d = -100

а) 10089; ә) -10089; в) -1089; с) 1089

4) Арифметикалық прогрессияның а9 мүшесін табыңдар

1; -1; ...

а) 15; ә) -15; в) 10; с) -10

5) Арифметикалық прогрессияның қасиетін пайдаланып қай мүшесін табуға болады және нешеге тең

а8= -2 және а9= 12

а)-5; ә) -6; в) 5; с) 6



6) Арифметикалық прогрессияның алғашқы бес мүшесінің қосындысын табыңдар а1= -10; d= 2;

а) -28; ә) -70; в) 70; с) -30; е) 39

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет