Сабақтың тақырыбы: Асқорыту жүйесі. Ферменттер әсері. Оқыту мақсаттары



Дата02.01.2022
өлшемі287.37 Kb.
#453826
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ Асқорыту жүйесі. Ферменттер әсері.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.1E Қоректену



Мектеп: Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні: Асабаева А.К.

Класс: 9

Оқушы саны:




Сабақтың тақырыбы:

Асқорыту жүйесі. Ферменттер әсері.

Оқыту мақсаттары:

9.1.2.1 адамның асқорыту процесін сипаттау.

9.1.2.2 асқорыту процесіндегі органикалық заттар мен тиісті ферменттердің арасында байланысты орнату.



Сабақтың мақсаты

Адамның асқорыту процесіндегі органикалық заттар мен тиісті ферменттердің арасында байланысты орнатуды қалыптастыру.

Бағалау критерийлері

- адамның асқорыту процесін сипаттайды;

- асқорыту процесіндегі органикалық заттар мен тиісті ферменттердің арасында байланысты орнатады.



Тілдік мақсаттар


Жазбаша түрде адамның асқорыту процесін сипаттайды,

асқорыту процесіндегі органикалық заттар мен тиісті ферменттердің арасында байланысты орнатады.



Құндылықтарды

дарыту

Сыйластық, үздіксіз оқу, үштілділік , жауапкершілік.

Пәнаралық байланыстар

Химия – асқорыту процесі

Предварительные знания алдыңғы білімдер


Оқушылар барлық тірі ағзалар үшін қоректену негізгі қасиеттердің бірі табылатынын бұрынғы алған білімдері арқылы біледі (6 класс). Омыртқасыз ағзалардың асқорыту жүйесін , күйіс қайыратын жануарлардың, адамның асқорыту жүйесін біледі. Ферменттердің асқорыту процесіндегі рөлін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Начало урока

5 мин



Ұйымдастыру (сәлемдесу)

Білімді актуализациялау

1. Тапсырма «Терминдерді табыңыз»

Оқушылар кестеден биологиялық терминдерді тауып олардың қандай жүйеге жататынын анықтауы қажет. Өз жауаптарына оқушылар дәлелдер келтіру керек.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушылармен бірлесіп қойылады.



Слайд 1

Слайд 2


Слайд 3

Cабақтың ортасы

5-35 мин



Жаңа материалды игеру

 жаңа материалды игеру үшін проблемалық сұрақтан бастау.


Миға шабуыл: Проблема: адам ағзасында 30 000 ферменттер бар, ондай көп мөлшердегі ферменттердің саны не үшін қажет?

Оқушылар адам ағзасында 30 000 ферменттер неліктен көп екендігін болжайды.

(I) жеке жұмыс. Оқушылар сызбаны толтырады.

Үлгерімі төмен оқушылар үлгерімі жоғары оқушылар көмегі мен ресурстарды ұсыну.

Оқушылар тақырыпты талқылап жұмыс қорытындысын талқылайды, қиындық туғызған сұрақтарды талқылайды.

Білімді меңгерту.

Жаңа тақырыпты меңгеру үшін тапсырмалар орындайды.

Тапсырма 2. Сәйкестендіру тапсырмасы

мүше-процесс-заттар-фермент сызбасы бойынша әңгіме құрастырыңыз.



Тапсырма 3. Тест сұрақтарына жауап беру.

Тапсырма 4. Сөйлемді аяқтау.

Сабақ басында қойылған проблема шешіліп, оқушылар өз ақпараттарымен бөліседі.



Өзін-өзі бағалау.

Слайд № 4

Дидактикалық материал

1 қосымша
2 қосымша

Слайд № 5-7


Дидактикалық материал



Сабақтың соңы

5 мин


Рефлексия: 3 факт Не қиын? Не түсініксіз? Менің ұсынысым

Үйге тапсырма: кестемен жұмыс

Слайд 8

Cлайд 9


Дифференциация, жеке қолдауды қалай жоспарлап отырсыз. Үлгерімі жоғары оқушыларға қандай қолдау жасайсыз?


Бағалау –оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай анықтайсыз?

Денсаулық сақтау мен техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау.




Дифференциация нәтижеге байланысты: тест сұрақтары.

Дифференциация білімді актуалдандыру кезіндегі диалог бойынша.



Өзін-өзі бағалау –бекіту сұрақтарын берген соң.

Биология кабинетіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау.



2 қосымша

Асқорыту жүйесінің бөлімдері

ферменттер

Ферменттің өзіндік қасиеті

Ауыз қуысы

Амилаза мен мальтаза

Көмірсуларға әлсіз сілтілі орта мен 38-40 0С әрекет етеді.

Крахмал -амилаза-мальтоза

Мальтоза-мальтаза-глюкоза


қарын

пепсин

Қышқыл орта мен 38-40 0С ақуыздарға әсер етеді.

Он екі ішек

Қарын асты безінің ферменттері:

1.Трипсин

Химотрипсин

2.амилаза

Мальтаза

Лактаза


3.липаза

Ақуызға әсер етеді

Көмірсуға әсер етеді

Майларға әлсіз сілтілі орта мен 38-40 0С әрекет етеді.


1 қосымша















2 қосымша

Ферменттер құрамында әртүрлі қызмет атқаратын бөліктер бар. Ферменттер (латынша fermentum- ашу немесе enzym, en-ішкі, zyme-ашытқы) тірі ағзада түрлі биохимиялық реакцияларды белсендіруші, биологиялық катализатор.

Ферменттер химиялық табиғаты жағынан ақуыз, протеиндер-ақуыз, ақуызды емес простетикалық топпен байланысқан жоғары молекулалы қосылыс. Алғашқы кристалл фермент уреазаны 1926 ж американдық биохимик Д.Самнер алған.

Фермент молекуласының субстратпен тікелей тиісіп жанасатын бөлігін ферменттің активті орталығы деп аталады;

Активті орталық бүйір радикалында функционалды тобы бар амин қышқылдарының қалдықтарынан түзіледі. Күрделі ферменттерде активті орталыққа металл иондары мен коферменттер де кіреді.

Реакцияласуға қабілетті топтары бар амин қышқылдары:

цистеин,құрамында сульфгидрлік тобы –SH бар;

серин, гидроксильдік -OH тобы бар;

гистидин, имидазол сақинасы бар;

аспарагин мен глутамин қышқылдары құрамында екінші карбоксильдік -COOH топ бар;

триптофан, құрамында индол сақинасы;

гидрофобты амин қышқылдары, олардың құрамында субстраттың полярсыз учаскесіне жақын гидрофобты (полярсыз) бүйір топтар болады.



Активті орталық кеңістік пішінді, ол ферменттің полипептидтік тізбегінде бірінен-бірі қашық орналасқан жеке амин қышқылдарының өзара жақындасуынан пайда болады.
Аллостерлік орталық



“Аллостерия” (грек. Allo - басқа, stereos - орын) деген термин “басқа жермен байланысты” не “басқа орталықпен байланысты” деген мағынаны береді.

Екі немесе одан да көп суббөліктен тұратын ферменттердегі өзінің катализдік орталығынан тыс, молекула бетінде қосымша байланыстырушы бөлігі аллостерлік орталық болады. Мұндай ферменттер аллостерлік ферменттер деп аталады.

Ферменттердің аллостерлік эффекторлары: субстраттар немесе реакция өнімдері, нуклеотидтер (АМФ,АТФ), амин қышқылдары, металл иондары, сутегі иондары.

Ферменттердің ақуыздық қасиеті:

ақуыз тәрізді кристалдануы;

нейтралды тұздардың қанық ерітіндісімен әсер еткенде тұнбаға түсуі;

түрлі факторлармен әсер еткенде денатурациялануы;

диализдену;

ақуыздарға тән сапалық реакциялар (биурет реакциясы) тән.

Ақуыздан ерекшелігі:

биохимиялық реакцияларды жылдамдатуы.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет