Дене шынықтыру сабағы 5 сынып
№1 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі. Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын оқу. Төменгі сөреден жүгіруді үйрету
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
5.3.4.1. денсаулықты нығайту жаттығулары барысында қауіпсіздік мәселелері бойынша хабардар болу.
Қауіпсіздік ережесі
Білімдеріңізді кеңейту мақсатында жеңіл атлетика туралы қысқаша мәлімет.
Барлық жаттығуларды орындау барысында қауіпсіздік ережелерін сақта!
Жүру жаттығулары :
Бөлме ішінде әрі-бері жүру арқылы орындау
( барлық жаттығуларды 3-4 рет қайталау) (майтабандылықты алдын алу жаттығулары)
1.Қолды жоғары созып , аяқтың ұшымен жүру.( жоғары қарай созылу)
2.Қол желкеде , өкшемен жүру. ( басты тік ұстау,шынтақты бүкпеу.)
3. Қолды жаңға созып, аяқтың сыртымен жүру. (қол иық молшерінде, басты тік ұстау)
5. Қолды белге қойып, аяқтың ішкі жағымен жүру.(денені тік ұстау)
6. Спорттық тәсілімен жүру
7. Орыныда тұрып қадам бас . ( тізені жоғары көтеруге тырыс)
Бой қыздыру жаттығулары:
Жалпы дамыту жаттығулары:
Барлық жаттығуларды сурет немесе осы сілтем https://www.youtube.com/watch?v=1kOrB7N9Ko4
арқылы орындаймыз
Барлық жаттығуларды орындау барысында қауіпсіздік ережелерін сақта!
Төменгі сөреден жүгіруді үйрету
Барлық жаттығуларды сурет немесе осы сілтем https://www.youtube.com/watch?v=hIvbVFKtc4M арқылы орында
Төменгі сөреден жүгіру техникасы:
Дайын сөре қалыбының тұрақты бұрышы шамасы 45° ал, артқы тірегіштің бұрышы 80° дейін өзгертуге болады.
- Сөреге! деген команда естілген бетте екі қолдың ұшын жерге тигізіп, екі иық сөре сызығының үстіне немесе сәл алға шыққан қалыпта бір тізерлеп отырады.
- Дайындал! деген команда берілгенде жүгіруші артқы тізе мен денені сәл көтеріп, ауыз арқылы тез әрі терең тыныс алады.
- Жүгір! (Марш) деген бұйрық берілгенде жүгіруші қолын жерден көтере алға қарай бар пәрменімен ұмтылады.
- Мәре кермесіне жақындағанда шамамен 1м қалғанда жүгіруші денесін алға еңкейтіп шапшаңдықты бәсеңдетпестен мәре сызығын жүгіріп өткені жөн.
Тапсырманы орында https://wordwall.net/play/3622/428/476
Үйге тапсырма: төменгі сөреден шығу жаттығуларын қайталау.
Майтабандылықтың алдын алуға арналған жаттығуларды орында
Сілтеме арқылы https://www.youtube.com/watch?v=vqEg8If19fc
Достарыңызбен бөлісу: |