Сабақтың тақырыбы: Ауыр металдармен қоршаған ортаның ластануы



бет1/4
Дата12.11.2022
өлшемі303.71 Kb.
#464665
түріСабақ
  1   2   3   4
қмж маржан


Бакижанова Маржан
Өскемен қаласы, Педагогикалық шеберлік орталығы



Қысқа мерзімді жоспар

Білім беру ұйымының атауы

Ақжолов атындағы негізгі мектеп КММ

Пәні:

Химия

Бөлім:

9.3 С Адам ағзасындағы химиялық элементтер

Педагогтың аты-жөні:

Бакижанова Маржан Калимовна

Күні:

11.11.2022

Сынып:

Қатысушылар саны:6

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ауыр металдармен қоршаған ортаның ластануы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

9.5.1.5 қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін атау және олардың ағзаларға әсерін түсіндіру

Сабақтың мақсаты/бағалау критерий:

-қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін анықтайды;
-ауыр металдардың тірі ағзаларға әсерін сипаттайды;

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну.

Алдыңғы білім:

7.4.2.5-табиғи ресурстарды өндірудің қоршаған ортаға әсерін зерделеу

ЕББҚ

1 оқушы орыс тілді оқушы.Отбасында әкесі орыс ұлтынан, анасы қазақ.

Химия 9 сынып
Сабақ барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыт)

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
3 минут
3 минут

Сабақтың ортасы

8 минут
10 минут

3 минут

5 минут



Сабақтың соңы
10 минут

3 минут


Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін «Мадақтау» стратегиясы арқылы оқушыларға ынтымақтастық орнатамын.
«Асығың алшысынан болсын» Са және Мg
элементтері жазылған асықтарды дорбадан алып, сол элементтердің адам үшін маңызын айта отырып, екі топқа бірігеді.


2. Үй тапсырмасын тексеру
Адасқан элементтердің жұбын табыңыз.



Жүйке жасушаларын қалыпқа келтіреді.

Сүйек ұлпасының құрамына кіреді
Ca С P Fe Mg

Қанның қызыл жасушасының құрамына кіреді.

Барлық органикалық заттардың құрамына кіреді



Адам қаңқасын құрайды зат алмасуға қатысады.



Жаңа сабақ
«Ой қозғау» әдісі
Мұғалім «Ауыр металдармен қоршаған ортаның ластауы» тақырыбында бейнежазба көрсетеді.
1-тапсырма
Бейнежазбадан алған білімдерін пайдалана отырып және қосымшада берілген «Ауыр металдардың қоршаған ортаға әсері» тақырыбындағы мәтінді оқып, ауыр металдарды анықтап, ластану жолдарын тауып, олардың қауіптілігін және проблеманы шешу жолдарын «Төрт сөйлем» әдісі арқылы өз ойларыңды түсіндіріңдер.



  1. Пікір.

  2. Мысал.

  3. Дәлел.

  4. Қорытынды.



2-тапсырма
Қоршаған ортаны ауыр металдармен ластаушы көздерін атаңыз.
3-тапсырма
2. Мәтіннен ауыр металдарды тауып, тірі ағзаларға зиянды әсерін жазыңыз.

Ауыр металдар

Тірі ағзаларға зиянды әсерлері

Сынап

Мишық пен ми қыртысын бұзады, ағзаға 350 мг түссе адамды өлімге душар етеді.

Қорғасын

Сүйектегі кальцийді алмастыруға бейім, ұзақ уақыт бойы улану көзі болып табылады.

Кадмий

Қан аздыққа, сүйектің бұзылуына, бауыр мен бүйректің фосфорлы қышқыл айналымын бұзады

Мырыш

Эпителий ұлпаларында бұзылыстар, эритроциттер санының азаюына әкеледі.

4-тапсырма
Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қандай металдар ауыр металдарға жатады?
2. Ауыр металдардың қауіптілігі неде?
3. Ауыр металдардың адам ағзасына түсу жолдарын атаңыз?
4. Сынаптың қауіптілігі неде?Үйде градусникті сындырып алған жағдайда қандай шаралар қолдану қажет?
5. Қорғасын неліктен жол бойындағы өсімдіктерде жиналады?
6. Қоршаған ортаны ластанудан қорғау туралы қандай ұсыныстар айтасыңдар?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет